Яндекс және оның Қазақстандық нарықтағы цифрлық экономикаға қосқан үлесі

«Тұран» университеті

Байтен Серікжан Тұрсынханұлы
Ақпараттық жүйелер 1-курс студенті

Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы
ҚР филология ғылымдарының кандидаты, Қауымдастырылған профессор

Аңдатпа. Мақалада “Яндекс” компаниясының қазақстандық цифрлық экономикаға қосқан үлесі талданады. Яндекс – Ресейдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірі, соңғы жылдары Қазақстан нарығында да өз қызметтерін кеңейтіп, инновациялық шешімдер арқылы елдің цифрлық дамуына ықпал етуде. Мақалада Яндекстің әртүрлі қызметтері мен платформалары, атап айтқанда «Яндекс.Такси», «Яндекс.Тамақ», «Яндекс.Дүкен» және басқа да сервистерінің Қазақстандағы нарыққа енгізілуі, олардың жергілікті экономика мен қоғамға тигізген әсері қарастырылады. Сонымен қатар, компанияның деректер қауіпсіздігі, цифрлық трансформациядағы рөлі мен Қазақстандағы цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі де талқыланады.

Тірек сөздер: Қазақстандағы Яндекс,цифрлық экономика, Яндекс қызметтері, инновациялық шешімдер, цифрлық трансформация, деректер қауіпсіздігі, экономикалық ықпал.

Аннотация. В статье анализируется вклад компании «Яндекс» в цифровую экономику Казахстана. Яндекс — одна из крупнейших технологических компаний России, которая в последние годы расширяет свои услуги на казахстанском рынке, внося значительный вклад в цифровое развитие страны через инновационные решения. Рассматриваются различные сервисы и платформы Яндекса, в частности, Яндекс.Такси, Яндекс.Еда, Яндекс.Маркет и другие, а также их влияние на местную экономику и общество. Кроме того, обсуждается роль компании в вопросах безопасности данных, цифровой трансформации и развитии цифровой инфраструктуры в Казахстане.

Ключевое слово: Яндекс в Казахстане, цифровая экономика, сервисы Яндекс, инновационные решения, цифровая трансформация, безопасность данных, экономическое влияние.

Abstract. The article examines the contribution of “Yandex” to Kazakhstan’s digital economy. Yandex is one of the largest technology companies in Russia, and in recent years, it has expanded its services in the Kazakhstani market, impacting the country’s digital development through innovative solutions. The article reviews various Yandex services and platforms, including Yandex.Taxi, Yandex.Eats, Yandex.Market, and others, and their influence on the local economy and society. Additionally, it discusses the company’s role in data security, digital transformation, and the development of digital infrastructure in Kazakhstan.

Keyword: Yandex in Kazakhstan, digital economy, Yandex services, innovative solutions, digital transformation, data security, economic impact.

 

Цифрлық экономика бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Әр күн сайын интернет пен технологиялардың дамуы бізге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, бизнес пен қоғамды жаңғыртуда. Қазақстан да бұл өзгерістерден тыс қалмай, цифрландыру бағытында белсенді қадамдар жасап келеді. Осы үрдістің маңызды құрамдас бөлігі ретінде Яндекс компаниясы елімізде өз қызметін кеңейтіп, цифрлық қызметтер мен инновациялық шешімдер арқылы нарықта елеулі орын алуда. Яндекс – бұл тек іздеу жүйесі ғана емес, сонымен қатар, онлайн такси, жеткізу, картография және тағы басқа қызметтерді ұсынатын көпфункционалды платформа. Яндекс-тің Қазақстан нарығындағы рөлі мен оның цифрлық экономикаға қосқан үлесі өте зор. Олардың бәрін айтпас бұрын Яндекс компаниясының шығу тарихын айтып өтейін.

Кеңестік ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы жұмысшысы. Бүгінгі күнде Ресейдің Forbes қаржы-экономика тізімінде Аркадий Волож 1,5 миллиард АҚШ долларымен 88-орынды иеленеді. Оның қарапайым ғалымнан Ресейдегі ең бай адамдардың бірі болуы тоқсаныншы жылдары Христиан дінінің киелі кітабын электронды түрде сатумен басталып, Ресейдегі ең қымбат және ең атақты IT корпорациясы  яғни Яндекс басшысы    қызметінен мәжбүрлі түрде өз еркімен кетуімен аяқталады.

1989 жылы Аркадий Волож өзінің Америкалық досы Робертпен бірге “Комптек” компаниясын құрып, компьютерлік техниканы жеткізумен айналыса бастады. Волож техникалық директор болса, Роберт компанияның келісімшарттарын жүргізді.

Бірнеше жылдан кейін Волож және оның әріптестері орыс тілінде алғашқы іздеу жүйесін жасаған еді. Олардың әдісі тез және тиімді іздеу мүмкіндігін ұсынды. 1990 жылы “Аркадия” компаниясы құрылып, іздеу жүйесін сату арқылы пайда табуға кірісті.

КСРО ыдырағаннан кейін “Аркадия” қажетсіз болып қалды, бірақ Волож бұл компанияны “Комптекке” қосып, оны табысты етті. Орыс тіліндегі іздеу жүйесін жасау барысында морфология үлкен қиындық тудырды. Сол себепті “Аркадия” толық орфографиялық сөздікті сатып алып, Библия мәтінін пайдаланып, бағдарламаны оқытты. “Аркадия” компаниясы Библияның сандық нұсқасын сатуға кірісті, бұл өнім үлкен танымалдыққа ие болды. Келешек Яндекстің негізін қалаушылар ел бойынша саяхаттап, клиенттерге іздеу жүйесінің артықшылықтарын көрсетті. Волож компанияның ғаламдық стратегиясын дайындап, операциялық директор рөлін атқарды.

Уақыт өте келе компания өз іздеу жүйесін “Яндекс” деп атады. .ru доменінің пайда болуымен, “Комптек” өз іздеу жүйесін алғашқы веб-сайт иелеріне ұсына бастады. Яндекс Рунеттегі барлық сайттарды индексациялап, пайдаланушыларға ыңғайлы іздеу қызметін ұсынуды шешті. 1997 жылдың 23 қыркүйегінде Яндекс алғаш рет “Софт Тул” көрмесінде өз іздеу жүйесін көпшілікке таныстырды. Уақыт өте келе, Яндекс өз табысын контексттік жарнамадан таба бастады. 2003 жылы компания акционерлеріне 100 мың доллар дивидендтер төледі. Яндекс өз қызметтерін бір бетте біріктіріп, жаңалықтар мен интернет-дүкендерді де қамтыды.

Яндекстің тарихындағы маңызды сәттерінің бірі 2006 жылы “Пробки” қызметін, ал 2012 жылы навигаторды іске қосуы болды. 2003 жылы Google Яндексті 130 миллион долларға сатып алуды ұсынды, бірақ бұл ұсыныс қабылданбады. 2009 жылы Google Ресейдің іздеу нарығының жартысын иеленген кезде, Яндекс өз браузерін шығара бастады. Дегенмен, бұл сәл кеш қабылданған қадам болды, себебі 2016 жылға қарай мобильді құрылғылардан түсетін трафиктің үлесі едәуір артқан еді.

Смартфондар нарығында Android платформасының басымдығы Google-дің үстемдігін арттырды. Яндекс 2015 жылы Google-ге нарықты монополизациялау бойынша сотқа шағым түсірді. Кейін Android құрылғыларында браузер таңдау мүмкіндігі пайда болды.

Компания жыл сайын кірісін еселей түсіп, ірі инвестицияларды қажет ете бастады. Сондықтан Яндекс 2011 жылы NASDAQ биржасында IPO-ға шығып, 43% кіріс өсімін көрсетті. Сол жылы Яндекстің 120 қызметкері акциялық опциондар арқасында долларлық миллионер атанды. Үш жыл өткен соң, Яндекс Мәскеу биржасында да орналасты. Компания такси қызметін іске қосып, бәсекелестерін басып озды. Геолокация технологияларын тиімді пайдалану арқылы қызметтерін жақсартты.

Яндекс интернетке байланысты жаңа мүмкіндіктерді ұсынып, 2014 жылы Яндекс.Новости қызметі арқылы әлеуметтік және саяси платформаларға ықпал етті. Алайда сол жылы компанияның капитализациясы 1 миллиард долларға төмендеді. Кейіннен жаңалықтар агрегаторларына қатысты заң қабылданып, Яндекске шектеу қойылды, бұл акциялардың 1,5 миллиард рубльге арзандауына әкелді. 2017 жылы Яндекс “Алиса” дауыстық көмекшісін және азық-түлік жеткізу қызметін іске қосты. 2020 жылы Яндекс өз қызметтерін бір қосымшаға біріктіріп, Ресейдегі ең ірі экожүйелердің біріне айналды. 2023 жылы компанияның кірісі 800 миллиард рубльді құрады.

Дегенмен, жаңа қызметтердің кейбірі, мысалы, азық-түлік жеткізу, әлі де шығынды болып табылады. Контексттік жарнама негізгі табыс көзі ретінде қалып отыр. Компания шығынды қызметтерге қарамастан, аудиторияны ұлғайту мақсатында инвестиция салуды жалғастырып келеді.Алдағы уақытта Яндекс көптеген салаларда бәсекелестікке түсіп, ресейліктердің содан кейін басқа ел азаматтарының өміріне тереңірек енуі мүмкін.

Кәзір Қазақстан нарығында «Яндекс» компаниясының барлық бағдарламалары жұмыс істеп Қазақстан экономикасын дамытуға өз үлесін қосуда. Олар:

Яндекс іздеу – Яндекстің ресми сайтында  «Іздеу ақпаратты жылдам табуға және күрделі мәселелерді түсінуге көмектеседі. Ол пайдаланушыларға қызығушылықтарына негізделген ұсыныстар береді, мысалы, не оқу керек немесе түскі асқа қайда бару керек. Сұрақты мәтін, дауыс немесе сурет арқылы қоюға болады. Дүние жүзіндегі пайдаланушыларға көбірек мазмұнды қолжетімді ету үшін Search қазақ тіліне аудармасы бар ағылшын және орыс тілдеріндегі              мақалаларды көрсетеді.

 Алиса – Яндекстің ресми сайтында  «Виртуалды көмекші Алиса сұрақтарға жауап бере алады, идеялар ұсына алады, музыка таңдай алады, күнделікті әрекеттерге көмектесе алады, смарт үйді басқара алады және т.б. Оның өзіндік мінезі, юмор сезімі бар. Екі тілді Алиса Yandex браузерінде, Yandex қолданбасында және смарт динамиктерде қол жетімді» делінген.

Яндекс Нейро – Яндекстің ресми сайтында Нейрондық желілерді пайдалана отырып, Интернеттің барлық қолжетімді білімін пайдалана отырып, сұраққа бір жауап беретін қызмет. Neuro жауап үшін фактілерді модельдің жадынан емес, желідегі көздерден алады – және әрқашан сәйкес веб-беттерге сілтемелер арқылы жауапты қолдайды. Қызмет Яндекс қолданбасында және Яндекс браузерінде қол жетімді. Нейро қазақ және орыс тілдерін түсінеді.                                                            

 Яндекс ауа райы – Яндекстің ресми сайтында Meteum технологиясымен құрастырылған әлемнің кез келген нүктесіне арналған ауа райы болжамы. Ол тек ауа райы радарлары мен спутниктер сияқты құралдардың деректерінен ғана емес, сонымен қатар пайдаланушылардың сигналдарынан да үйренеді. Ауа-райының бизнес клиенттеріне арналған шешімдері де бар – олар ауа райына тәуелді аймақтарда өндірістік процестерді оңтайландыруға және қаржылық тәуекелдерді азайтуға   көмектеседі.

Яндекс карталары – Пайдаланушыларға көліктер мен автобустар сияқты жаяу және көлікпен маршруттар құруға көмектесетін навигация қолданбасы. Сонымен қатар, сіз оны дұрыс орындарды табуға және басқа күнделікті тапсырмаларды шешуге пайдалана аласыз. Қазір қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді Яндекс карталарын Қазақстандағы 3 миллионнан астам адам ай сайын пайдаланады.

Мен тоқталып өткен бағдарламалар – Яндекстің кеңінен қолданылатын және танымал өнімдері. Алайда, Яндекс – тек қызмет көрсетіп қана қоймай, технологиялық инновацияларды енгізетін ірі компания. Орыстар бұл компанияны “ресейлік Google” деп атайды, себебі ол іздеу жүйесі, карталар, музыка, және бұлтты технологиялар сияқты алуан түрлі салаларда қызмет етеді.

Осы уақытқа дейін Яндекстен 100-ден астам түрлі сервис пен өнім шыққан.

Бұл қызметтердің арқасында Яндекс тек Ресейде ғана емес, ТМД елдерінде де танымал болды. Қазақстанда Яндекс Go, Яндекс Карталар және Навигатор сияқты сервистердің кеңінен қолданылатынын атап өткен жөн. Себебі Бизнес Мир журналындағы 2023 жылдың статистикасында былай делінген: Яндекс іздеу жүйесі Қазақстанда танымал болуды жалғастыруда. Елімізде күніне 2 миллионнан астам адам оған қол жеткізеді. Әрбір жетінші пайдаланушы сұрауларды қазақ тілінде енгізеді: оның сұраныстардың жалпы көлеміндегі үлесі тұрақты өсіп келеді және күніне 15%-ға жетеді.

Ал енді Қазақстан экономикасына тоқталсақ:

Қазақстанның экономикасы – табиғи ресурстарға бай, интеграциялық процестерге белсенді қатысатын, тұрақты дамуды мақсат ететін мемлекет. Елдің экономикалық құрылымы, негізгі салалары мен даму мәселелері зерттеушілердің назарында. Бұл мақалада Қазақстан экономикасының негізгі аспектілері мен оның болашағы талқыланады.

Экономикалық құрылым және негізгі бағыттар

Қазақстанның экономикалық құрылымы көбіне табиғи ресурстарға негізделген. Мұнай-газ саласы елдің негізгі табыс көзі болып табылады. Сонымен бірге, басқа да салаларды дамыту қажеттілігі айқын. Зерттеулерде:
«Жеңіл өнеркәсіп елдің экспорттық әлеуетін арттырудың маңызды құралы болып табылады» деп айтылған [ Каленова С.А.] [1, 115 б.].

Сонымен қатар, Қазақстанның агроөнеркәсіп секторы да маңызды орын алады. Елдің ауыл шаруашылығы ресурстары және халықаралық нарықтарға қолжетімділігі бұл саланы дамытуға негіз бола алады.

Инфляция және ақша-несие саясаты

Инфляция – Қазақстан экономикасы үшін өзекті мәселе. Ел инфляциялық таргеттеуді қолдану арқылы экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге тырысады. Бұл туралы: «Инфляцияны таргеттеу саясаты елдің инфляциялық күтулерін басқаруға мүмкіндік береді және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді» деп көрсетілген.[ Конуспаев Р.К.] [2, 126 б.]. Сонымен қатар, инфляция деңгейін төмендетуде Ұлттық Банктің стратегиялық жоспарлары маңызды рөл атқарады.[ Конуспаев Р.К.] [2, 128 б.].

Инвестициялық даму және жобалар

Инвестиция – экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Қазақстан инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылық болжамдарды жақсартуды көздейді. Бұл туралы зерттеушілер: «Инвестициялық жобалардың тиімділігі болашақ ақша ағындарын дұрыс болжаумен тікелей байланысты» деп атап көрсеткен.[ Шайхутдинова А.К.] [3, 137 б.]. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені қолдану арқылы инвестициялық тартымдылықты арттыру көзделуде.

Интеграциялық процестер мен халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында интеграция процестеріне белсенді қатысушы болып табылады. Елдің интеграциялық әлеуетін арттыру маңызды. Зерттеулерде: «ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық ортақ нарықты тиімді дамытуға мүмкіндік береді» деп айтылған.[ Аскинадзи В.М.] [4, 116 б.]. Сонымен бірге, бұл ынтымақтастық экономиканың түрлі салаларында инновациялық шешімдерді енгізуге жағдай жасайды.

Әлеуметтік-экономикалық саясат және тұрақтылық

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады. Бұл туралы: «Әлеуметтік-экономикалық саясат елдің даму мақсаттарына қол жеткізу үшін негізгі құрал болып табылады» деп көрсетілген.[ Гордиевич Т.И.] [5, 123 б.].

Инновациялар және технологиялық даму

Қазақстан экономикасының болашағы технологиялық даму мен инновациялық шешімдерді енгізуге байланысты. Зерттеулерде:
«Инновациялық технологиялар ел экономикасының түрлі салаларында өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді» деп көрсетілген.[ Моисеев С.Р.] [6, 120 б.].

Қазақстанның экономикасы тұрақты дамуға ұмтылып келеді. Елдің ресурстық әлеуеті, халықаралық ынтымақтастықтағы белсенділігі және инновациялық бағыттағы стратегиялары оның әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға көмектеседі. Дегенмен, инфляция, өндірістің әртараптандырылмауы сияқты мәселелерді шешу үшін мемлекет жүйелі шараларды жалғастыруы қажет.

 

Яндекстің Қазақстандағы қызметінің ерекшеліктері

           Яндекстің деректер қауіпсіздігіне қатысты саясаттары бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Ол жеке мәліметтерді қорғауды, қауіпсіз төлемдерді, зиянды бағдарламалардан қорғанысты, және интернет-алаяқтықтың алдын алуды қамтиды. Яндекс өнімдерінде Protect кешенді қауіпсіздік жүйесі қолданылады, ол қауіпті веб-сайттарды бұғаттау, жүктелетін файлдарды вирустардан тексеру, Wi-Fi байланыстарын және пайдаланушының құпия ақпаратын қорғау сияқты мүмкіндіктерді ұсынады​.

Сонымен қатар, Яндекс өз қызметтерінде пайдаланушы деректерін шифрлауды, қауіпсіздік сертификаттарын қолдануды және аутентификация құралдарын енгізуді жүзеге асырады. Бұл деректердің құпиялылығын қамтамасыз етіп, қауіпсіз қолдану мүмкіндігін арттырады​.

Қазақстан контекстінде де киберқауіпсіздік маңызды орын алады. Елімізде “Қазақстанның киберқалқаны” тұжырымдамасы қабылданған, бұл ақпараттық ресурстарды және инфрақұрылымды қорғауға бағытталған шараларды қамтиды. Киберқауіпсіздік саласында мамандарды дайындау және дербес деректерді қорғау бойынша мемлекеттік қадағалау тетіктері енгізілуде​.

Яндекс өз сервистері арқылы мүмкінділігі шектеулі адамдарға да көмек көрсету үстінде, оған дәлел: Поиск, Браузер, Поштаны және Музыканы қоса алғанда, Yandex Qazaqstan 14 қызметі зағип пайдаланушыларға бейімделген. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар үшін Яндекс әңгіме қосымшасы қол жетімді болды — ол қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінді таниды және мәтінді сөйлеуге және кері аударып, қарым-қатынасты жеңілдетеді. Карталарда Қазақстандағы 23 мың ұйымда мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігі туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық ерекшеліктері бар адамдар үшін арнайы опцияларды пайдалана отырып, Яндекс Go сапарларының саны 400 мыңнан асты. Яндекс Go-ға 140 мыңнан астам тегін сапарды “Инватакси” жобасы шеңберінде мүгедектігі бар пайдаланушылар жасады.

Қазақстанның цифрлық экономикасына әсері

  1. Инновациялар мен технологиялар:

Яндекс логистика және жеткізу саласында автоматтандыру технологияларын енгізді. Мысалы, “Яндекс.Такси” мен “Яндекс Go” платформалары тасымалдау қызметтерін жеңілдетіп, экономикалық белсенділікті арттырды. Бұл қызметтер кіші және орта кәсіпкерліктерге тиімді логистикалық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

  1. Smart City жобаларына үлесі:

Яндекс “Ақылды қала” (Smart City) концепциясын дамытуға қатысу арқылы қалалық инфрақұрылымды жақсартуда маңызды рөл атқаруда. Бұл жоба аясында қала тұрғындарының өмір сапасын арттыратын цифрлық шешімдер енгізілді. Алматы мен Астанада интеллектуалды басқару орталықтары, бейнебақылау жүйелері, электронды билеттеу және басқа да қызметтер іске асырылды​.

  1. Жұмыс орындары мен экономикалық әсері:

Яндекс қызметтері арқылы жұмыс орындары құрылуда. Мысалы, “Яндекс.Такси” платформасы мыңдаған жүргізушіге жұмыс тауып, қосымша табыс көзін ұсынуда. Сонымен қатар, IT саласындағы мамандарға сұраныс артып, олар Яндекстің экожүйесіне қосыла алады​.

  1. Мемлекетпен серіктестік:

Цифрлық Қазақстан бағдарламасына сәйкес, мемлекетпен серіктестік жобалар жүзеге асырылуда. Бұл серіктестік елдің цифрландыру саласындағы мақсаттарына жетуге көмектесуде.

Жаңа технологиялардың болашағы: Яндекстің Қазақстандағы қызметтерін талдау барысында, олардың қазіргі замандағы технологиялық эволюцияға ықпалын түсіну маңызды. Цифрлық экономика дамуының келесі кезеңі ретінде жасанды интеллект, деректер аналитикасы, және автоматтандырылған шешім қабылдау жүйелері алға шығады. Бұл технологиялар экономиканың көптеген салаларында революция жасай алатын әлеуетке ие.

           Қазақстан үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану тек ІТ индустриясын дамытуға ғана емес, сонымен қатар аграрлық сектор, денсаулық сақтау, және білім беру сияқты маңызды салаларда прогреске жетуге мүмкіндік береді. Яндекс бұл бағытта Қазақстан үшін маңызды серіктес бола алады. Мысалы, Яндекстің “Алиса” виртуалды көмекшісі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда немесе ауыл шаруашылығында инновацияларды енгізуде қолданылуы мүмкін.

         Жергілікті қажеттіліктерге бейімделу:Яндекс тек цифрлық қызметтерді ұсыну ғана емес, сонымен қатар жергілікті қажеттіліктерге бейімделу стратегиясын дамытуы қажет. Қазақстанның көпұлтты және көптілді қоғамында қызметтердің қазақ тілін жетік меңгеруі аса маңызды. Бұл бағытта Яндекстің қазіргі қадамдары, мысалы, қазақ тіліндегі іздеу жүйесін дамыту, жоғары бағалауға лайық.

           Аймақтық серіктестіктер: Аймақтық деңгейде серіктестік орнату Қазақстандағы Яндекстің ықпалын күшейтеді. Әсіресе, ауылдық аймақтарда интернетке қолжетімділікті арттыру арқылы компания жаңа аудиторияға жетіп, елдің цифрландыру деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Бұл ауылдық тұрғындар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады, мысалы, электронды коммерция және қашықтықтан жұмыс істеу.   

          Экологиялық тұрақтылық: Цифрлық технологиялар дамуымен бірге экологиялық мәселелерге назар аудару қажет. Яндекс экологиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында жасыл технологияларды енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек. Бұл тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, компанияның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді.

          Яндекс Қазақстанның цифрлық экономикасына елеулі үлес қосып қана қоймай, елдегі технологиялық эволюцияның қозғаушы күшіне айналуда. Олардың болашақтағы жоспарлары мен стратегиялары Қазақстанның цифрлық дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Қазақстан мен Яндекс арасындағы серіктестік екі жақ үшін де жемісті болары анық.

          Яндекс және оның Қазақстандағы Цифрлық Экономикаға Қосқан Үлесі: Цифрлық экономика бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Әр күн сайын интернет пен технологиялардың дамуы бізге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, бизнес пен қоғамды жаңғыртуда. Қазақстан да бұл өзгерістерден тыс қалмай, цифрландыру бағытында белсенді қадамдар жасап келеді. Осы үрдістің маңызды құрамдас бөлігі ретінде Яндекс компаниясы елімізде өз қызметін кеңейтіп, цифрлық қызметтер мен инновациялық шешімдер арқылы нарықта елеулі орын алуда.

Яндекстің Қазақстандағы Тарихы және Қызметтері: Іздеу Жүйесі: Яндекстің іздеу қызметі қазақстандық пайдаланушыларға ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік береді. Іздеу жүйесі қазақ және орыс тілдеріндегі мақалаларды ұсыну арқылы пайдаланушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандырады.

Алиса Виртуалды Көмекшісі: Яндекстің Алиса көмекшісі Қазақстанда танымал, ол әртүрлі сұрақтарға жауап беру, музыка таңдау және күнделікті әрекеттерге көмектесу қабілетіне ие. Бұл қызмет қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді, бұл жергілікті пайдаланушылар үшін ыңғайлылық тудырады.

Яндекс Нейро: Яндекстің нейрондық желілер негізіндегі жүйесі ақпаратты сенімді дереккөздерден жинап, нақты жауаптар ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет Қазақстандағы цифрлық экономика дамуына әсер етуде, әсіресе деректерді тиімді пайдалану бағытында.

Цифрлық Экономикаға Әсері

  1. Логистика және Жеткізу: “Яндекс Go” және “Яндекс Такси” платформалары тасымалдау қызметтерін автоматтандырып, қазақстандық кәсіпкерлерге тиімді логистикалық шешімдер ұсынады. Бұл қызметтер кіші және орта кәсіпкерліктер үшін маңызды рөл атқарып, олардың бизнесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
  2. Smart City Жобалары:

 Алматы мен Астана қалаларында интеллектуалды басқару орталықтары және бейнебақылау жүйелері сияқты жобалар Яндекстің қатысуымен жүзеге асырылуда. Бұл қалалық инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында маңызды қадамдар.

  1. Жұмыс Орналастыру: “Яндекс Такси” арқылы мыңдаған қазақстандық жүргізушіге қосымша табыс табуға мүмкіндік берілді, ал IT саласындағы мамандар үшін жаңа жұмыс орындары құрылды.

4.Киберқауіпсіздік: Яндекстің деректер қауіпсіздігі саласындағы бастамалары қазақстандық ақпараттық инфрақұрылымды қорғауға бағытталған. Protect қауіпсіздік жүйесі мен шифрлау технологиялары интернет-алаяқтықтан қорғаныс қамтамасыз етеді.

Жаңа Технологиялар және Инновациялар: Жасанды интеллект: Жасанды интеллекттің Қазақстандағы қолданысы кеңеюде, бұл экономиканың әртүрлі салаларында инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру сияқты салаларда жасанды интеллект арқылы тиімділікті арттыруға болады. Яндекстің “Алиса” көмекшісі сияқты шешімдері бұл үрдіске үлес қосуы мүмкін.

Автоматтандыру: Автоматтандырылған жүйелер цифрлық экономиканың негізін құрайды. Қазақстанда автоматтандыру арқылы өндіріс, логистика, және қызмет көрсету салаларында сапалы өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Яндекс бұл бағытта инновациялық шешімдер ұсынып, автоматтандыру процесін жеңілдете алады.

Инвестициялар және Экономикалық Әсер: Цифрлық экономикаға инвестициялар: Соңғы жылдары Қазақстанда цифрлық экономикаға бағытталған инвестициялардың көлемі артып келеді. Үкімет, ірі компаниялар және халықаралық серіктестер цифрлық инфрақұрылымды жақсарту, IT экожүйесін құру және инновацияларды енгізуге қаржы бөлуде. Бұл инвестициялар жаңа стартаптардың пайда болуына, цифрлық қызметтердің кеңеюіне және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Яндекс бұл үдерісте жетекші орын алып, өзінің сервистері арқылы нарықтың дамуына үлес қоса алады.

  Жаңа қызмет түрлері: Қазақстанның цифрлық экономикасында пайда болғанжаңа қызметтер саласында Яндекстің рөлі арта түсуде. Мысалы, финтех саласында жаңа төлем жүйелері мен онлайн қаржы шешімдерін ұсыну, электронды сауда саласында клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру, және логистикада автоматтандырылған қоймалар мен жеткізу жүйелерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда                                                                                                                                                                   

Экологиялық Технологиялар және Болашақ Трендтер: Жасыл технологиялар: Қазақстанда экологиялық мәселелерге назар аудару цифрлық экономика дамуының бір бөлігі болып табылады. Бұл бағытта энергия тиімділігін арттыру, жасыл технологияларды енгізу және көміртек ізіне әсерді азайту шаралары қолға алынып жатыр. Яндекске экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін жасыл серверлер мен энергия үнемдейтін деректер орталықтарын дамытуға баса назар аудару ұсынылады.

Болашақ трендтер: Қазақстан цифрлық экономикасында болашақта пайда болуы мүмкін трендтердің бірі — 5G және IoT (заттар интернеті) технологиялары. Бұл технологиялар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қала инфрақұрылымы сияқты салаларда жаңа мүмкіндіктер ашады. Яндекс бұл бағытта инновациялық шешімдерді ұсына отырып, жергілікті нарықта өз орнын нығайта алады.

Аймақтық даму және орталық азиядағы ықпал: Орталық Азиядағы цифрлық байланыстар: Қазақстан аймақтық цифрлық хаб ретінде қалыптасуда. Бұл бағытта Орталық Азия елдерімен серіктестік орнату цифрлық қызметтерді дамытуға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Яндекстің тәжірибесі мен технологиялары аймақтағы цифрлық трансформация процесін жеделдетуге ықпал етеді.

Аймақтық хаб құру: Қазақстан аймақтағы цифрлық қызметтердің орталығы ретінде танылып, халықаралық компаниялар үшін тартымды орынға айналып келеді. Яндекс Қазақстанда өзінің инфрақұрылымын кеңейтіп, цифрлық хабтың қалыптасуына үлес қосуы мүмкін. Бұл қадам компанияның аймақтағы ықпалын күшейтуге және жаңа серіктестіктер орнатуға жол ашады.

Яндекс Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуда, жаңа технологияларды енгізуде және инновациялық шешімдерді ұсынуда маңызды рөл атқарады. Компанияның болашақтағы стратегиялары мен серіктестіктері 

Қазақстанның цифрландыру деңгейін жаңа сатыға көтеруге ықпал ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, Яндекске экологиялық тұрақтылықты сақтау, цифрлық дағдыларды дамыту және жергілікті нарыққа бейімделу арқылы цифрлық трансформацияны жеделдетуге мүмкіндік бар.

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Каленова С.А. “Effectiveness of the creation of the integrated light industry market of EAEU member states”, “Тұран” университетінің хабаршысы, 2020 ж., 115-117 бб.
  2. Конуспаев Р.К., Демесинов Т.Ж., Сатанбеков Н.А. “Қазақстан Республикасындағы инфляциялық таргеттеу мәселелері”, “Тұран” университетінің хабаршысы, 2020 ж., 126-128 бб.
  3. Шайхутдинова А.К., Селезнёва И.В., Абдильдин С.С. “Прогнозирование денежных потоков инвестиционного проекта”, “Тұран” университетінің хабаршысы, 2020 ж., 136-137 бб.
  4. Аскинадзи В.М., Максимова В.Ф. “Инвестиции”, Юрайт баспасы, 2014 ж., 422 б.
  5. Гордиевич Т.И., Рузанов П.В. “Денежно-кредитная политика”, Омский научный вестник, 2019 ж., №2, 122-130 бб.
  6. Моисеев С.Р. “Денежно-кредитная политика: теория и практика”, Мәскеу қаржы академиясы баспасы, 2011 ж., 784 б.
  7. Бригхем Ю., Хьюстон Д. “Финансовый менеджмент”, Питер баспасы, 2011 ж., 544 б.
  8. Касаткина Е.В. “Проблемы прогнозирования денежных потоков”, Теория и практика общественного развития, 2010 ж., №4.
  9. IMF Annual Report on Exchange Arrangements and Restrictions, IMF Басылымы, 2019 ж.
  • Tobias Adrian, Douglas Laxton, Maurice Obstfeld. “Advancing the Frontiers of Monetary Policy”, IMF Басылымы, 2018 ж., 269 б.

Ақпарат көзі және сайттар

  1. uchet.kz – Қазақстанның заңдар мен нормативтік актілер базасы, Қазақстан Республикасының заңдарының тарихы, заң актілері туралы толық ақпарат және Қазақстан заңдарының тарихы мен өзгерістері туралы мәліметтер базасы.
  2. kz – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің сайты заң актілері, құқықтық құжаттардың жаңа түрлері, заң актілері туралы ақпарат, олардың өзгерістері мен нормативтік құқықтық актілердің салыстырмалы талдауы жөнінде толық мәлімет ұсынады.
  3. kz – Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты ұсынатын сайт.
  4. kz – Қазақстан Республикасының Президенті туралы құжаттар мен актілер
  5. kz – Инфрақұрылым және даму туралы мемлекеттік бағдарламалар
  6. kz – Қазақстан Республикасының терминологиялық құжаттары
  7. kz – Қазақстанның даму стратегиясы туралы құжаттар

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *