Бәрін білгім келеді

Биология пәні мұғалімі: Нарымбет Жанар Айтжанқызы

Мақсаты: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту, танымдық қабілетін арттыру, көпшілік елдің алдында еркін сөйлеуге, тапқырлықпен өзін–өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Бәрін білгім келеді» интеллектуалды ойын атты 10-сыныптар арасындағы биология пәнінен өткізілетін жиынға қош келдіңіздер!

Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр,
Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр. – деп Махмуд Қашғари атамыз айтқандай, білімдік ойын ретінде өтетін сайысқа белсене, құлшына араласатын Алматы облысы, Талғар қаласының №23 жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушыларымен сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
10 – сынып оқушылары: оқушылармен танысу / бейджик/
Бағалау парағы /жюри/ Кезеңдермен таныстыру
1 топ мүшелері
1-кезең
2-кезең
3-кезең
4-кезең
Жалпы ұпай

Критерийлері:
1- кезең «Кім жылдам» , әр жауапқа 1 балл ,
2- кезең «Викториналық сұрақтар» 2 балл,
3- кезең «Ғалымдардың жаңалығы» доллар ақша саны жазылады,
4- кезең «Терминдерге анықтама» 1 балл саналады
Жалпы ұпай саны: Грам-при-
1- орын
2- орын
3- орын
Ең көп ұпай Оқушыларды 3 топқа бөлу:
1. Ойшылдар;
2. Тапқырлар;
3. Алғырлар
Әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
«Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалды ойын түрде өтетін сайыстың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
І кезең – «Кім жылдам?»
ІІ кезең – «Викториналық сұрақтар»
ІІІ кезең – «Ғалымдардың еңбегі»
IҮ кезең – «Терминдерге анықтама»
Тапқыр, білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды,
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды – деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық.

I-кезең. Мақсаты: тапқырлыққа, жылдам және дұрыс жауап беру
«Кім жылдам?» оқушыларға кезекпен сұрақтар беріледі, жауап бере алмаған жағдайда келесі сайыскер оқылған сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
1- топ
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
2. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек
3. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу
4. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: Көнеқұс
5. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет
6. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер. Түрпі
7. Құрттар – топырақтан, шыбындар – шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. Аристотель.
2- топ
1. Адам денесіндегі буындар саны:/ 230.+//
2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без /Гипофиз/
3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру / Қант ауруы/
4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: /Амнезия/
5. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: /Дальтонизм/
6. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек
/ 30 – 35см/
7. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады /27 секунд/
3 топ
1. Тірі организмдердің тіршілігіне әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта құрамбөліктерін ………….. деп атайды ? / абиотикалық/
2 Ғарышта бірінші болған балдыр? / хлорелла
3 Акуланың өте жақсы дамыған сезім мүшесі / иіс сезу/
3 Хромосоманың нуклеотидтерінің бір бөлігі түсіп қалуы / делеция/
4 Бұлшық етте болатын нәруыз / миозин/
5 Шымтезек қандай тірі ағза? / мүктер/
6 Оттекке қаныққан қан / оксигемоглобин/

II-кезең https://wordwall.net/play/82223/974/973
2 кезеңнің «Викториналық сұрақтар» ережесімен таныстыру: Сұрақтар кезекпен беріледі, кестедегі тиісті ұяшықты таңдап, сол сұраққа жауап береді, жауап бермеген жағдайда келесі оқушы жауап береді. Әр жауапқа 2 балл қосылады
Өсімдіктер әлемі
Жануарлар әлемі
Адам анатомиясы
Микроағзалар
Генетика
Саңырауқұлақтар
Құрттар
Балықтар әлемі
Заттар тасымалдау
бөлімі
Cұрақтары:
Өсімдіктер әлемі
1. Судың тереңінде өсетін балдыр /қызыл балдыр/
2. Өсімдіктің қай мүшесін «жасыл асхана» деп атайды?
3. Өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен айналысатын ғылымдар?/селекция/
Жануарлар әлемі
1. Дүние жүзіндегі ең алып құс /түйе ұс/
2. Қосарлы тыныс алатын ағзалар /құстар/
3. Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі /Құбылғы/

Адам анатомиясы
1. Қанның құрамындағы ақ жасушалар /лейкоциттер/
2. Теріге қоңырқай түс беретін нәруыз /меланин/
3. Көру рецепторлары /таяқшалар мен құтышалар/
Микроағзалар
1. ДНК сақинасы бар ағзалар /бактериялар/
2. Микроағзалар өсімдіктердің өсуіне қалай көмектеседі? /симбиоз/
3. Nitrosomonas немесе азотты фиксациялайтын бактериялар және топырақта аммиякты түзетін ағзалар /бұршақты өсімдіктер/
Генетика
1. Хромосомалық теорияны ашқан ғалым /Томас Морган/
2. Генетикалық зерттеулер жүргізуге қолайлы жәндік /Дрозофила шыбыны/
3. Басыңқы гендер қалай атаймыз? /Доминантты/

Әділ-қазылар оқушылардың жиған баллын есептеп жіберсеңіздер.
10 сыныптар арасында өткен «Бәрін білгім келеді» атты сайысымыз тамамдалды. Жүлделі орындарды анықтау үшін әділ-қазылар алқасына уақыт береміз. сөз кезегін береміз.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста білім керек,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек.- дей келе, бүгінгі интеллектуалды ойында өз білімдеріңді қалай толықтырдыңдар, нені есте сақтадыңдар, соны стикерге жазып, алма ағашына жабыстырыңдар.
Жюри – жеңімпаз топты анықтап өтеді. Мақтау қағаздарымен марапаттау. Ынталандыру мақсатында жүрекшелер таратылады.

Жүректерінде елімізге сүйіспеншілік пен махаббаттарың сөнбесін, білімді , ойшыл, тапқыр, алғырлар болып өсе беріңдер
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың – дей келе сайысымызды аяқтаймыз! / Соңы/

Бекітемін:_________
Мектеп директоры: З.Т. Мушрапилова

“Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша мемлекеттік
мекемесінің “Сәкен Сейфуллин атындағы #2 жалпы білім беретін орта
мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бәрін білгім келеді» инттелектуалды ойын

Биология сабақтарында жасанды интеллектті қолдану арқылы
оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту»
облыстық семинар

/ 10 сынып/

Биология пәнінің мұғалімі : Нарымбет Жанар Айтжанқызы
Өтетін орны: №23 жалпы білім беретін орта мектебі

22.11.2024ж

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *