Оқытудағы жаңаша көзқарас

Сералиева Әлия Тағайқызы

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың  биология  сабағына    қызығушылығын арттыру.

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
К.Д.Ушинский

Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.
Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.
Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастардың түсінікті болуы керек.Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады.
Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір – бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады бұл өткізген сабақтарымда көрініс тапты. Сабақтарымда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақтар, сұрақ – жауап, тексеру сұрақтарын дайындадым. Химияда негізгі ереже – химиялық формулалар мен химиялық реакциялар. Химиялық тілде сөйлеуге дағдыландыру, формулаларды сөйлету.
Оқушылар өз сабақтарында тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің маңыздылығын түсініп сезінді.Оқушылар тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым,зерттеушілік әңгіме – мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан.

 

Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі – топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. Мысалы, дәреже дәреженің анықтамасы, одан шығатын тұжырымдамалар, қасиеттері туралы тапсырмаларды шешуде оқушылар ұжыммен өзара кеңесіп, талдап, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндірді.Кластеге түсіріп, тақырыптарын қорғады.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі – төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаландым.Сынамалауға арналған сұрақтар: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, ойларын анық білдіруге көмектесетіндей етіп құрылуы қажет
Оқушының оқуын сұрақтарға берген жауаптар негізінде бағалау мүмкін болды. Себебі, кейбір оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, есеп шығару мүмкіндігіне ие болса, кейбір оқушылардың сұраққа жауап бергеніне риза болуға тура келеді. Қабілеті әр түрлі оқушылар үшін сұрақтарды шектеп отырдым. Балаларды барынша мұқият оқыту үшін сұрақтар қою техникасын анықтадым.
Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты менің түсінігімде болған өзгерістер:
– бірден көп сұрақ қоймау.
– оқушыларға ойлауға уақыт беру.
– орынсыз сұрақтар қоймау.
– ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.
– оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.
– оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.
Сұрақтардың сапасы және жоспарлау үздік сабақтың айқын белгісіне айналуы күмәнсіз. Іс жүзінде біз сұрақтарға көп сенім артамыз. Сұрақтарды қоя білу стратегиясынсыз үздік прогресс, сабаққа етене кіріп кету және бағалау болуы мүмкін емес.
Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде Диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды.

 

Шағын топта жұмысты жоспарлаған ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Жүйелілік ғылыми ойлауға, қиын тапсырмаларды жетік білуге, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілік тудырады. Осының нәтижесінде жан-жақты білім алуға, қоршаған дүниенің заңдылықтарын тұтастықта қабылдауы қалыптасады. Жалпы оқушылардың қиын тапсырмаларды орындауда қиындықтар туындайтыны белгілі болды. Қиын тапсырмалардың мөлшерін алдын ала анықтау керектігі белгілі. Ендеше, оқушыға қалай оқытудың жолын үйретіп, кері байланыс арқылы оны қайта сұрау керек. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі т.б. оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Оқушылар сабақта жауап беруде дәлелдемелерді ауызша баяндап формулаларды жазады, талдау кезінде жіберген қателерін өзара әрекетпен түзетеді, іскерлік өзара әрекет дағдылары дамиды.
Білімді беру салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Бұл ұсыныстар менің сабақтарымда да болғанын айтқым келеді, әрбір сабақ соңында жауаптарына қарай оқушы білімін бағаладым. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырды. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім.
Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.
Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
– оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
– оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
– білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
– оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
– оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
– оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
– оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.
Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі.Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол.
Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *