Есірткіге жол жоқ!

(Ертегі)

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылы
Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектеп
Оқушы: Нұрадинқызы Балауса
Жетекші: Қасқырбай Айша Нұрадинқызы 

Әдеттегідей Айдос оқудан үйіне қайтып келе жатыр. Жолда дүкенге кіріп, анасы берген шағын ақшаға тәттілерін алып шықты. Әрі қарай жүре барды.  Үйіне жақындағанда қорқақтай бастады.  Себебі Айдостың үй жағы бұзақылар мен нашақорларға толы болатын. Басын төмен салып үйіне жүгіріп кеткен Айдос жолда үлкен, түрі ұсқынсыз ер адамға соқтығысты.  Ол ер адамның қалтасынан ақ ұнтақ есірткі құлап түсті.  Айдос мән бермей, ер адамнан кешірім сұрап, үйіне кіріп кетті. Соқтығысқан адам есірткі таратушы болатын. Айдос үйге кіргенде анасы кешкі ас әзірлеп жүр екен.  Ал әкесі жұмыстан кеш шығатын болыпты.

Айдостың анасы күнде есік алдынан өткенде абайлап өтуін ескертіп отырады.  Бүгінде сол ескертуін қайталауда.  Ал Айдостың басқа жаққа көшкісі келеді.  Оған ата-анасының қаржысы жетпейді.  Айдос ас ішіп болған соң бөлмесіне кіріп сабағын қарауға отырды.  Сол уақытта еріксіз қиялға беріліп, өз үй жағын барлық жамандықтан тазартқысы келетін сиқыр болса деп армандайды.  Сол армандаған күйде ұйқыға кетеді. Бір кезде ұйықтап жатқан Айдостың денесіне аспаннан жарқыраған жұлдыз сияқты бір құбылыс енеді.  Оны ұйықтап жатқан Айдос сезбейді.

Таңертең ұйқыдан оянып, мектепке жол тартады.  Жолдан кешегі бұзақылардың 1-2 еуі құлап жатқанын көріп, жаймендеп жақындай бастайды.  Қолын қорқақтап созып иығынан ұстай бергенде бір ғажайып орын алады.  Ол құлап жатқан бір бұзақының түнде қонған сиқырмен лезде есін жинатып, есірткіге әуестігін жоқ қылады.  Бұзақы есін жия салып, дел сал болып:

  • Мен бұл жерде не істеп жүрмін? Сен кімсің? Мен қайдамын?

деген сұрақтарды қоя бастайды.  Ештеңеге түсінбеген Айдос сұрақтарға жауап береді:

-Мен Айдоспын. Сіз жерде құлап жаттыңыз.  Түнде бірнеше адаммен осы жерде болдыңыз.

Есін жиған бұзақы.  Кеше Айдос соғысқан ер  адаммен келгенін айтып, одан әрі есінде ештеңе қалмағанын түсіндіреді.  Сол уақытта Айдос соқтығысқан адамның есірткі таратушы жаман адам екенін біледі.

Мектепке жақындағанда Айдос кешегі соқтығысқан жаман адамды көріп қалады.  Ол мектептегі оқушыларға көз сүзіп қарап, екі оқушыны шақырып тұр екен.  Оқушылар жүгіріп келеді.  Сол сәтте есірткіні үлкен оқушыларға беруге қол соза бастағанда Айдос қолын қағып жібереді.  Жаман адам Айдосқа ашуланып:

  • Әй, сен бала не істеп тұрсың? Көзіңе қарамайсың ба?

Айдос:

  • Оқушыларды жаман есірткіңізбен уламаңыз. Мектепке жоламаңыз.  Әйтпесе полиция шақырам- деп қорқытады.

Жаман адам болса ашуланып кетіп қалады.  Сосын Айдос балаларға ескертіп айтады.

Сабақтан шығып, үйінде отқан Айдостың телефонына белгісіз нөмірден хабарлама келеді:

  • Сен бала жазаңды аласың. Дәл қазір кел.  Әйтпесе жақындарыңа зиян келтірем,- деп қорқыта бастайды.

Айдос киініп көрсетілген мекен-жайға жүреді. Қарап қалса алдынан есірткі таратушы жаман адам шығады.

  • Ей батырсымақ, келдің ба? Артыңнан ешкімді ертіп келмеген шығарсың?

Айдос:

  • Неге шақырдыңыз?

Жаман адам:

  • Менің ісіме кедергі жасап жүрсің. Сол себепті сенің көзіңді құрту үшін шақырдым,- деп Айдосқа шабул жасай бастайды.

Айдос қорқып жерге отыра бергенде, түнде енген сиқыры Айдосқа қанат бітіріп аспанға ұшырып алады.  Айдос түсінбей қалады.  Ал жаман адамда өзінің ұшу апаратымен Айдосқа қарай ұшады. Есін тез арада жинап алған Айдос қорықпай шайқасқа түседі.  Екеу ара шайқас болады.  Сол сәтте жаман адам айтады:

  • Ей батырсымақ, мен қазір қолымдағы бір түймені бассам бүкіл әлем есірткіге уланып, естерін жоғалтады. Содан кейін бәрі мені іздейді. Себебі жер бетінде есірткіге тәуелділік басталады,- деп қарқылдап күледі.

Айдоста өзінің қарсылығын көрсетіп:

  • Сенің бұл арам ойың іске аспас. Мен оған қарсы тұрам.

Екеуі шайқасып ұшып жүреді. Жаман адам қолындағы түймені басуға әрекет жасағанда Айдос қолын қағып жібереді. Жаман адамның қолындағы түйме суға құлап түсіп, істен шығады.  Жаман адам биік ғимаратқа бет алады.  Себебі бүкіл әлемді улайтын құрылға сол жерде тұр екен.  Айдос артынан ілесіп, құрылғыны да істен шығаруға әрекет жасайды.  Жаман адам құрылғыны іске қоса бергенде Айдос Жаман адамды итеріп құлатып жібереді. Бірақ құрылғы іске қосылып, есірткі тарала бастайды.  Айдос тез іске кірісіп, өзінің ғажайып күшімен уланған жерлерді лезде тазартады.  Құрылғыны да өшіріп үлгереді. Сөйтіп Айдос ерекше сиқырымен әлемді есірткіден улануды қорғап қалды.  Ал жаман адамды полицияларға тапсырады.  Бүкіл әлем жаңалықтары Айдосты көрсетіп, мақтайды.  Ал Айдостың үй жағыда бұрынғыдай күңгірт емес.  Бұзақылардан тазарып, жарқырай түскен. Айдос есірткіге тәуелділіктен тек үй маңындағы адамдарды ғана емес, бүкіл әлемді құтқарады.

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *