Жалпы қазақстандық патриотизм негіздерін оқушылар бойында тәрбиелеу

Ажибеков Еркинбек Халыкович
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
«№28 Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

АӘ ж/е ТД пәнін оқытушы-ұйымдастырушысы

Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамның бірегей кодын және мемлекеттілікке құрметпен қарауды, азаматтық пен жауапкершілікті, қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын, отбасындағы өзара көмекті, интернационалдық сананы қалыптастыруды тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан оз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, коргау осы қогамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмак.

Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен сол аймаққа тон дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.

Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.

Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынан қарау керек. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жогары озаматтық сезімін қалыптастыруга багытталатын мақсатты ұйымдастырылгэн және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады. Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары элеуметтік белсенділігін көрсететін және калыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады. Патриоттық тәрбиеде қолданылатын іс-әрекет түрлері тәрбие процесінің нақты мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс, ойын, еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға болады. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, гимараттарда да, экономикалық жағдайда да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Біздің балаларымыз білімі жогары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардын иесі болады. Әрине, «Келешектін иесі жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді». Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Жаңа білімнің тізгінін ұстайтын еркін елдің ертенгі шығармашылық кеменгерлерін тәрбиелеу бесіктен, ұдайы үздіксіз даму барысында гана калыптасатыны белгілі. Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, акыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді. Грек галымы Платон «Ұлды тәрбиелеп

отырып, жер несін тәрбиелейміз» деп тегін айтпаган. Бала бойындағы төрбиенің бастауын ата-ана қалыптастырса, мектептегі тәрбие көзін жеткізуші, әрине, тәрбиешісі мұғалім болып табылады. Ұрпаққа беріліп жаткан адамгершілік дене, экономикалық, экологиялық, ақыл-ой тәрбиесімен катар ұлттық патриоттық тәрбие ерекше орын алады.

Әрбір сабақ барысында баланың бойында ұлттық ар-намысын оятатындай ой тастап отыру кажет. Мысалы бастауыш сыныптарда Ана тілі пәніндегі «Біздің тілегіміз достык», «Менің алыстагы достарым», тарауларымен танысқанда өз Отанын, өз ұлтын баска елдерге, әлемге таныстыру келешек ұрпақтың әлемді тануы, өздерінің қолында екендігім ұғындырып отыру керек. Ұлттық патриотизмді калыптастыруды мұғалім оқушыдан бұрын өз бойында калыптастыруы қажет. Окушыларға тәрбие бере отырып мұғалім өзінің бойындағы тәрбиелік қасиетін, өзінің адамгершілігін, өзінің Отан сүйгіштігін айналасындағы өзін қоршаған ортаға көрсететіндігін білуі тиіс.

Мысалы, бала бойында ұлттық рухты дамытудың жолы отан қорғаушыларымен кездесу өткізуі болып табылады. Ардагерлермен кездесу кезінде балалар ерлік оқиғаларды басынан өткізгендіктен олардың әңгімесінен шынайы ерліктің ізін көре алады.

Сонымен қатар, патриоттық тақырыптағы мерекелер мен даталы күндерді атап өту, мерекелік салтанаттарга катысу болып табылады. Әрине, мерекелік салтанаттың тарихымен таныстырып өткізу міндетті түрде жүргізілуі керек. Бұлардан басқа ұлттық рухты котеретін диафильмдер, суреттер, көркемфильмдердің де ролі айтарлықтай болып табылады. Осы тұрғыдан балалармен жүргізілген патриоттық тәрбиелік шараның мәні жоғары болып табылады. «Тәуелсіздік туын тіккен күн», «Отан қорғаушылар күні» тақырыптарындағы ертеңгіліктер, кездесулер кезінде оқушылар шекара қызметкерлерімен танысып, олардың әңгімелерін тындап, отанды қорғаудың өзі ерліктің кішкене де болса лебі сезілген қызмет екендігі ұғынады.

«Патриотизм дегеніміз (грек. patriotes отандас, patrio- отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындагы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін ана тілің елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сякты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», деп атап көрсетеді. «Патриотизм Отанга (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемшлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет дегем ұғымды, жеке адаммен яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді»

Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында керініс беретін, балаларының Отан анага деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принципі. «Отан отбасынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі Отан мен ел мүддесі. Әрбір бала бір гана отбасының ғана емес, күллі қоғамнын келешегі, коктемі, бүршік атар гүлі екені жадымыздан эсте шықпағаны абзал. Бір сәт «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан-ақ көңіл болу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес. «Дала Демосфендері» деп аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің «Біз қазақ» және Ж.Молдагалиевтің «Мен казакпын» атты жырлары арқылы күрмеуі көп киын заманда ел тағдырын жырлап өткен кос тұлғаның жыр шумақтары бүтінгі ұрпақты өз жерін елін сүюге баулиды. Қазақ елін сыртқы жаудан аман сақтап қалу үшін жанын аямай күрескен, халқымызға бағыт- бағдар беріп отырған Қазыбек бидін:Біз қазақ мал баккан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жаткан елміз, деп қазақ елінің ешкімге барып соқтықпаганы, «Жаным – арымның садағасы» деп адамгершілік рухты биік ұстағанын жырласа, ал, ХХ ғасырдың ор ақыны Ж.Молдағалиев:

Мен қазақпын мың өліп, мын тірілгең

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен, -деп еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз ұлтының мәрттігін баскаларға таныта отырып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың даналық, ерлік істерін асқақтата дәріптейді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М.Дулатов «Мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады», деген болатын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *