Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту әдістері
Қабидолда Мадина Жанатқызы
Ғылыми жетекшісі: Измагамбетова Раиса Кудайбергеновна
Алматы қаласы,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық унивеситеті
Түйіндеме: Мақалада бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың әдістері мен ерекшеліктері аталып көрсетіледі.
Кілттік сөздер: логикалық ойлау,бастауыш сынып,ойындар,көрнекілік әдістер,математикалық ойындар,бастауыш сынып оқушыларын дамыту.
Аннотация:В статье рассматриваются методы и особенности развития логического мышления у учеников начальных классов.
Ключевые слова: логическое мышление, начальные классы, игры, наглядные методы, математические игры, развитие учеников начальных классов.
Abstract:The article highlights the methods and features of developing logical thinking in primary school students.
Keywords: logical thinking, primary school, games, visual methods, mathematical games, development of primary school students.
Бастауыш мектеп жасы-балалардың логикалық ойлауының негіздері қалыптасатын кезең.Салыстыру,жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмаларды қолдану маңызды[1].Дидактикалық ойын мен тапсырмалар-баланың білімге деген қызығушылығын арттырып,зерттеуге,ойлануға,шешімдер қабылдауға тиімді әдіс болып табылады.
Логикалық ойлауды дамыту баланың жас ерекшелігіне сай қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асады. Әсіресе, шығармашылық ойындар мен проблемалық сұрақтар оқушыны дербес ойлануға және жаңа шешімдер табуға итермелейді[2]. Логикалық білім баланың түсінігін,логикасын,көзқарас дамытады.Логикалық білімде бірінші әдістерге дұрыс назар аудару керек.Бала тез қабылдай алатындай,оларды қызықты әдіспен дамыту керек.Баланың ақыл-ой белсенділін арттыру бірінші кезекте әрине мектепте басталады.Сондықтан мектеп логикалық білімді қолға алуы тиіс. Мектептерде логикалық сабақ қазір оқытылмайды.Мәселен,сабақ оқыту барысында логикалық амал,ойын,әдістермен сабақты қызықты өткізеді.Бастауыш сыныптарда логикалық білім баланың жас ерекшеліктеріне қарайды.Бала айналасын ажырата алып,бақылау жұмыстарын жүргізуге бейімдейді.
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту бұл қабілеттерін,дағдыларын қалыптастырады және күрделі тапсырмаларды оңай орындауларына септігін тигізеді.
Логикалық ойлауды дамыту үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
Ойын әдістері:Ойындар балалардың білімге деген қызығушылығына және шығармашылық қабілеттеріне көп назар аударылады.Ойын арқылы балалар жаңа білімді тез қабылдап,түрлі логикалық тапсырмаларды қызығушылықпен және оңай түрде шешеді.Мысалы:құрастырмалы ойындар,логикалық сұрақтар,сәйкестендіру ойындары.
Әңгімелесу және пікірталас әдістері:оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге,өз ойын дәлелдей алуға мүмкіндік беру логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.Мысалы:белгілі бір тақырып беріліп сыныпта пікірталас өткізіледі.Пікір талас арқылы өз пікірлерін оқушыларға білдіріп,оны дәлелдей алуға дамытады.
Проблемалық сұрақтар мен жағдайлар : проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойлау қабілеттерін ынталандыруға болады. Бұл әдіс олардың түрлі шешімдер іздеуге, талдауға және шешім қабылдауға икемділіктерін арттырады. Мысалы:Егер мектепке жаңа пән енгізілетін болса,ол қандай пән болғанын қалайсың?
Математикалық әдіс-бұл оқушылардың жылдамдығын арттырады.Оқушыға есепті дұрыс түсіндіріп,қызықты қылып оны жеткізу арқылы баланың ойы соған бұрылады.Логикалық ойлау мен математика бір-бірімен тығыз байланыста. Ұлттық ойындар да тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылады. Ұлттық ойындар баланы физикалық және рухани жағынан дамытып қана қоймай, мәдени құндылықтармен таныстырады. Ойын арқылы бала өз халқына тән ерекшеліктерді таниды, ұлттың салт-дәстүрін құрметтеуді үйренеді. Сонымен қатар, ойындар баланың ойлау, қабылдау, назар аудару қабілеттерін жетілдіреді. Әсіресе, ұлттық ойындарда логикалық тапсырмалар мен әрекеттер жиі кездесетіндіктен, олар баланың зейінін арттырып, түсінігін кеңейтеді.
Осындай ойындар арқылы балаларды жан-жақты дамытып, олардың ұлттық рухын көтере отырып, зияткерлік және рухани тәрбиелеуге мүмкіндік бар. Қазіргі қоғамда білімді және ақылды ұрпақ тәрбиелеу өте маңызды, себебі елдің болашағы жас ұрпақтың қолында. Логикалық ойлауды дамыту — болашаққа сенімді қадам жасау жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Ойлау адамға алға мақсат қойдырып,оған жету үшін ұмтылдырады.Қазіргі қоғамға ақылды ұрпақ керек.Елімізді дамытып жақсы белестерді асыруға.Ойлауды дамыту біздің болашағымыздың кепілі.
Қорытындай келе,бастауыш сыныптан бастап логикалық дамытуды қолға алу керек.Оқу процесінде ойлау өте маңызды.Түрлі әдіс-тәсілдерді қолға алып,қызығушылықты арттыру логикалық жетілдірудің бір себебі. Логикалық ойлауды дамыту әдістері балалардың білім алу үдерісін жеңілдетіп, олардың өздігінен ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін қалыптастырады.
Әдістерді оқу бағдарламасына енгізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын жан-жақты дамытуға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Крупская Н.К. – “О воспитании и обучении детей младшего школьного возраста” 89-93б.
- Жұмабаев М. – “Педагогика” 45-50 б.