Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау арқылы жазылым дағдысын дамытудың тиімді жолдары

УДК 428,1174

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Салгараева Гулайым Ибрагимовна

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, Алматы, Қазақстан

Толысбаева Молдир, Турсунова Зарина, Ханафин Жайсан

6В01301-Бастауышта оқыту педогогикасы мен әдістемесі  білім беру бағдарламасының  3-курс студенттері, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау арқылы жазылым дағдысын дамыту мәселесі қарастырылады. Мәтінмен жұмыс жасаудың маңызы мен оның оқушылардың ақпаратты түсіну, логикалық ойлау, және тіл дамыту қабілеттеріне әсері баяндалады. Жазылым дағдыларын дамыту үшін ұсынылатын әдістер: мәтінді талдау, шығармашылық жазу, сұрақ-жауап әдісі және кері байланыс беру. Оқушылардың жазу қабілеттерін жетілдіру үшін мұғалімдердің тиімді тәсілдерді қолдануының маңызы ерекше атап көрсетілген. Мақалада жазылым дағдыларын дамыту білім беру сапасын арттырудың негізі екендігі туралы қорытынды жасалады.

Кілт сөздер:Бастауыш сынып, жазылым дағдылары,мәтінмен жұмыс, ақпаратты түсіну, логикалық ойлау, тіл дамыту, шығармашылық жазу, кері байланыс, оқу процесі, білім беру сапасы

 

Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс арқылы жазылым деңгейін дамыту мәселелері.Мәтінмен жұмыс бастауыш сынып оқушыларының жазылым дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Алайда, бұл бағытта бірқатар қиындықтар мен мәселелер туындауы мүмкін. Бұл мәселелерді дұрыс анықтап, тиімді шешу жолдарын қарастыру – білім беру сапасын арттырудың маңызды қадамы болып табылады .Қазіргі таңдағы мәселелелерге тоқтала өтсек.Мәселелер: жазылым дағдыларының бастапқы деңгейде болуы.Бастауыш сынып оқушыларының әлі жазу дағдысы толық қалыптаспағандықтан, мәтінмен жұмыс қиындық тудырады.Қарапайым сөйлемдер құрау, грамматикалық ережелерді сақтау және ойды жүйелі түрде жеткізу қиын.Мәтінді түсінуде қиындықтар:

  • Оқушылар мәтіннің мазмұнын толық түсінбей, оған байланысты тапсырмаларды орындай алмайды.
  • Лексикалық қордың шектеулігі мәтінді талдауға кедергі жасайды.Шығармашылықтың шектелуі: Көп жағдайда оқушылар дайын мәтінмен ғана жұмыс істеп, өз ойларын еркін жеткізе алмайды.Оқушылар өз ойын жазу барысында қорқыныш немесе сенімсіздік сезінеді.Оқу мен жазуға қызығушылықтың төмендігі:Кейбір оқушылар жазылымға қатысты тапсырмаларды орындауға қызықпайды.Бұл ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан мотивацияның жеткіліксіз болуынан да туындауы мүмкін.Мәтінмен жұмыстың шектеулі түрлері.Мұғалімдердің мәтінмен жұмыс жасауда шығармашылық әдіс-тәсілдерді сирек қолдануы.Жазылым дағдыларын дамыту үшін әртүрлі әдістер (диалог құрастыру, эссе жазу, ойды сурет арқылы жеткізу) жеткілікті қолданылмайды.Техникалық және әдістемелік кемшіліктер.Тапсырмалардың оқушылардың жас ерекшелігіне сай келмеуі.Жазылымға қажетті уақыттың дұрыс бөлінбеуі.Қосымша қолдаудың болмауы:Кейбір оқушылар мәтінмен жұмыс кезінде мұғалімнен немесе ата-анадан қолдау ала алмайды.Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескермейтін әдістемелердің қолданылуы.Мысалыға кейбір оқушылар жазу қиындықтар дисграфия егер әдістемелер барлық оқушылар үшін бірдей талаптар қойылса.күрделі тапсырмалар қабілеті төмен оқушыларды шаршатып,ал қабілеті жоғары оқушыны жалықтыруы мүмкін

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының жазылым деңгейін дамыту білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл тақырып бойынша негізгі нормативтік және әдістемелік құжаттар төмендегідей:

1.Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңы

Бұл заңның 8-бабында білім беру мазмұнының сапасын қамтамасыз етуге және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріледі. Жазылым деңгейін дамыту жалпы орта білім беру стандарттары арқылы жүзеге асады, бұл бастауыш сыныптарда оқу-жазу дағдыларын меңгертуді міндеттейді.Маңызды тармақтар:Білім алушылардың негізгі оқу дағдыларын қалыптастыру (оқу, жазу, түсіну).Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдардың сапасын қамтамасыз ету.

2022-2026 жылдарға арналған білім беру тұжырымдамасы.Бұл құжат Қазақстандағы орта білім беру саласының басым бағыттарын айқындайды. Оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының жазылым және оқу дағдыларын дамыту ерекше орын алады.Балалардың оқу-жазу дағдыларын дамытуға жағдай жасау үшін инновациялық әдістерді енгізу.

  1. Орта білім беру мемлекеттік стандарттары Мемлекеттік стандарттарда бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдыларын дамытуға қойылатын нақты талаптар қарастырылған.Әріптер мен сөздерді дұрыс жазу.Оқушылардың мәтінді түсініп жазуын дамыту.Мазмұнды жазылымдар жасау (жазбаша әңгімелеу, қысқаша сипаттамалар).
  2. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқу бағдарламалары: Оқу бағдарламалары бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, оқу пәндерінің құрылымын анықтайды. Бұл бағдарламаларда жазылым дағдыларын дамытуға арналған арнайы бөлімдер болуы мүмкін.

 

  1. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы: Бұл заң мемлекеттік тілдің, орыс тілінің және басқа тілдердің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Тілдік дағдыларды дамыту, оның ішінде жазылым дағдыларын дамыту үшін маңы.[1]

Бұл заңда білім беру саласының маңызды аспектілері қарастырылған, оның ішінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, жазылым деңгейін дамыту және тілдік дағдыларды қалыптастыру мәселелері айқын көрсетілген. Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуға бағытталған осы заңдар мен стандарттар қоғамның сұранысына сәйкес болуды, оқушылардың оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын жақсартуды көздейді.Қазіргі білім беру жүйесі тек білім берумен шектелмей, оқушыларды өмірде қолдануға болатын дағдылармен қамтамасыз етуге баса назар аударады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру — оларды ақпаратты іздеу, талдау және оны тиімді пайдалану дағдыларын меңгертуге бағытталған маңызды мақсат. Осы орайда, жазылым дағдыларының дамуы үлкен рөл атқарады. Бастауыш сыныптардағы оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылардың тілдік және когнитивтік дамуы қамтамасыз етіледі. Жазылым деңгейін дамыту оқушылардың өз ойын еркін әрі дұрыс жеткізуіне, мәтінді дұрыс құрылымдауға дағдылануына мүмкіндік береді.Жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған мемлекеттік стандарттар Мемлекеттік стандарттарда жазылым дағдыларын дамытуға қатысты нақты талаптар қарастырылған. Оқушыларға әріптер мен сөздерді дұрыс жазу, мәтіннің мазмұнын түсініп жазу, жазбаша әңгімелер мен қысқаша сипаттамалар жасау міндеттері қойылады. Бұл талаптар оқушылардың жазу қабілеттерін арттыруға, оларды шығармашылық тұрғыдан ойлау мен өз ойларын жүйелі түрде жазуға үйретуге бағытталған. Бастауыш сыныптарда бұл дағдыларды меңгеру өте маңызды, өйткені жазылым — балалардың оқу дағдыларымен тығыз байланысты. Білім беру бағдарламаларының сапасы мен әдістемелік құралдар.Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламаларында бастауыш сыныптарда жазылым дағдыларын дамытуға арналған арнайы бөлімдер болуы мүмкін. Бұл бөлімдер оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру үшін маңызды оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Әдістемелік құралдар оқушыларға жазу процесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі, түрлі жазбаша тапсырмалар арқылы олардың жазылым дағдыларын жетілдіреді.

Ал енді бұл ұғымға тоқталатын болсақ .Жазылым деңгейі – бұл адамның өз ойын, білімін және пікірін жазбаша түрде сауатты, түсінікті және құрылымды жеткізе алу қабілеті. Бастауыш сыныптарда жазылым деңгейін дамыту оқушылардың болашақтағы оқу жетістіктерінің негізін қалайды. Ол тек жазбаша сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға ықпал етеді.

Жазылым деңгейінің маңызы:

  1. Сауаттылықтың негізі:

Жазылым арқылы оқушылар дұрыс жазу мен орфография ережелерін меңгереді.

  1. Коммуникацияны дамыту:

Оқушылар өз ойларын жазбаша түрде сауатты және түсінікті жеткізуді үйренеді.

  1. Шығармашылық қабілеттерді дамыту:

Эссе, әңгіме, мазмұндама жазу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті қалыптасады.

  1. Функционалдық сауаттылық:

Жазылым деңгейі жоғары болған оқушылар ақпаратты түсініп оқып, оны қолдана алады.

  1. Оқу дағдыларымен байланыс:

Жазылым оқу және мәтінмен жұмыс дағдыларын жақсартады.Мәтінмен жұмыс арқылы жазылым деңгейін дамыту

Мәтінмен жұмыс жасау – оқушылардың жазылым дағдыларын жетілдірудің тиімді әдістерінің бірі. Бұл әдіс оқушылардың мәтінді түсініп, оны өз сөздерімен жеткізе алуына көмектеседі.

Әдістері:

  1. Мәтінді талдау:
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтау.
  • Оқиға желісін түсіндіру немесе мазмұнын қысқаша жазу.
  • Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушының түсіну қабілетін бағалау.
  1. Мәтін бойынша шығармашылық жұмыс:
  • Әңгіме жалғастыру немесе басқа оқиға құрастыру.
  • Мәтінге байланысты сурет салу және оны сипаттау.
  1. Кілт сөздермен жұмыс:
  • Мәтіннен маңызды сөздерді бөліп жазу.
  • Осы сөздерді пайдаланып жаңа сөйлемдер немесе қысқаша мәтін құрастыру.
  1. Диалог құру:
  • Мәтіндегі кейіпкерлер арасында диалог жазу.
  • Бұл әдіс оқушының ойлау қабілетін және тілдік қорын дамытады.
  1. Қорытынды жазу:
  • Мәтін бойынша қорытынды ой жазғызу.
  • Бұл оқушының аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
  • Мәтіннің белгілі бір бөлімін өз сөзімен түсіндіру.
  • Оқушы ақпаратты қалай түсінгенін көрсетеді.

Ал келесі жазылым деңгейін дамыту – бұл тек сауатты жазу дағдысын қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз ойын еркін жеткізуін, логикалық құрылымдауды және шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізі. Мәтінмен жұмыс жасаудың түрлі әдістері арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын кешенді түрде дамытуға болады. Бұл әдістер оқушының білім деңгейін көтеріп, оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.[2]

Выготский балалардың жазылым дағдыларын дамытуда әлеуметтік контексттің маңыздылығын көрсетіп, жазу мен сөйлеу процесінің мәдени және әлеуметтік аспектілерін түсінуге ықпал етті. Ол жазу дағдыларын дамыту тек тіл үйрену емес, сонымен қатар, логикалық ойлау мен коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру процессі екенін атап өтті.Выготскийдің зерттеулеріне сәйкес, жазу дағдылары күрделі когнитивтік процесс болып табылады. Бала жазу кезінде тек әріптер мен сөздерді орналастырумен шектелмей, ойдың құрылымын, грамматиканы, синтаксисті және мәтіннің логикалық байланысын түсінуі қажет. Бұл, өз кезегінде, баланың мәтіндермен жұмыс жасау қабілетін дамытады. Ойлау мен жазудың байланысы:Выготский жазу дағдылары мен логикалық ойлау арасындағы байланысты ерекше атап өтті. Жазу процесі кезінде балалар өз ойларын жүйелеп, ақпаратты құрылымдауға үйренеді. Бұл қабілет оларды мәтіндерді терең түсінуге және өздерінің жазу стилдерін дамытуға мүмкіндік береді.Әлеуметтік өзара әрекет:Выготский балалардың жазылым дағдыларын дамытуда әлеуметтік өзара әрекеттің рөлін ерекше атап өтеді. Балалардың пікір алмасу, бір-бірімен ынтымақтасу, және мұғалімдермен қарым-қатынас арқылы жазу дағдылары дамиды.Выготскийдің теорияларын педагогикалық практикада қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларына жазу дағдыларын тиімді үйретуге болады. Оқушыларға топтық жұмыстар, жұптық талқылаулар, және мұғалімнің бағыттаушы рөлі арқылы мәтіндермен жұмыс жасау ұсынылады. Мысалы:Мәтінді талдау. Оқушылардан мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны өз сөздерімен жазу сұралады. Бұл олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.Көмек көрсету: Мұғалімдер оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында қолдау көрсетіп, олардың жақын арадағы даму аймағын қолдайды.Шығармашылық жобалар: Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар (мысалы, әңгіме жазу, хат жазу) беріп, олардың жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қоса орыс ғалымы Лев Выготскийдің зерттеулері жазылым дағдыларын дамытуда әлеуметтік және мәдени факторлардың маңыздылығын көрсетеді. Оның теориялары бастауыш сынып оқушыларының жазылым дағдыларын дамытуға арналған педагогикалық стратегияларды құруға негіз болып табылады. Осылайша, балалардың білім алуында ересектердің рөлі, әлеуметтік байланыстар, және шығармашылық әрекеттер маңызды орын алады.Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау арқылы жазылым деңгейін дамыту үшін жүйелі түрде алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу маңызды. Мұндай жұмыстардың мақсаты – оқушылардың мәтін құрастыру, талдау және жазу дағдыларын біртіндеп жетілдіру.Алдын ала жұмыстардың кезеңдері.Оқушылардың дайындық деңгейін бағалау.Мәтін құрастыру және жазу дағдылары бойынша диагностикалық жұмыс өткізу.Қателер мен кемшіліктерді талдау (грамматика, сөздік қоры, сөйлемдерді байланыстыру, ойдың жүйелілігі).Әр оқушының қабілетіне қарай жұмыс түрлерін жоспарлау. Тақырыпқа қызығушылық ояту.Оқушыларды тақырыппен таныстыру үшін қызықты суреттер, бейнематериалдар, қысқа әңгімелер ұсыныңыз.Әңгіме немесе мәтін құрастыруға шабыт беретін ойындар ұйымдастырыңыз. Мысалы, “Бірге әңгіме құрастырайық” ойыны.Сөздік қорды байыту.Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру.Оқушыларды сөздерді дұрыс қолдануға жаттықтыру үшін жаттығулар жасау (сөз тіркестерін құру, сөйлем құрастыру).Мәтін құрылымымен таныстыру.Мәтіннің негізгі бөліктері: кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыны түсіндіру.Әр бөліктің рөлі мен мазмұнын мысалдар арқылы көрсету.[3]

Қазақстан Республикасында бастауыш сынып оқушыларының жазылым деңгейін дамытуға бағытталған заңдар мен нормативтік актілер білім беру жүйесінің негізін құрайды. Білім туралы заң, оқу бағдарламалары, тіл туралы заң, білім беру стандарттары және педагогикалық этика мұғалімдер мен оқушыларға қажетті құқықтық және әдістемелік негіздер ұсынып, жазылым дағдыларын дамытуға арналған талаптарды белгілейді. Осы құжаттардың үйлесімді жүзеге асырылуы арқылы білім беру процесі тиімділігін арттырып, оқушылардың жазылым дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жас ұрпақтың тілдік қабілеттері мен шығармашылық потенциалы жоғарылайды, бұл еліміздің болашағы үшін маңызды фактор болып табылады.   [4]

Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау арқылы жазылым деңгейін дамыту – жүйелі әрі кешенді тәсілді талап етеді. Оқу процесінде түрлі әдістер мен стратегияларды қолдану арқылы балалардың тілдік дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық әлеуеттерін ашуға мүмкіндік беруге болады. Олардың жазу дағдыларын, ойлау қабілеттерін және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырудың маңызды кезеңі.Тиімді әдістемелерді қолдану арқылы оқушылардың жазу дағдыларын дамытып, олардың сауатты және өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауға болады.

 

                              Әдебиеттер тізім

  1. ҚР Білім туралы заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
  2. Лев Выготский – оның жұмыстары балалардың когнитивті дамуы мен әлеуметтік интеракцияның рөлін зерттеуге бағытталған. Выготскийдің “жақын даму аймағы” концепциясы бастауыш сынып оқушыларының оқу процесін түсінуге көмектеседі.
  3. Адамбаева Ж.Тіл дамыту текстері. — Алматы,
  4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 25 маусымдағы  832 қаулысы

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *