Есірткі жайлы ертегі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі
9-сынып оқушысы: Оспанбай Арайлым
Жетекшісі: Сапарбаева Назерке

Ерте, ерте, ертеде шұрайлы да құнарлы қазақ жерінде « Бейбіт таң» деп аталатын ауыл болыпты.Ауыл атауы да бекер қойылмаған.Ауыл атауына сай өте тыныш ,тыныш жарық әрі әсем табиғат аясында орналасқан.Ауыл тұрғындарының татулықтары соншалық,бір-біріне “сен” деп те сөйлемейді екен. Бірінің үйіне мейман келсе,барлық ауыл тұрғындары үйіндегі барын беріп,үнемі көмекке әзір еді. Алайда, күндердің бір күні «Бейбіт  Таң» ауылының  бейбіт өмірі мен татулығына қауіпті індет кері әсер етеді.

«Бейбіт Таң» ауылы  Алатаудың баурайында,ағыны қатты өзеннің саясында орналасқан. Ауыл балалары өзеннің маңайында асық атып,таяқпен құмға сурет салып, бірін-бірі қуалап,уақыттарын қызықты өткізеді. Дәл сондай бір күні балалардың қызықты ойынын наржан емісді бала тоқтатады.Наржан өзеннен көзін алмай,таңырқап біраз тұрады да,достарын шақырады. Үнемі мөп-мөлдір болып тұратын өзен суында бүлкілдеген қанға ұқсас,қызық зат пайда болыпты. Балалар үшін белгісіз зат қызығушылық тудырады. Балалар таяқпен әлгі қызыл затты жағаға шығарып,түртір-түртіп көреді. Бірақ кеш батып қалғандықтан,балалар белгісіз затты сол жерге тастап үйлеріне қайтып кетеді. Келесі күні балалар әдеттегідей өзен жағасына ойнауға келгенде кешегі қызық зат жоғалып кетіпті. Оған мән бермей ойын ойнап  жатқан балалардың бірі өзен жағасында жаңадан өсімдік өсіп шыққанан байқайды. Қызыққан балалар жаңа шөпті жұлып алып,иіскей бастайды. Шөптің иісі хош иісті,әрі тармтымды болғандықтан,балалар құмарланып қайта-қайта иіскей береді. Біршама уақыт өткеннен соң,балалар өздерімен-өздері күліп,жүгіріп, естерінен ауыса бастайды. Мұны көрген ата-аналар ешнәрсе түсінбей балаларын тыныштандыруға тырысқанымен нәтиже болмайды. Сондықтан балаларын байлап ұстауға мәжбүр болады. Бұл көрініске аң-таң болып Қали де қарап тұрады.Қали –тілінің уішкене мүкістігі бар,кекештеніп сөйлейтін бала.Оны ауыл балалары кемсітіп,бөлектетеді.Шөпті таппас бұрын балалар Қалидіренжітіп,үйіне қуып жіберген еді.Сондықтан Қали не болып жатқаның түсінбей,өзенге қарай жүреді.Қали өзен жағасындағы шөптерді жұлып жатқан Мыстан кемпірді көріп,қорыққаннан тоқтап қалады.Мыстан кемпір сау баланы көріп,қатты ызаланады да,балаға бір айнаны лақтырып,өзі сыпырғысына отырып ұшып кетеді.Қали айнаға қарағанда анадағы Мыстан кемпірдің бейнесі:

– Ей,бала,мен сені де құртам.Барлығыңды улаймын әлі.Мен сендердің ауылдарыңның татулығын көре алмаймын,қызғанамын!Достарыңды құтқарғың келсе,мені өлтір,құпия дәріні тап! Бірақ бұл сенің қолыңнаң келмейді! Сен қорқақсың?-дейді.

Қали қатты ызаланып, Мыстан кемпір өмір сүретін үңгірге батылдық жинап барады.Бала сөйлеп бастағанда аузына шөпті салып жіберуге дайындалып тұрған Мыстан қолын соза бергенде,бала кекештеніп,аузын қатты аша алмай қалады.Мүмкіндікті жібермей Қали кемпірдің созылған қолын ұстап,қайнап жатқан қазанға итеріп жібереді.Қайнап,балқып жатқан Мыстан Қалиге қарап:

– Мені өлтіргеннен іс әлі біткен жоқ! Мен құпия дәріні таудың ең биік төбесіне жасырып қойғанмын.Тіпті тырыспа. Сен оны ала алмайсың! – деп,соңғы айтып үлгереді.

Қали таудың төбесіне тек бүркіт жете алатының түсініп,ызаланады. Ал бүркіт ауылда дөрекі Наржанда ғана бар еді.Есінен ауысқан Наржан бүркітін мойнынан байлап,күнге қаратып қойыпты.Қали Наржаннан қорқатын еді.Сондықтан түнде тығылып барап,бүркітті босатып,тауғам қарай қашады.Бүркіт өзін құтқарған баланың өтінішін орындауға келіседі.Алатаудың ең биік төбесіндегі кішкене құтыдағы сұйықтықты аяғымен қысып ұстаған бүркіт Қалиге қарай ұшып келеді.Дәріні қолына алған Қали  бүркітке алғыс айтып.ауылға қарай жүгіреді. Ауыл баларының  жағдайы нашарлап кетіпті.Қали құпия дәріні барлық балаларға  теңдей бөліп береді.Балалардың жағдайы жақсарып,естерін жинай бастайды.Баларлардың ата-аналары Қалиге сыйлықтар беріп,ата-анасына көп-көп алғыс айтады.Ал айыққан Наржан жанына достарын ертіп,Қалидің алдына барып кешірім сұрайды.Сол уақыттан бастап Қалиді ешкім ренжітпейтін болыпты. Ал «Бейбіт Таң» ауылының тұрғындарына зұлымдық ойлаған Мыстан кемпір өз жазасын алып,қазанда балқып өлді. «Біреуге ор қазба,өзің түсесің» дегендей,жамандық әрқашан жамандық, ал жақсылық әрқашан жақсылық болып қайтып келеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *