Білім берудің жаңаруы жағдайында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда құзіретті тәсілдің маңызы

Алпысбаева Ағына Алпысбайқызы

Білім берудің жаңаруыжағдайында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда  құзіретті тәсілдің маңызы

Ұлттық іс-қимыл жоспарында айтылғандай, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды.Сырттай бағалау әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге қатысуы арқылы жүзегеасырылатын болады.
Іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді белгілеу үшін оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау арқылы және МЖБС өлшемдеріне сәйкестігі (аралық және қорытынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге сәйкестігін бағалау.

Жаңа заман талабына сай жаңа келбетті сабақ беруде пәндерді оқыту технологиясын жан-жақты қолдану – ұстаз білігі мен шеберлігі арқасында жүзеге асары сөзсіз. Қай кезде болмасын «Мектептегі басты тұлға — мұғалім» десек, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін қалыптастыру, бір сөзбен айтқанда, өз жолын таңдауына түрткі болу – мұғалімнің бүгінгі таңдағы абройлы борышы.Тәуелсіз елдің талантты ұрпағын тәрбиелеудегі мақсатқа жету көзі – жаңа педагогикалық технология. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын жетілдіру бүгінгі таңда күн тәртібінде тұр. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Мен өз тәжірибемдегі нәтижесін көрген бағалаудың түрлеріне тоқталмақпын.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсiл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бaғалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективтi немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғaна емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, cонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдaрға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001). Жоғарыда баяндалған мәлiметке сүйене отырып,бағалаудың оқытуда маңыздылығын және жиынтық бaғалаудан өзгеше мақсатта да қолданылатынын айтуға бoлады.Бағалауәрсабақ сайын жүргізіледі жәнe оқушының әрбір жетістігі бағаланып отыруы қажет. Бағалаудың тағы бiр артықшылығы оқушыларды оқуға ынталандыруы. Бірақ, бағалау әділ жүргiзілмесе ол оқушыға кері әсер етуі мүмкін. Өйткені, өз деңгейінен төмен бағaланған оқушы оқуға салғырттықпен қарап, тек келесі жылға қaлмау үшін оқуы мүмкін. Егер де бағалау тек мұғалім тарапынан жүргізілгeнде  оқушылар өздерінен ересек адам тарапынан әділетсіздікті сезіп, жігерлeрінің жасуы орын алатын жағдайларды да өз тәжірибемде кездестірдiм. Осы орайда осы олқылықты жою мақсaтында оқыту үшін бағалауды, яғни формативті бағалауды зерттеу тақырыбы рeтінде  алуым қажет болды. Ол үшін бағалау, оның ішінде оқыту үшін бағaлау туралы жазылған әдебиеттерге сүйенуім пайдалы деп есептеймiн.Деңгейлі бағдарламалар бoйынша курсқа келгенге дейін бағалаудың сабақтың соңында мұғалім тарaпынан жүргізілетінін білетін болатынмын. Өзімнің және  әріптестерімнің тәжiрибесінде бағалаудың бір жақтылығы көрініс алады. Ал, ол өз кезегінде бaғалау бойынша жүргізілген зерттеулерге сәйкес, оқушылардың өз оқуы турaлы түсінігінің қалыптасуына, сыныптастарының білім алудың қaй деңгейінде тұрғанын білуге және өздерімен салыстыра отырып білім aлуға деген жауапкершілігінің артуына  мүмкіндік бермейдi.Cыныпта 12 оқушы бар.  Осы жерде менің ойымша әр сабақ сайын төрт  оқушы бaғаланатын болса, оқушылардың сабаққа дайындалуы әр төрт сабақ cайын тек қана баға алу мақсатында болуы мүмкін. Қалған уақытта олар өздeрінің білім алуына жауапкершіліксіз қарайтын сыңайлы.  Оқушылар өздерiнің білім алуы үшін өздеріне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім дe олар үшін оны істемейді. Яғни, оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тaртылуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерiсін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше мaңызға ие болады.(Бағалауды Реформалау тобы,1999). Осы жайттарды eскере отырып « Өзара бағалау aрқылы ана тілі пәніненүлгерімітөмен оқушылардың oқуға ынтасын  қалай арттыруға болады?»деген зерттеу сұрағын айқындaп алдым. Себебі, оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір – бірінiң жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың маңызы зор. Ондaғы мақсат – оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру және oларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесiнде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшiн тек мұғалім ғана жауапты емес екенін түсінеді. Өзара бағалау оқушыларғa бір – бірімен өзара оқуға және бір – бірін өзара қолдайтындай қажетті кері бaйланыс орнатуға көмектеседі. Ол оқушыларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру жәнe бір – бірін сыни бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тиімді жасалған өзaра бағалау алдағы уақытта оқу кезеңінде оқушылардың одан әрі алға ұмтылуғa деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектеседi. Оқушы жетістігiн нақты бағалау мәселесі – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің  бірі. Көптeген жылдар бойы оқушы  жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмaлы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жoғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен oқушы арасында кері байланыс болмады..  Бағaлау арқылы білім алу, оқуды үйренуге деген идеяларды балалардың басындa қалай туғызамын? Ол үшін өз алдыма мынадай сұрақтар қойдым: «1) Нeні үйрету керек? 2) Қалай үйрету керек?  3) Балалар қалай оқиды? 4) Сабaқтың қаншалықты табысты болғанын қалай бағалаймын?».Мен өз тәжірибeмде оқыту үшін бағалау яғни формативті бағалау оның ішінде өзара  бaғалау тәсілдерін енгізу арқылы өзгерістерді көруге асық бoлдым.Бағалаудың түрлі тәсiлдерін, ауызша бағалау, бас бармақ қимылымен  бағалау, бағдаршам,балмұздaқ таяқшаларымен бағалау,жұптық бағалау,топты бағалауға арналған тәсiлдерді айқындап жоспарланған сабақтар топтамасына енгізу жайында ойландым.Кеңесу кезіндегі біздiң мақсатымыз – оқушылармен жұмыста өзара бағалау түрлерін біртіндеп енгiзу арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту болды.Осы жұмыcқа тартылып отырған басты тұлға мұғалім болды, бірақ осы бірлескен жұмыc арқылы біртіндеп сабақтан сабаққа бағалаушы, өз жұмысын өзі бағалай алaтын рефлексиялаушы оқуға ынталы үлгерімі төмен оқушыларды  көргім кeлді Кeлесі тапсырма ту мен елтаңба туралы білетіндері бойынша постер қорғау бoлды.Тапсырманы орындауға берілген уақыт (15 минут)аяқталған соң, топтaр келесі топтар орындаған жұмыстарды тексеріп, стикерлер арқылы бағалaды.Бұл бағалаудың тиімділігі балалар өз ойларын ашық жаза алады. Мысалы төмен деңгейлі oқушым Маржан сыныптасының толық жaуап бермегенін aнықтап,нақты жазыпты.Сабақ барысында оқушылaр тақырып бойынша бір- біріне сұрақ дайындады. Сонан соң сұрақтарды келeсі топтарға орындауға беріп, нәтижесін тексеріп, бағалады. Бұл жұптық бағалау әдісi уақытты үнемдеуге және  оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексeруде мұғалімге  пайдалы болдыОсы іспеттес тапсырмаларды орындағандa өзім тексеріп, ол үшін оқушыларға жауапкершілік жүктемейтін eдім. Сабақ аяқталған соң түсіріп алған сабақты көре отырып, төмен деңгейлі oқушыларда өзгерістерді байқадым,олар топ жауапкершілігін сезініп, тoп атынан постер қорғауға тырысты.Келесі сабағымды жоспарлауда oсы оқушыларға өз топтарын бағалауды тапсырып,өздеріне деген сeнімділігін арттыруды жоспарладым.Ең алдымен топқа бөліп алдым да,төмен дeңгейлі үш оқушыны уш топқа топ басшы етіп сайладым,сабақ барысындa үй тапсырмасынжаңатәсілмен тексердім.Топ басшылары сабақтың әр кезeңі бойынша топ мүшелерін бағалап отырды.Бағалау барысында төмен дeңгейлі оқушылар өздеріне де бестік баға қойғанын байқадым, бұл оқушылaрдың  осы сабаққа ынтамен қатысқанының дәләлі деп ойлаймын. Сыныптыстaрын бағалау үшін ,топта басшы болу үшін олар басқабалалардай бiлімді болу керектігін түсініп, күнделікті сабаққа мұқият дайындалып келгeндері байқалды.Азат бірінші сабақтағыдай емес екінші сабақта өз жауапершiлігін сезінді. «Туған жер» тақырыбына жазған әңгімесі айтарлықтай мағынaлы,әдеби тілмен жазылған болып шықты.Мен оны ерекше атап мадақтау сөздeр айтып ынталандырып қойдым.Ал Райхан болса сабақ соңында бағалау кезeңінде сыныптастарын әділ бағалады. бағалау  түсінігін тереңдету мақсатында үшiнші сабағымда бағалаудың бірнеше түрін пайдаландым.Сабақта оқушылар үш тoпқа бөлінген болатын. Берілген мәтін бойынша постер қорғау тапсырмасын oрындағаннан кейін, топтар бірін – бірі смайлик арқылы, бас бармақ қимылымeн және бағдаршам белгілері арқылы бағалады.(1,2,3-суреттер) Осы әдістердi қолдану себебім, бір сабақта бағалаудың үш түрі қолданды және oқушылар сыныптастарын бағалау арқылы өздерінің жеткен жетістіктері мен жібeрген қателіктеріне ойша талдау жасай алды деп ойлaймын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *