Эссе. «Мен осы мамандыққа, лайықтымын!»

Караров Асылбек Махсутбекович

Қазіргі заман мектепке де, мұғалімге де, оқушыға да жаңа талап деңгейінен көрінуді міндет етіп жүктейді. Елімізде болып жатқан оң өзгерістер мектеп өміріне де жаңалықтар лебін әкелуде, осы орайда бүгінгі күн ізденімпаз, таным белсенділігі жоғары, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуді қажет етеді.

Бәріміз де жоғары білімді,жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қадам басқан, қиындығы мен қызығы қатар жүретін мұғалім мамандығын таңдап алған екенбіз, демек, үнемі ізденісте болуымыз керек екендігі айтпаса да түсінікті. Ғылым мен техника қарыштап дамыған ақпараттық технология заманында оқушыларға білім беруде жаңа әдіс -тәсілдерді тиімді қолдана білу баршамыздың басты назарымызда болуы керек деп білемін. Себебі, қазіргі оқушыларды дәстүрлі әдіс – тәсілдермен қызықтыру оңайға соқпайды. «Неғұрлым көп білген сайын білмейтін нәрсең одан да көбейе береді» дегендей, мұғалімнің ізденісі артқан сайын,өзіне қоятын талабы да күшейіп,жасаған жұмысы да нәтижелі болады.

Мен 2013 жылы Қостанай қаласында «Үшінші (негізгі) деңгейлік курсты»  бітіріп, алған білімімді өз тәжірибемде қолданып жүрмін. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжіребелерін  7 модуль арқылы жетілдіру.

«Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер»  модулімен танысқаннан кейін, сынып ішінде сабақтын алдында психологиялық ортаны  қалыптастыруға көп мән беремін.

Психологиялық орта қалыптасқан  сабақтар қызықты әрі қарқынды өтіп, нәтижелі болды. Балалар жаңа әдіс-тәсілдер қолданылған сабақтар туралы өте жылы пікірлер айтады. Сабақ барысында оқушылар өздерін еркін ұстайды, берілген тапсырмаларды тез орындауға тырысады, сұрақ-жауап ретінде сыныптастарымен ой бөлісе алады, бір-бірімен пікір алмасады.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің «топпен жұмыс» әдіс-тәсілі арқылы жүзуге асыруға болатының байқадым және  түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау деген  негіздері  арқылы жаңа білімді қалыптастыруға болатының білдім. Топпен жұмыс барысында оқушылар тапсырмаларды алғашқы кезде кішкене қиналып орындайтын, ал кейінгі сабақтарда аз болса да, қалыптасып, бірінің айтқанын бірі түсініп, тақырыпты өздерінше талқылауға үйренді. Сыныптағы нашар оқитын оқушыларда презентацияны қорғау кезінде белсенді қатысып отырады. Сурет салу арқылы өзінің мәтінге байланысты ойларын білдіре алатын болды. Үлгірімі жақсы оқушылар өз білгендерін ортаға салып, өз топтарын алға алып шығуға тырысады. Оқушылардың барлығы жұмылып тапсырмаларды орындап отырады. Тәжірибе көрсеткендей бұл  әдіс-тәсілдердің  тиімділігі – оқушының құзыреттілігін  арттырып қана қоймайды, сонымен қатар:  оқушының  ойын ашық айтуға, өз ойын дәлелдей білуге,пікір алмасуға үйретеді, мәселенің ең негізгі түйінін табуға жетелейді.

Айтылған ««жеті модуль» оқушылардың ой-қабілетін дамытуға, талантты және дарынды балаларды анықтауға көп мүмкіндік беретінін білдім. Оқушылардың да өзгергендерін байқадым. Ең алдымен өзін-өзі реттеу жұмысы сабақта орын алды. Барлық қамтылған сабақ құрылымында міндетті түрде диалогтік  оқыту бағыты орын алды.

Жалпы , қорыта айтқанда , 7 модульді сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімге де оқушыға да өте тиімді екендігін байқадым . Яғни , жаңа әдіс-тәсілдер қолданған сайын  мұғалімнің де , оқушының да жаңа қабілеттері ашыла түсетіндігі анық байқалды. Ел ертеңі үшін аянбай еңбек ететін ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім. Иә, мен ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген мамандық иесімін. Мен —  ұстазбын!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *