«Мәтіндегі қате медиа этиканы бұзады ма»
Медиа этика – бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен журналистика саласында этикалық қағидалар мен кәсіби нормаларды зерттейтін және реттейтін сала. Ол ақпарат тарату процесінде әділдік, адалдық, шынайылық, адам құқықтарын қорғау және қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты принциптерді қамтамасыз ету болды. Медиа этика саласының дамуына үлес қосып жүрген тұлғалардың бірі, тіл маманы филолог «Калькасыз қазақ тілі» телеграм каналының авторы Назгүл Қожабекқызы.
Мәтіндегі қателер медиа этиканы бұзады, егер олар журналистік стандарттарға қайшы келсе. Медиа этиканың негізгі қағидаларын бұзатын мысалдарды қарастырсақ:
•Дәлелденбеген ақпарат тарату.
«Жергілікті супермаркетте уланған азық-түліктер сатылуда».
Мәселе: Бұл ақпарат ресми түрде расталмаған, ал жалған мәлімет тарату адамдардың үрейін туғызып, супермаркет беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.
•Жеке өмірге қол сұғушылық
«Белгілі саясаткердің отбасылық мәселелері туралы шындық ашылды».
Журналистер адамның жеке өмірін құрметтеуі тиіс, әсіресе, егер ол қоғамдық маңызы жоқ жеке мәліметтер болса.
•Тілдік өшпенділік немесе дискриминация
«Шетелдік жұмысшылар жергілікті экономиканы құртып жатыр».
Мұндай мәлімдемелер стереотиптерді насихаттайды және белгілі бір топқа қарсы өшпенділік тудыруы мүмкін.
Балалар туралы ақпарат тарату
«Мектепте төбелескен оқушылардың аты-жөндері жарияланды».
Кәмелетке толмағандардың жеке мәліметтерін жариялау олардың құқықтарын бұзады.
•Мүдделер қайшылығы
Журналист компанияның жарнамасын мақтап мақала жазып, ол жарнаманың төленгенін оқырманға айтпаса.
Бұл оқырманды жаңылыстырады және журналистің бейтараптығына күмән туғызады.
• Агрессивті немесе әдепсіз тіл қолдану
«Қала әкімі өзінің ақымақ шешімдерімен бәрін шаршатуда».
Мұндай сөздер кәсіби емес және объективтілік қағидасын бұзады.
•Суреттер мен бейнематериалдарды бұрмалау.
Әлеуметтік наразылық кезінде басқа оқиғадан алынған суреттерді пайдалану.
Бұл оқырманды жаңылыстырып, оқиғаның контекстін бұрмалайды.
Медиа этика ақпараттың шынайылығы мен бейтараптығын, адамның қадір-қасиетін құрметтеуді талап етеді. Осы принциптерді бұзу журналистикаға деген сенімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 3-курс студенті
Гүлжайна Смадияр