ХІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі
Алматы қаласы 20-22 қараша 2024ж аралығында ХІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі өтті.
20 қараша Атамұра корпорациясының Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым– Қожа» кітабының тұсаукесерінде болдық.Кітапты орыс тіліне аударған Самал Соқпақбаева.(Бердібек Соқпақбаевтың қызы)
Сондай-ақ іс-шарада Қайнар Олжай,Серік Қали,Самал Соқпақбаева,Рақымғали Құл-Мұхаммед,Ермахан Шайхыұлы, Қоңыр Мұқабаева да төбе көрсетті.
Мемлекет басшысы қолдауымен ЮНЕСКО көлемінде Соқпақбаевтың 100жылдық мерейтойы тойланып жатыр.« Менің атым – Қожа» орысша,қазақша және «Балалық шаққа саяхат» уақыт өткен сайын құндылығын арттыратын кітап 80 тілге аударылған.Кітап туралы фильм де түсірілген.Кітаптың мұқабасын суретші – Саяхат Досбол Қасымов жасаған.Кітап тұсауын
Мейіржан Ерғожин, Әлібек Асқаров , Рақымғали Құл-Мұхаммед, Самал Соқпақбаева, Әділ Қойтанов,Ерлан Жүніс, Қайнар Олжай, Серік Қалиев, Ермахан Шайхы кесті.
Бауыржан Омарұлы ,Қайнар Олжай деректі фильм түсіріп, Бердібек ағаның алдындағы парызымызды орындадық деп есептейміз деп үн қатты.
Жоғарыда айтып өткендей ЮНЕСКО көлемінде Бердібек Соқпақбаевтың 100жылдық мерейтойы атап өтіліп жатыр.Соның арқасында Самал Соқпақбаева Турция ,Әзірбайжан,Франция елдеріне қонаққа шақырылды.
Кеш соңы Нұржан Жанпейіс дәстүрлі ән орындауымен аяқталды.