ОҚУШЫЛАРДЫҢ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ ТҰРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Қалижан Мадина Мәлікқызы
Жаңбырбай Нұрлы Талғатқызы
Мансұр Сымбат Нұралықызы
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Философия докторы (PhD), аға оқытушы Измагамбетова Раиса Кудайбергеновна
Аннотация: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушылары арасындағы буллинг мәселесі жан-жақты қарастырылады. Буллинг – жүйелі түрде психологиялық немесе физикалық қысым көрсету. Мақалада буллингтің негізгі себептері, оның ішінде отбасындағы тәрбие мен мектеп ортасының әсері талданады. Сонымен қатар, буллингтің балалар психологиясына теріс әсері және алдын алу шаралары қарастырылған. Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналарға буллингке қарсы тиімді шаралар қабылдауға бағыт береді.
Тірек сөздер:буллинг, бастауыш сынып оқушылары, кибербуллинг, мектеп ортасы, балалар психологиясы.
Буллинг — бұл бір немесе бірнеше адамның басқа адамға физикалық немесе психикалық түрде зорлық көрсетуі.Буллинг жайлі ҚР жалпы ережелері:
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 113 тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі қызметтің тәртібін айқындайды.
1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
2) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;
3) әлеуметтік бейімделу – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар.
Буллинг терминінің астында көбінесе қорқыту, психологиялық немесе физикалық террор ұғымы қалыптасады. Бұл тақырыпты толық ашу үшін, оның тарихын құнығып зерттеу қажет. Буллинг тақырыбы ұзық жылдар бойы адамзат тарихында қалыпсатқан. Белгілі бір ортада бір адам екінші адамға зорлық көрсетуі өкінішке орай ғажайып нәрсе емес. Ең алғашқы буллинг түрлері мектеп пайда болуымен туындайды. Ал қазіргі 21 ғасырда буллингтің жаңа тұрі кибербуллинг пайда болды. Кибербуллинг интернет желісінде басқа адамдарға буллинг көрсетуді айқындайды. Оның салдары суицид, адам өмірін араңдауға алып келеді.
Буллинг тақырыбын толық зерттеу 1970-1980 жылдары басталды. Бұл жылдар зерттеудегі алғашқы жылдар болып саналады. Норвегиялық психолог Дан Ольвеус осы тақырыпты зерттеген ең алғашқы психологтардың бірі болып саналады.
Буллингтың әлеуметтік орынының зерттеуі 1990 жылдары басталды. Бұл кезде буллингтың тек жеке адамның мәселесі ғана емес, топтық, әлеуметтік мәселе екені анықталды.
2000 жылдар – буллинг түрлері көбейіп, тіпті интернетке де тең тарау кезеңі. Сьюзан Суини кибербулингтың психологияға деген әсерін зерттеді
Қазақстан мемлекеттік және саяси қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы Нурлан Нығматулиннің айтуынша «Шынымен буллинг және кибербуллинг деген – ол өте қауіпті нәрсе. Олбалалардын психологиясын бұзатын, суицидке алыпбаратын жол. Сондықтан, жаңа айтып кеткендей, балаларды, әсіресе, мектеп балаларын, буллинг және кибербуллингтен толықтай қорғайтын нақты нормалар енгізуіміз керек.»
Гүлнар Байқадамованың айтуынша, буллинг — балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік бөліну мен эмоционалдық жарақаттар туғызады. Буллингтің себептері көбіне отбасы тәрбиесіне, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарға байланысты.
Қанат Нұрғалиев пен Айгүл Сейітжановалардың зерттеулерінде буллингтің балалардың оқу үлгеріміне, жалпы психологиялық жағдайына, зиянәкелетіні айтылған. Буллингтің мектептегіпсихологиялық атмосфераға әсері, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік қатынастарына теріс ықпал етуі жиі айтылады.
Ал Барбара Коллинг болса былай деген: «Буллинг дегеніміз – физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық, ол бала немесежасөспірімнің әлеуметтік дамуында теріс әсер қалдырады. Бұл тек қана балалар арасында емес, ересектер арасындағы қарым-қатынаста да орыналуы мүмкін.»
Кевин Лемби: «Буллингтің алдын алу үшін оқушыларға және мұғалімдерге арнайы тренингтермен бағдарламалар ұйымдастыру қажет. Тек мектепқабырғасында ғана емес, отбасы мен қоғамда да буллинг туралы түсінік қалыптастыру маңызды.» [6]
Буллинг адам өміріне нашар әсер етіп, өсіп кележатқан жас өспірімде травма қалдыруы мумкін, солсебептен буллингпен күресіп, оның себептерінанықтау маңызды.
Буллингтың пайда болу себептері:
1) Топтық мәдениет салдары: Кейде жасөспірімдер өздеріне керек нәрселерді тек басқа адамдарға қысым көрсету арқылы жүзеге асырады.
2) Дұрыс тәрбие бермеу: Көп теген ата-анабаласының тәрбиесіне салғырт қарағандықтан зорлық, ұрып-соғу деген сияқты девианттық қылықтарға алып келеді.
3) Мектеп администрациясының мән бермеуі. Мектеп өз оқушыларын жөнді түрде қадағалай алмаса, оқушылар әртүрлі тәртіп бұзушылықтар жасайды.
4) Тәрбиенің қаталдығы: Отбасыңда балаға тымқатал тәрбие берілген жағдайда агрессиянықолда ұстау мәселесі пайда болмақ
5)Отбасыдағы зорлық: бала уйінде не көрсе, соны қайталайды. Яғни отбасыда зорлық, қол көтеру, агрессия орын алса бала сол қасиеттерді өз бойына сіңіреді.
6) Елдегі теңсідік: Адамдардың бай, кедей болыпбөліну, адам арасындағы айырмашылықтар (эникалық, деңсаулық жағдайына байланысты)
7) Қоғамдағы зорлық: Нашар орта, яғни ортаның дұрыс болмауы, қоғамда соққы, зорлық көрінісі жиі түрде орын алма, бала оны өз бойынасіңіреді.
Буллингтаң қалай қорғануға болады? Бірнешежолдарын белгілеп кетейік.
1) Өзіңді қорғай білу: Өз-өзіңді қорғап білген жөн. Агрессордың қорқытуына шыдап жүре бермей, төтеп беру керек.
2) Керек жағдайда психологиялық көмекке жүгінген жөн: Ұялмай психолог маманның көмегіне бару қажет, себебі көп-теген жылдар бойы қайталанып келе жатқан буллингты ұмыту оңай емес, олпсихологиялық травма немесе депрессия сияқты ауруларға алып келуі мүмкін.
3) Ата-ана мен ұстаздарды ескерту: егерде сіз немесебасқа біреу буллинг құрбаны болып жатса үлкен адамдарды көмекке шақыру керек. «Бұл маған қатысты емес» деп журсеңіз кейін жаман салдарға алып келуі мумкін. Буллингпен күресудегі ең маңызды шешім ол басқа адамның басына тускенқыйындығына салғырт қарамау!
Буллинг ұзақ мерзім арасында болуы мумкін. Агрессор ұзақ уақыт ішінде өз құрбанына психологиялық давление жасап, оның өміріне кедергіжасайды. Бұл мәселе бүкіл қоғамды шарлайды, әрадамға қатысты. Бұл феноменнің кесірінен көптеген адам зардап шегуде, балалар өздеріне қол жұмсап, қиянат жасауда. Сол себептен болашақ ұстаздың ең бірінші борышы өз оқушысының жеке қауіпсіздігіне жауап беру.
Өсіп келе жатқан жас-өспірім психологиялық түрдегі қысымның әсеріне оңай ұшырайды. Ал педагогтың борышы тек өз пәнін оқыту ғана емес, оқушыға психологиялық көмек көрсету. Буллинг әлі күнге дейін өзекті мәселе, қоғамдағы буллингты жоқ қылу біздің борышымыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Баланы жәбірлеудің (буллингтін ) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы – “Эділет”АҚЖ .
2. Білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандар арасында мектеп буллингінің алдын алу бойынша әдіснемелік ұсынымдар
3. «Нығматулин: Буллингтен балаларды қорғауды заң жүзінде қамтамасыз ету керек» – 2022 жыл, 21 желтоқсан.
4. Қанат Нұрғалиев, Айгүл Сейітжанова // Буллинг..
5. Barbara Kolling, // Little children are always looking, never questioning’ Entertainment-others News – The Indian Express.
6. The Bully, the Bullied, and the Bystander – August 18, 2003.