Менің сүйікті балабақшам
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Қызылшарық ауылы
«Балдәурен» балабақшасы
Тәрбиеші: Умурлянова Ардақ Семполатовна
Ересектер «Ақбота» тобы.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Тіл дамыту», «Шығармашылық», «Жапсыру».
Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Оқыту: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру. үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету.
Дамытушылық: Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту. Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; қайшымен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру.
Сөздік жұмыс: Екінші үйіміз
Көп тілділік: Сүйікті-любимый-favorite, балабақша-детский садик-kindergarten
Педагогикалық технология: Ойын технологиясы, ақпарат технологиясы, денсаулық сақтау технолоиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, слайдтар, бейнебаян, пазылдар
Ұ.І.Ә барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі:
– Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық!
– Балалар мен балабақшаға келе жатқанда хат тауып алдым.
– Ол хат бізге Фиксикиден келді.
– Фиксикис бізге балабақшаға саяхатқа келмекші, ол балабақша туралы ештене білмейді екен.
– Сондықтанда балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам»
– Біз Фиксикиге балабақшаны таңыстырар алдында, өзіміз балабақша және оның қызметкерлері туралы көбірек мәлімет алуымыз керек.
- Негізгі бөлім:
- Сұрақ-жауап:
– Балабақша сөзінің мағынасын ашу.
– Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.
– Балалар балабақша дегеніміз не?
– Балабақшада біз не істейміз?
– Біздің балабақшаның мекен жайы қандай?
– Біздің балабақшамыздың нөмірі қандай?
– Біздің балабақшамыз неше қабатты?
– Ал біздің топ нешенші қабатта орналасқан?
– Ал біздің тобымыздың аты қалай?
– Балабақшамызда барлығы неше топ бар?
– Ал балабақшаны біз тағыда қалай айтамыз?
– Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
2. Сөздік жұмыс: Екінші үйіміз сөзінің мағынасын түсіндіру
- Көп тілділік: Сүйікті-любимый- favorite, балабақша-детский садик- kindergarten бірнеше рет қайталату
- Аукцион ойыны. Балабақша суреті ойналатылады.
- Суретпен жұмыс:
– Қане, тақтаға назар аударайық олар кімдер және не істейді екен?
(директор, әдіскер, тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар).
Күтуші – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы – біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Айзере:
Бала,бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамызда қаламыз.
Тәрбиеші: Жарайсың Айзере,енді балалар ойын ойнайық.
6. Ойын: «Кімнің жұмыс орыны»
Балаларға берілген пазыл бөліктерімен қызмет орынының бөлмесін құрастыру және сол бөлмеде жұмыс істейтің қызметкерді тауып, орналастыру.
- Сергіту сәті:Ағылшын тілінде бейнебаян
- Ұжымдық жұмыс:
Балабақшаға арнап жүрек-жарды лебіздерін қиып, жапсырып, атау.
Балалар жұмысқа кіріседі. Мен тек бақылап тұрамын, көмек қажет болған балаларға ғана көмектесемін.
III. Қорытынды:
Оқу қызметің қорытындылау:
– Балалар біз бүгін не туралы айттық?
– Балабақшада кімдер жұмыс істейді екен?
– Біздің балабақшамыздың нөмірі қандай?
– Жарайсыңдар балалар біз енді Дымбілмес келгенде оған балабақшамыз туралы көптеген мәлімет бере аламыз.
– Балалардың жауабын, жұмыстарын бағалау. Мақтап-мадақтау.
– Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
- Ән: «Балабақша»
Ендеше осында отырған барлық апайларға бір ән айтып берейік.