§§ 19-20. 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір

Батталова Жазира Алтаевна

Сабақтың тақырыбы: §§ 19-20. 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде “халық жауларын” түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілгендігі жайлы түсіндіру.
  2. Өз ойларын жеткізе білуге үйрете отырып оқушылардың ой- өрісін дамыту.
  3. Оқушыларды ұлтын, халқын, Отанын сүюге, еліне, халқына адал қызмет етуге, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, «Фишбоун» әдісі,  “Идеялар себеті”, “Дейін, кейін” кестесі

Көрнекілік: суреттер, сызба, интерактивті тақта, видео, постер, маркерлер, стикерлер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  3 минут

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу. ( топты суреттер құрастыру әдісі бойынша топқа бөлу)

  • Әр топқа топ басшысын тағайындау.
  • Бағалау парағын үлестіру.
  • Топ ережесімен таныстыру

II Үй тапсырмасын тексеру  15 минут. топпен жұмыс

Үйге «Қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау шаралары» тақырыбы берілген. Оны тексеру үшін оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беріп мазмұнын айту. (4 минут)

  • -топ. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.81-82
  • -топ. Көтерілісшілердің жаппай жер аударуы. 82 бет

3 -топ. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күресі. 82 бет

4-топ. Екінші Бесжылдық жоспары (1933 — 1937жж.)

Бекіту:  «Фишбоун» әдісі

Сонымен «Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» жоспары қалай жүрді осы тақырыпты қорытындылап жіберейік. Ол үшін «Фишбоун» әдісі қолданамыз.

1-топ. Қазақстандағы ұжымдастыруға байланысты қандай мәселе қаралды?

2-топ. Қазақстандағы ұжымдастырудың себептері қандай болды?

3-топ. Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға дәлелдер келтір.

4-топ. Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың қорытындысы қандай болды?

 

 

Үй жұмысын қорытындылау : (2 минут)

Міне, күштеп ұжымдастырудың салдарынан ұлы нәубет басталды. Мал саны қырылды. Сонымен қатар бұнымен тоқтамады, әрі қарай 1930 жылдарда Қазақстанның барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Зиялы қауымды жаппай қудалау басталды.

Бүгінгі сабағымыз1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір жайлы болмақ.

Енді балалар жаңа сабағымызды көңілді күймен  бастау үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті 1 мин

III Жаңа сабақ  20 минут

Бүгінгі жаңа тақырыпты  бастаймыз. Дәптерлерімізді ашып жаңа сабақтың тақырыбын жазғызу.

Жаңа сабақ: §§19-20. 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір 83-88 бет

1930 жылдарда Қазақстанның барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрика мен зауыттар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Елде 1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жарияланған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Қазақстанда жазалау тоқыны жайпап өтті. Оның басты кереғарлығы – Кеңес үкіметінің өз қарсыластарын ғана емес, коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты.1928 ж соңында 44 адам –бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері  «буржуазиялық ұлшылдар» деген айыппен тұтқындалды.

Енді осы жайлы толық мәлімет алу үшін экранға назар аударыңдар.  №1(видео) 2 минут

 

Міне сөйтіп 1937-1938 жж жаппай лаңкестік сипат алды. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларын, ұйым жетекшілерін, сын пікірлерін білдіргендердің бәрін «ұлтшыл-ауытқушылық», «большевиктер партиясының стратегиялық бағытын өзге бағытқа бураға тырысу» деп айыптады. Солардың ішінде Торғайдан шыққан А.Байтұрсынов пен М.Дулатұлы да бар еді.

Өзім мысал келтірем.

А.Байтұрсынов 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.

М.Дулатұлы  1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

Репресияны көзбен көргендерден  естеліктер.

№2 (видео)

№3(видео)

Енді осы түсінгеніміз бойынша әр топ жұмыс жасаймыз.

Ол үшін:

«Ойлан, жұптас, бірік» стратегиясы

Экранда көрген бейнебаянмен мәтінді оқып постерге кластер құру арқылы түсіндіру

І –топ.Сталиндік казармалық социолизм. 83-84 бет

ІІ -топ. Зиялы қауымды жаппай қудалау. 84-85 бет

ІІІ- топ. «Халық жауларын» жазалау. 85-87 бет

ІҮ-топ. «Қуғындауға қарсылық» 87-88 бет

Қорғау 2 минут

IV  Қорытындылау 5 минут

“Идеялар себеті”

Тақтаға себет суреті ілінеді себетке тақырып жабыстырылады: “Репрессия”. Оқушылар стикерге өз ойларын жазып себет ішіне жабыстырады

1.«Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Неге зиялы қауым өкілдерін жаппай қудалау басталды?

3.Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (БМСБ) үштігі «Алашорда» қайраткерлеріне қандай жалған кінәлар жапты?

“Дейін, кейін” кестесі

Тақырыпты ашқаннан кейін оқушылардың тақырып бойынша білімдерін байқау. Оқушылар стикерге осы сабаққа дейін не білді, кейін не үйренгенін жазып іледі.

 

Дейін Кейін

 

Бағалау (2 минут) Топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды.

Оқушының аты-жөні Үй жұмысы Топта жұмыс

жасады

Тапсырмаларды орындады Белсенділік танытты Сұрақтарға жауап берді Қорытынды
1
2
3
4
5
6
7

Қорытынды:

№4 (видео)

Сонымен бүгінгі сабақта Сталиндік казармалық социализм саясатының салдарынан қаншама жазықсыз жандар жан бергенін білдік. Олардың біразы Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ақталды.

Үйге тапсырма: § 19-20. 1930 жылдардағы қоғамдық – саяси өмір. 83-88 бет.

«1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін» ізденіс жұмысы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *