Мәтін түрлері
Абуова Бахыт Темиргалиевна
Мақсаты:
Мәтін туралы берілген түсініктерді кеңейте түсу. Мәтін түрлерін ажырату дағдыларын жетілдіре түсу. Жоспар құру арқылы мәтін құрастыру қабілеттерін арттыру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу. Олардың танымдылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көркем, ұқыпты, сауатты жаза білуге дағдырландыру.
Тәрбиелігі:
Халық қағидаларын үйрете отырып мейірімділікке, табиғатты қорғауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
^ Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Пәнаралық байланыс:
Ана тілі, дүниетану, салауаттану, қазақ тілі, бейнелеу.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, топтастыру, шығармашылық, әңгімелесу. Сын тұрғысынан ойлау кезеңдері: қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой толғаныс.
^ Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, тірек сызбалар, сюжетті суреттер, оқушылар суреттері, Венн диаграмасы, мақалдар, тыйым сөздер, жұмбақтар, топ аттары, бағалау алқалары, үн таспа үлестірмелі карточка.
^ Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
А) 3 топқа болу: I – топ «Тұлпар » тобы
П-топ «Ұландар» тобы
Ш-топ «Ғарышкерлер» тобы
Ә) Сабақтың мақсатын анықтау, міндеттерін түсіндіру, тілек тілеу. Б) Үлестірмелі карточкадағы тапсырмаларды тарату.
^ II. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді пысықтау.
1) «Сурет галлереясына» оқушылар суретін таңдап ілу.
2) Сурет бойынша құрастырған әңгімелерін оқыту (4-5 оқушы)
3) Сұрақ-жауап:Мәтін дегеніміз не? Мәтін қандай бөліктерден құралады? Мәтіндердің қандай түрлерін білесіндер? Оларды қалай ажыратамыз?
^ III. Қызығушылықты ояту.
1) Жұмбақ шешу:
Дала сары киінді, Қырмандарға үйілді,
Самал соқты салқындау. Алтын астық – алтын тау.
Балалар, бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған. (-Күз)
Ендеше бәріміз мына суреттерге көңіл аударайық.
2) Интерактивті тақтаға «Күз» тақырыбына бірнеше сурет салынған.
– Осы суреттер бойынша «Күз» тақырыбына әңгіме құру үшін жоспар құрайық. Интерактивті тақтаға жазу:
Күз. Жоспар:
- Күзгі даланың көрінісі.
- Жыл құстарының қайтуы.
- Күзгі еңбек.
- Мағынаны ашу.
- Әр топқа тапсырма тарату:
І-топ – сипаттау мәтіні «Күзгі даланың көрінісі»
П-топ – әңгімелесу мәтіні «Жыл құстарының қайтуы»
Ш-топ – пайымдау мәтіні «Күзгі еңбек»
1) Жеке жұмыс: әр оқушы дәптеріне 5 мин эссе жазады.
2) Өз жұбында ақылдасады
3) Топпен жұмыс жасайды, тірек сызба құрайды
4) Топ лидері қорғайды, қалған топ мүшелері толықтырады.
- ^ Оқулықпен жұмыс
– 127 жаттығуды оқыту.
– Мәтінге ат қою.
– Мәтіндегі жолбарыс сөзін алмастырып тұрған қай сөздер?
– Сол 4 сөйлемді дәптерге көшіріп жазыңдар.
^ V. Ой толғаныс.
- -Балалар, бәріміз интерактивті тақтадағы суреттерге қараймыз Жолбарыс суреті Мысық суреті
Жануарлардың дыбысын үндету.
«Венн диаграммасына»-олардың ұқсастығын, айырмашылығын топ жұмысында қағазға түсіру.
Жолбарыс ортақ Мысық
- Шығармашылық тапсырма.
Тірек сызбамен жұмыс.
Жұмбақ шешу.
Далада жүр шапқылап, Тек есектен басқада
Керемет тым саққұлақ. Оған үқсас жоқ құлақ.
-Дұрыс шешуі: қоян
Ал қазір қоянға сипаттама жасай қойыңдар:
3.Тапсырма:
– Бәріміз интерактивті тақтадағы тапсырманы оқиық. «Сөз атасы – мақал»
-«Күз» тақырыбына байланысты мақалдар ойлайды.
- «Білгенге маржан» тақырыпқа байланысты тыйым сөздер ойлайды.
- Қорытынды.
-Балалар, сендер ойлаған мақалдарың мен тыйым сөздерің өте дұрыс. Көп рахмет! Ал осы асыл сөздерді өмірде дұрыс пайдаланып, есте сақтайық! Бұл бізге тәрбие беретін алтын сөздер.
УІІ.Бағалау:
1) Әр топтың лидері өз тобындағы әр балаға баға қояды.
2) Әр топта таңдау: «Ең тапқыр бала»-3 оқушы, «Ең алғыр бала»-3 оқушы, барлық баланың мойнына, алқа тағу.
VIII. Үй тапсырмасы.
а)128-жаттығу
ә) Шығармашылық тапсырма: «Күз келді» *5 жол өлең жаз, «Күз»-сурет салу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718