Ойын арқылы баланы дамыту жолдары

Аты-жөні: Тусупбекова Мейрамгуль Амангельдиевна

Лауазымы: тәрбиеші

Алматы қаласы Бостандық ауданы

№72 Бөбекжай балабақшасы

 

Ойын арқылы баланы дамыту жолдары

 

Кіріспе: Ойын — балалардың өміріндегі маңызды әрі ерекше орын алатын әрекет. Ол тек көңіл көтеру немесе уақыт өткізудің тәсілі ғана емес, баланың психологиялық, әлеуметтік және когнитивті дамуына әсер ететін тиімді құрал. Ойын арқылы балалар өздерін танып, қоршаған ортамен байланыс орнатуды үйренеді, сонымен қатар шығармашылық ойлау, логикалық қабілеттер мен әлеуметтік дағдыларды дамытады. Ойын — баланың ішкі дүниесін түсіну, баланың тұлға болып қалыптасуына, оның болашақ өміріне негіз болатын дағдыларды қалыптастыру үшін аса маңызды әдіс.

Ойын ортасы – бұл баланың көп уақытын ойнауға және қоршаған әлемді зерттеуге жұмсайтын кеңістік. Дұрыс ұйымдастырылған ойын ортасы жоғары сапалы ойын тәжірибесіне ықпал етеді.

Ерте балалық шақ – әлеуметтік тәжірибені игерудің бастапқы кезеңі. Бала тәрбиенің әсерімен және қоршаған әлемнен алған әсерінен дамиды. Ойын – балаға ең қолжетімді әрекет түрі, ол алынған әсерлерді өңдеудің ерекше тәсілі.

Балалардың ойын әрекеті екі өте маңызды факторды объективті түрде біріктіреді: бір жағынан, балалар практикалық іс-әрекетке қатысады, физикалық дамиды және өз бетінше әрекет етуге дағдыланады;

екінші жағынан, олар бұл әрекеттен моральдық және эстетикалық қанағат алады және қоршаған орта туралы білімдерін тереңдетеді. Мұның бәрі түптеп келгенде жеке тұлғаны тұтастай тәрбиелеуге ықпал етеді.

  1. Когнитивтік дағдыларды дамыту

Ойын — баланың ақыл-ойын дамыту үшін таптырмайтын құрал. Ойын арқылы бала ақыл-ойын дамытады, ол жаңа білім мен ақпаратты жинақтап, әлемді түсінуге, түрлі мәселені шешуді үйренеді,  себебі ойын кезінде олар белгілі бір мақсатқа жету үшін әрекет етеді. Балалар ойнау арқылы өздеріне жаңа білім жинайды, Мысалы, «пазл» сияқты ойындар баланың логикалық ойлауын және кеңістіктік түйсігін дамытады. Ойынның әртүрлі түрлері, әсіресе, танымдық ойындар, балаларға объектілердің қасиеттерін, олардың арасындағы байланыстарды түсінуге көмектеседі.

Кейбір ойындар баланың математикалық дағдыларын да дамыта алады. Мысалы, санмен байланысты ойындар, ойыншықтарды санау арқылы баланың саналауға деген қызығушылығын арттыруға болады. Сонымен қатар, шығармашылық ойындар, сурет салу немесе рөлдік ойындар баланың қиялын ұштап, тілдік дағдыларын дамытады. Баланың қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыруға көмектесетін ойындар да көп, олар арқылы бала әлемдегі заттар мен құбылыстардың арасындағы байланысты түсінеді.

  1. Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру

Ойын — балалардың әлеуметтік өмірін дамыту үшін ең тиімді әдіс. Көп жағдайда ойын барысында балалар бір-бірімен тілдесіп, әрекеттеседі, топтық жұмыс жасауға, бірлескен шешімдер қабылдауға үйренеді. Бұл олардың адамдармен қарым-қатынас жасауды, қарым-қатынасты құрметтеуді, өз пікірін білдіруді, тыңдауды, келісімге келуді үйренуіне мүмкіндік береді. Әсіресе, рөлдік ойындар балалардың эмпатиясын дамытуға көмектеседі. Ойын кезінде әр бала белгілі бір кейіпкердің рөлін ойнап, оның орнына өздерін қоя алады. Бұл баланың өз сезімдерін түсінуге, басқа адамдардың сезімдеріне құрметпен қарауға, әлеуметтік ережелер мен нормаларды меңгеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, ойын барысында балалар топтық дағдыларды жетілдіріп, топтың бір бөлігі бола отырып, жалпы мақсатқа жетуді үйренеді.

  1. Эмоционалды дамуды қолдау

Ойын — баланың эмоциялық әлемін байытатын құрал. Ойын баланың эмоционалды күйін реттеуге көмектеседі. Балалар ойын барысында түрлі эмоциялар мен сезімдерді сезіп, олармен жұмыс істеуді үйренеді. Бұл баланың өзін және өз сезімдерін тануына мүмкіндік береді. Ойын барысында бала көңілді, қуанышты, кейде ашуланып, ренжіп те қалуы мүмкін. Осы жағдайларда ол өз эмоцияларын басқаруды, ашу-ызаға, қорқынышқа немесе басқа да теріс эмоцияларға қалай қарсы тұруды үйренеді. Сонымен қатар, ойын балалардың стрессті жеңуіне, қорқыныш пен алаңдаушылықпен күресуіне көмектеседі. Мысалы, тыныс алу жаттығулары немесе ойын барысында кейіпкерлердің қиындықтарды жеңуі сияқты элементтер баланың ішкі тыныштығын сақтауға көмектеседі.

  1. Физикалық дамуды ынталандыру

Бала ойнағанда тек ақыл-ойын ғана емес, дене мүшелерін де дамытады. Қозғалыс ойындары, спорттық ойындар баланың бұлшық еттерін жаттықтырып, моторикасын жақсартады. Мұндай ойындар ашық ауада, табиғатта көп қозғалыс жасауды қамтиды, олар баланың денсаулығына, физикалық тұрғыдан шынығуына оң әсер етеді. Ойындар арқылы баланың қол, көз, аяқ координациясы да жетіле түседі. Мысалы, конструкторлармен немесе түрлі механикалық ойыншықтармен ойнау арқылы бала қолының ұсақ моторикасын дамытады, бұл оның жазу, сызу дағдыларына да әсер етеді. Әсіресе, доп ойындары, жүгіру, секіру сияқты белсенді әрекеттер баланың координациясын жақсартып, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

  1. Шығармашылық пен қиялды дамыту

Шығармашылық ойындар баланың қиялын дамытып, оның жаңа нәрселерді ойлап табуына мүмкіндік береді. Ойын барысында бала әртүрлі рөлдерге еніп, өз әлемін құрып, өзіне қажетті барлық құрал-жабдықтарды елестету арқылы болашақта шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін қажетті қабілеттерін қалыптастырады. Рөлдік ойындар балалардың әлеуметтік әлемді ұқыпты меңгеруіне, мәдениет пен қоғамды түсінуіне көмектеседі. Осылайша, ойындар балаға ғана емес, оның ойлау, сезіну, қабылдау және әлеммен байланыс жасау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Сурет салу, қолөнер, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты шығармашылық іс-шаралар балаға өзіндік әлемін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы арқылы бала өз идеяларын еркін білдіре алатынын, әртүрлі жолдармен өз сезімін білдіре алатынын түсінеді.

Қорытынды

Ойын — баланың дамуының барлық аспектілерін қамтитын маңызды құрал. Ойын — бұл баланың дамуының маңызды аспектілерінің бірі, ол ақыл-ойды, әлеуметтік дағдыларды, эмоциялық тұрақтылықты, физикалық және шығармашылық дамуды қамтамасыз етеді. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаларға ойын арқылы білім мен дағдыларды игеруге, өзін-өзі танып білуге, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге көмектесуі тиіс. Ойын — баланың болашағының негізі болып табылады, сондықтан ойын арқылы тәрбиелеу мен дамыту әрбір бала үшін маңызды рөл атқарады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Кел, ойнайық» К. Толыбаев. 2001ж
  2. «Ойлан тап» Аруна баспасы.
  3. Интернет желісі.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *