Жұмысшы мамандықтар жылы: Болашақтың кәсіби таңдауы.
Кадиров Шынгыс Уалиханович
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
№19 колледж
Арнайы пән оқытушысы
Қазіргі қоғамда техникалық және кәсіптік білімнің маңызы артып келеді. Қазақстанда 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім еліміздің экономикасын дамытуда еңбек адамдарының рөлін күшейтуге, олардың мәртебесін арттыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе.
Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты — еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан — жағына бағыт — бағдармен қарайтын, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік — саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, индустриалды — инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай білікті, өз ісінің шебері, кең ауқымды, жан — жақты дамыған, өзінің әлеуметтік — экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол кəсіби маман дайындау.
Жұмысшы мамандықтарының маңызы:
Жұмысшы мамандықтары – кез келген елдің экономикалық негізі. Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, электриктер, механиктер, агрономдар және басқа да техникалық мамандар – елдің өндірістік қуатын қалыптастыратын негізгі күш. Олардың еңбегі арқылы инфрақұрылым дамып, өнеркәсіп өсіп, ауыл шаруашылығы ілгерілейді.
Қазіргі таңда технологияның дамуына байланысты жұмысшы мамандықтары жаңаша сипат алуда. Цифрлық өндіріс, автоматтандырылған жүйелер мен робототехника жаңа мамандықтарды қалыптастырып, еңбек нарығына жаңа талаптар қоюда.
Қолдау шаралары және бастамалар:
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мемлекет бірқатар маңызды бастамаларды қолға алуда:
Кәсіптік білім беру жүйесін дамыту – колледждер мен кәсіптік оқу орындары жаңа стандарттар бойынша жаңартылады, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Дуальді оқыту жүйесін жетілдіру – студенттер теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастыра отырып, нақты кәсіпорындарда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды.
Жалақыны және әлеуметтік кепілдіктерді арттыру – жұмысшы мамандық иелерінің еңбекақысын көтеру, олар үшін әлеуметтік пакеттерді жақсарту көзделуде.
Кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламалары – қайта даярлау курстары мен оқыту бағдарламалары арқылы жұмысшылардың дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беріледі.
Жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту:
Жастар арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру – басты міндеттердің бірі. Ол үшін:
Кәсіптік білімнің беделін көтеру;
Жұмысшы мамандықтарының болашағы мен табыстылығын насихаттау;
Өндірістік практика мен еңбек нарығына тез бейімделу мүмкіндіктерін кеңейту қажет.
Біз қоғамда жұмысшы мамандығын даярлауда еңбекқор нағыз мамандарды даярлап жатырмыз. Осындай өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – еңбек адамының қоғамдағы маңызын көрсетуге және еліміздегі өндірістік саланы дамытуға жасалған маңызды қадам. Бұл бастама арқылы жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашылып, ел экономикасы білікті жұмысшылармен толықпақ. Сондықтан, еңбекқорлық пен кәсіби дағдыны дамыту – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі болмақ.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Өмірден өз орныңды табу үшін мамандықты дұрыс таңдай білудің маңызы зор» — дегендей мамандығын дұрыс таңдап, өмірден адаспай жолын тапқан болашақ жастар ел дамуына керемет үлес қосатыны баршаға аян. Мамандық таңдау — өзің айналысқан жұмысты таңдау ғана емес,өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Өйткені мамандығың — сенің өмірің, еліміздің ертеңі.