Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін дамыту
Ғылыми жетекші: п.ғ.м.,аға оқытушы Шаханова Назерке Нақыпбековна
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
nazerke_gold@mail.ru
6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 2-курс студенттері:
Тұрғанбек Жібек Асқарқызы
Төлеу Алина Мәлікқызы
Тұрсын Балнұр Жарасқызы
Торыбаева Асем Біржанқызы
Аңдатпа: Мақала бастауыш сынып оқушыларының білім алуындағы ең маңызды кезеңді сипаттап және оның ішіндегі сөйлеу мәдениетінің маңызын түсіндіреді. Сондай-ақ, ең басты мақсат сөйлеу мәдениетінің дамуына арналған тиімді әдіс-тәсілдерді ұсына отырып, берер нәтижесін зерттейді. Тақырыпқа байланысты статистикалық мәліметтермен салыстыра отыра көрсеткішті жоғарылатуға болатын аспектілерді қарастырады. Дұрыс жаза білу, дұрыс айта білу секілді сөйлеу мәдениетінің негіздерінен бастау алып, педагогикалық зерттеу нәтижесінде пайда болған тақырыпты аша түсетін тәсілдерді көрсетеді.
Түйін сөздер: Сөйлеу мәдениеті, тілдік білім, сауаттылық, әдіс-тәсіл.
Аннотация: В статье описан важнейший этап в образовании младших школьников и объясняется значение культуры речи в нем. Кроме того, основная цель – изучить результаты, предложив эффективные методы и приемы развития культуры речи. Рассматривает аспекты, в которых показатель может быть повышен, сравнивая его со статистическими данными, связанными с темой. Умение правильно писать, умение правильно говорить, берет свое начало в основах культуры речи и показывает подходы, раскрывающие возникшую в результате педагогического исследования тему.
Ключевые слова: Культура речи, языковые знания, грамотность, методология.
Abstract: The article describes the most important stage in the education of Primary School students and explains the importance of speech culture in it. The main goal is also to study the results of the experiment, offering effective methods and techniques for the development of speech culture. It considers aspects that can increase the indicator by comparing it with statistical data related to the topic. It is based on the basics of speech culture, such as the ability to write correctly, pronounce correctly, and reveals the topic that arose as a result of pedagogical research shows approaches.
Keywords: Culture of speech, Language education, literacy, methodology.
Кіріспе. Сөйлеу мәдениеті – адамның қарым-қатынас жасау барысында сөздерді дұрыс, этикалық тұрғыдан пайдалана отырып өз ойын, пікірін білдіре алуы. Бұл тақырып кез келген жас ерекшелігі үшін тұлғалық дамудың маңызды бөлігі. Атап айтқанда адамның өзіндік ойын, пікірін, көзқарасын, сезімін сауатты, нақты және әдепті түрде жеткізу қабілеті. Кез келген ортаның адамды осы қабілетке қарап қабылдайтыны оның өзектілігіне де дәлел бола алады.
Қазіргі қоғамда жеке тұлғаның жан-жақты дамуы оның тіл мәдениетіне тікелей байланысты. Мұнымен айналысуға жауапты тараптың бірі – білім беру жүйесі. Себебі, қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, сауатты тұлға қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларының түп-тамыры, іргесі, қалыптасатын негізгі кезең – бастауыш сынып кезеңі. Бұл кезеңде баланың тілдік қабілеттері мен сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Шамамен 5-10 жас аралығындағы балалар. Бұғанасы енді қатаятын жұмсақ кезеңде бала бойына нені жақсы сіңірсе, сол салынған жолмен кетпек. Балаға отбасыдан бөлек, мектебі не үйретсе соны сіңіріп, нәтижесі де соның процесімен қамтылады. Ендеше, бастауыш сынып оқушылары үшін сөйлеу мәдениетінің маңызын зерттеп, дұрыс дамыту үшін әдіс-тәсілдер ұсынып, зерттеу жүргізіп көрелік.
Негізгі бөлім. XIX ғасырда сыныптық оқыту мен мұғалімдерді даярлау ісі ресми түрде жолға қойылғаннан бері, білім берудің барлық деңгейлерінде тіл, сауаттылық және коммуникация стандарттары туралы мәселелер кезең-кезеңімен көтеріліп отырды. [1, 443]
Дәл біздің қоғамдағы сөйлеу мәдениетіне байланысты балалардың даму қабілеттерінің барлық статистикалық мәліметтер нәтижесі тілдік дағдыларды дамыту керектігінің жоғарғы пайызын көрсетеді. Бастауыш сыныптарда сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған әдістемелер мен инновациялық тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы бұл көрсеткіштерді жақсартуға болады.
Мәселенің шешімін табу үшін әрқашан зерттеу нәтижелері бойынша анализ жасау керек.
Біріншіден, сөйлеу мәдениетіне жататын негізгі аспектілерді анықтау. Оларға:
- Базалық білім
- Тіл
- Сөздік қор
- Сауаттылық
- Эмоционалдық реңкті жатқызуға болады. Әр аспекті бір-бірімен шынжырлас. Бірі жоқ болса бірі босап қалады. Оларды бірге дамытып, баланста ұстау арқылы тақырып аясында жетістікке жетуге болады.
Біріншіден, базалық білім баланың мектептен алып жатқан білімі екенін ескерсек, онда бірнеше пән рөл ойнайды. Алайда дәл сөйлеу мәдениетіне қатысты маңыздылығы жоғары пәндер саны – төртеу. Әліппе, қазақ тілі, қазақ тілі әдебиеті, музыка. Бастауыш сынып оқушыларының мемлекеттік тілдегі сөйлеу мәдениетінің даму жолындағы ең маңызды пән осылар. Өзге тілдерді де қарастырамыз.
Сөйлеу сөйлемнен, сөйлем сөзден, сөз әріптерден тұрады. Әліппе бастауыш сыныптағы баланың білімінің іргетасы. Ол меңгерілмесе сөйлеу мәдениетіне қол жеткізе де алмайды. Қазақ тілі пәні тіл нормаларымен қоса ең маңыздысы орфография (дұрыс жазу), орфоэпия (дұрыс айту) заңдылықтарымен таныстырады. Қазақ әдебиеті сөздік қорға қызмет етсе, музыка пәні дауыспен жұмыс жасауға көмектеседі. Себебі, сөйлеу мәдениетінде жазу мен сөйлеу заңдылықтарынан бөлек дауыстың рөлі ерекше. Музыка пәніндегі әрбір ән айту арқылы дауыс ашылады. Бұл негізгі төрт пән өзге тілді пәндерді қоспағанда саналатын негізгілер. Ал оларды қосатын болсақ, мысалы, орыс тілі, ағылшын тілдерінің де өздеріне тән сөйлеу мәдениеті болады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – демекші, өзге тілдерді білуге ұмтылу болашақта көп мүмкіндіктер ашады. Бірақ бастауыш сынып оқушылары ең алдымен өз тіліне жатық боп, жетік біліп алса олардың мықты іргетасы болмақ. Болашақтан үміт күтер жастардың өз тіліне деген құрметінің де жоғары болары анық. Сөйлеу мәдениеті аясындағы базалық білім негізі осыны құрайды.
Тіл. Оқушылардың тілдік, сауаттылық және қарым-қатынас деңгейін көтеруде мектеп оқыту сапасы арқылы аса күшті ықпал етеді. Бұл дағдыларды қалыптастыратын тиімді оқыту былай сипатталады:
– оқушылардың жоғары белсенділігін қажет ететін күрделі тапсырмалар орындату;
– сыныпты икемді ұйымдастыру – сабақ мақсатына қарай жұппен, топпен, тұтас сыныппен жұмыс;
– оқушылардың қабілетіне сай тапсырмалар;
– қажетті әрекетті, мысалы, жазылымды, мәтінді сканерлеуді, ресми сөйлеуді әдейі модельдеу;
– жазуға және оқуға деген құштарлығын көрсету;
– оқушылардың мүмкіндіктері мен жауаптарына сәйкес қарқынмен жұмыс істеу;
– мұғалім мен оқушы арасындағы күшті интеракция;
– мұқият бақылау және конструктивті, уақтылы фидбәк. [1, 447]
Одан бөлек, технология, жасанды интеллекттер дамып жатқанының яғни телефонның әсері ме қазір өзге тіл тұрмақ өз тілімізге шорқақ балалар көп. Тілге шорқақтық – сөйлеу қабілетінің әлсіздігі. Тілге шорқақтықтың алдын алу үшін практика ретінде көп коммуникация керек. Бұл мәселені шешуге әрине тұрақты жаттығу көмектеседі. Мысалы, сөйлеу жаттығулары. Атап айтқанда күнде тұрақты жаңылтпаштар қайталау, айна алдында сөйлеп жаттығу, дыбыс жаттығулары яғни әріптермен жұмыс. Көп әрі тез жаңылтпаш айтқан оқушыларды белгілі бір сыйлықтармен марапаттап отыру олар үшін мотивация болады.
Сөздік қор. Америкалық зерттеулер әртүрлі әлеуметтік топқа жататын балалардың сөздік қорындағы сөз санында айтарлықтай айырмашылық барын анықтады. 1980 жылдардан бастап Харт пен Рисли (2002) Канзас-Ситидегі кәсіби мамандар, жұмысшы және кедей отбасыларынан шыққан 42 мектеп жасына дейінгі баланы зерттеді. 3 жасына дейінгі кәсіби мамандардың балалары 30 миллиондай сөз, ал өте кедей (мемлекеттен алатын әлеуметтік көмекке өмір сүретін) отбасынан шыққан балалар бар-жоғы 12 миллион сөз еститіні анықталған. Харт пен Рисли өте кедей отбасынан шыққан балалар мен жұмысшы табының балалары арасындағы сөздік қор алшақтығын азайту үшін қосымша аптасына 41 сағат тіл курсын жүргізу қажет деп есептеді. [1, 445]
Мектепке дейінгі жаста көрсетілген арнайы тілдік қолдау алдағы уақытта балалардың бастауыш мектепте одан әрі дамуына оң әсер етері сөзсіз. Егер ата-ана баласының оқуына көңіл бөлсе, онда отбасының қандай әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан, баланың үлгерімі 15 пайызға артады деп көрсетіледі. (Centre for Social Justice, 2013). [1, 446] Бұл дегеніміз мектеп қабырғасындағы білім мен мұғалімдердің рөлінен де бұрын ата-ананың да рөлінің маңызды екенін айғақтайды.
Сөздік қордың көптігі – cөйлеу мәдениетінде айтар сөздердің жетпей қалуының алдын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын көбейту үшін қазақ әдебиеті пәнінен өтетін әрбір әдеби шығарманы оқығанда олар үшін жаңа таңсық сөздерді жазып алуға арналған сөздік дәптер жазғызу керек. Сондай-ақ әрбір жаңа сөздің мән-мағынасын бірге талқылап, қолданылу аясында іске асырып көру керек. Таңсық сөздерді жаттап алуды әдетке айналдырса сөздік қор молая түседі, сәйкесінше сөйлегенде қиналмайды.
Сауаттылық. Тақырыпша бөлімін кең ауқымнан бастасақ. Біріккен Корольдік халқының едәуір бөлігі әлі де сауаттылық дағдыларының төмен деңгейін көрсетіп отырғаны жасырын емес. Әсіресе мектептегі әр оқыту кезеңі бойынша берілген есептерде негізгі тіл мен сауаттылық дағдыларын меңгеруде қиналып жүрген балалардың тым көп көрсетілгені алаңдаушылық туғызады. Берковтың баяндамасында (2008) 5 жастағы балалардың 7 пайызы (шамамен 40 000) мектепке арнайы түзету жұмысын қажет ететін сөйлеу немесе тілдік қиындықтарымен келетінін мәлімдейді. [1, 444] Бастауыш сыныбына көшкен баланың оған дейінгі сөйлеу қабілетінің кішкентай іргесін мықтап бекітіп жалғастырып, алып кете алуы қажеттігін ескерсек, бұл бастауыш сыныбына дейінгі де даму маңыздылығын көрсетеді. Яғни сөйлеу мәдениетінің, сауаттылықтың дұрыс қалыптасуына бастауыш сыныбында берілетін білімнен алдыңғы алған білімнің де әсері зор.
Осыған орай Хамер (тақырып аясындағы оқулықтардың бірінің авторы) бала тілінің ерте шығуына оның әлеуметтік шыққан тегіне қарағанда, коммуникативтік орта көбірек ықпал етеді деп тұжырымдайды. Докрелл және басқалар (2012) сыныптағы қарым-қатынасты жақсартуға (CSC) арналған бақылау құралын шығарды. Бұл үкімет қаржыландыратын коммуникацияны жетілдіруді зерттеу бағдарламасы аясында пайда болған дүниелердің бірі. CSC бақылау құралы қабылдау мен 1-негізгі кезең сыныптарына бағытталған және арнайы жүргізілген зерттеулердің ауқымды шолуына негізделген. Мұғалімдерге 3 өлшемді бақылауға бір сағат уақыт беріледі:
– тілді оқыту ортасы (мысалы, кейбір сынып бөлмелерінің дисплейінде балалар өз пікірін жаза алады, жарық жақсы түседі, рөлдік ойындар ойнауға болады);
– тілді үйрену мүмкіндіктері (мысалы, шағын топтарда жұмыс істеу, сөйлей алатын жұп табу, ересектермен белгілі бір құрылым бойынша әңгімелесу);
– тіл үйренудегі интеракциялар (мысалы, ересектер балалармен қарым-қатынас кезінде олардың деңгейіне түседі, балалардың аттарын қолданады, сөйлегенде кідірістер жасайды).
Егер сіз (педагог) ерте балалық шақтағылармен немесе 1-ші негізгі кезеңмен жұмыс істейтін болсаңыз, CSC құралының көшірмесін жүктеп алып, негіздемесін оқып, әріптесеріңізбен оны пайдалануға бола ма, болса қалай пайдалану керектігін талқылаңыз. Қараңыз: www.gov.uk/government/collections/better-communication-research-programme [1, 446-447]
Сауаттылықтың негізгі екі түрі орфография (дұрыс жазу) мен орфоэпиядағы (дұрыс айту) сауаттылық сөйлеу мәдениетінің де сауатты болуына апарады. Себебі, айтылатын сөздердің құрамы ең бірінші дұрыс құрастырылып жазылса ғана дұрыс болады. Ал жазу, сөйлеу сауаттылықтарына қол жеткізу үшін қазақ тілі пәніндегі нормалар жүзінде тапсырмалар орындау керек. Алайда мектеп бағдарламасынан тыс дамуға көмектесетін әдіске жазу машығын қалыптастыру жатады. Бастауыш сынып оқушыларына қиындық туғызатын шығарма сынды жазу керек тапсырмалардан алдын жеңіл тапсырмалар болуы керек. Мысалы, жәй ғана күнделік жазу. Күнделік дәптер арнатып, күнде жазып жүргендерін қадағалау алғашқы қарапайым тапсырмаға сай келетін әдіс. Күнделік жазу әдетке айналса жазу машығы да қалыптасады. Ал жазу машығы сөйлеу мәдениетіндегі дұрыс сөйлеуге керек дұрыс сөйлемдерді құрастыруға көмектеседі.
Эмоционалдық реңк. Бұл дегеніміз сөйлегендегі ым-ишара (жест) қимылдар. Сөйлеу мен егіз элемент деуге болады. Себебі, сөйлеу мәдениетіне әр береді. Ал бұны қалыптастыру үшін айнаға қарап сөйлеп жаттығу көмектесе алады. Одан бөлек қазақ әдебиеті пәніндегі әрбір оқитын шығарманы қойылым ретінде қойып көріп практика жүзіндегі әдіс ретінде қолданса, баланың қимыл жүйесі қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған оқулықтарды іздеп көргенде бірнеше оқулықтар тізімі табылды. Мысалы, 1-сынып оқушыларына арналған «Тіл дамыту», мектеп алды дайындық топтарына, оған дейінгі жастағы балалар үшін үлестірмелі материалдардан құралған Алматыкітап баспасындағы «Сөйлеуді дамыту», оқулығымен қоса жұмыс дәптері, Коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» жұмыс дәптері сынды оқулықтармен жұмыс жасау айрықша әсер берері сөзсіз. Алайда мұғалімнің міндеті оқулықтан алған тапсырманы жәй ғана бере салу емес, өз тәжірибесінен жаңашылдық енгізе отыра балаларға оңтайлы болатын әдістерді тауып, қолданып нәтиже шығару.
Тақырыптағы мәселені шешуге арналған қарапайым базалықр әдістер ұсынылды. Ендігі ерекше әрі креативті әдіске «Драматизацияланған диалогтер» әдісін ұсынуға болады. Әдетте бастауыш сынып оқушылары үшін қолданыла бермейді. Дегенмен, сөйлеу мәдениетіне эоционалды түрде әсер беретін балалар үшін де қызықты әдіс. Оның мақсаты, оқушыларды әртүрлі рөлдегі жағдайларға ене отырып, оларға сөйлеу әдебі мен мәдениетін үйрету. Ерекшелігі – балалар белгілі бір сюжеттік диалогты ойнап қана қоймай, оны өз сөздерімен толықтыру арқылы логикалық ойлау қабілетін де дамытады. Әртістік өнерге ұқсауы мүмкін. Образға кіріп, оны сомдау арқылы өзінің шынайы болмысы қандай еді, рөлге кіргендегі болмыс қандай болды деген тұжырыммен өзін де тани түседі. Өзінің астапқы А нүктесін анықтап, сөйлеу мәдениеті дами түскен Б нүктесінің де қандац боларын тани түседі. Әдіске толығырақ тоқталайық:
- Сюжеттік жағдайды таңдау.
Мұғалім өмірден алынған немесе қиял-ғажайыпқа негізделген ситуацияны ұсынады. Мысалы, дүкеннен зат сатып алу делік.
- Оқушыларды рөлдерге бөлу: Балаларға түрлі рөлдер беріледі: сатушы, сатып алушы, көмекші, ертегі кейіпкері және т.б.
- Диалог құрастыру: Оқушылар өз рөлдеріне сәйкес диалогты өз бетінше құрастырады немесе берілген мәтінді ипровизациялайды. Мұнда олар этикалық нормаларды сақтауға, рөлдеріне сай интонацияны дұрыс қолдануға тырысады.
- Драматизация: Оқушылар өз диалогтарын сахналайды. Бұл кезеңде интонацияға, дикцияға, этикаға ерекше көңіл бөлінеді.
- Рефлексия: Рөлдік ойынды орындағаннан кейін, мұғалім балалармен талдау жүргізеді: қандай сөздер дұрыс пайдаланылды, сыпайы сөйлеудің маңызы қандай, қате жіберілген жерлерді қалай түетуге болады? Бұл әдіс өзінің ерекше нәтижелілігімен ерекшеленеді.
Қорытынды. Жоғарыда айтылған аспектілер мен әдіс-тәсілдердің базалық жиынтығы бұрыннан белгілі екені анық. Олардан күтер үміт тек тұрақты қолдану арқылы нәтиже шығару. Соңында ұсынып ткен «Драматизацияланған диалогтер» әдісі өз нәтижесін көрсетпей қоймас. Жаңа дүниелерді байқап көру жаңа шабыт сыйлайтынындай бұл әдіс те салаға өз жаңашылдығын алып келеді.
Сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған әдіс-тәсілдер әрине көп. Алайда маңыздылығы іске асыру. Бастауыш сынып оқушылары үшін қарапайым тәсілдерді трендте деп айта аламыз. Себебі, олардың психикасы енді толығып өсіп келе жатыр. Бірден ауқымды әдіс-тәсілдерді қолдану олар үшін қиынға соғып құлшыныстары жоғалуы мүмкін. Оларға сөйлеу мәдениетін нәтижелі түрде қалыптастыра алу үшін бірінші кезекте оның маңыздылығын түсіндіре алу. Түрлі жас ерекшелігіндегі адамдармен жұмыс жасау үшін бірінші кезекте олардың қажеттіліктерін анықтап алу керек. Сол қажеттіліктер орны толған кезде ғана олардың керек білімді сіңіруі жеңіл болады. Сол секілді бастауыш сынып оқушыларының да қажеттілік, қызығушылықтарына сай тәсілдер қолданылса, жемісі де тәтті әрі жеңісті болмақ. Ең бастысы осы.
Әдебиеттер тізімі:
- Григг, Р. Бастауыш мектеп мұғалімі: шеберлікті шыңдау. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 600 бет.
- Харт, Б., Рисли, Т. (2002). «Кәсіби және әлеумттік айырмашылықтар.» American Journal of Sociology. 25. №3. 56-78.
- UK Government Communication Programme: gov.uk/government/collections/better-communication-research-programme