« Медиа этика негіздері»
Медиа этика – бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен журналистика саласында этикалық қағидалар мен кәсіби нормаларды зерттейтін және реттейтін сала. Ол ақпарат тарату процесінде әділдік, адалдық, шынайылық, адам құқықтарын қорғау және қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты принциптерді қамтамасыз ету болды. Тіл маманы филолог «Калькасыз қазақ тілі» телеграм каналының авторы медиа этика саласының дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан тұлға Назгүл Қожабекқызы.
Медиа этиканың негізгі принциптері: Шындық және адалдық. Журналистер мен БАҚ шынайы, дәл және нақты ақпарат таратуы тиіс. Жалған мәліметтер мен араңдатушылыққа жол берілмейді. Кей жағдайда бейтараптық немесе әділдікті ұстанудыңда өз маңызы бар. Ақпаратты жеткізуде бейтарап болу, түрлі пікірлер мен көзқарастарды тең дәрежеде көрсету маңызды. Жеке өмірді құрметтей білу жайында. Адамдардың жеке өміріне қол сұқпау, олардың ар-намысын қорғау БАҚ қызметінің басты талаптарының бірі. Балалар мен әлсіз топтарды қорғау: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік шарасыз топтарды дискриминациядан сақтау – медиа этиканың негізгі міндеттерінің бірі. Өзгеге зиян келтірмеу қағидасынада жеке тоқтала кетсек.. БАҚ-та жарияланатын ақпараттың қоғамға немесе жеке тұлғаларға зиян тигізу қаупін ескеру қажет. Жаңалықтар көзіне өзіндік құрмет таныту. Журналистер ақпарат көздерінің жеке басын құпия ұстауға міндетті, егер бұл өзіне қауіп төндіретін жағдай болса. Жарнама мен мәліметі беру жолдары. Коммерциялық мазмұн мен журналистикалық материалдар арасында нақты айырмашылықты білу қажет.
Медиа этиканың маңызы, қоғамда шынайы ақпараттық орта қалыптастыру. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамның БАҚ-қа деген сенімін нығайту. Журналистік кәсіптің беделін арттыру. Қазақстандағы медиа этика мәселелері: Қазақстанда медиа этикасы маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Бұл бағытта журналистердің кәсіби ұйымдары, Мысалы: Қазақстан журналистер одағы, медиа саласының стандарттарын дамытуда жұмыс істейді. Сонымен қатар, БАҚ саласындағы этика талаптарын сақтау үшін заңнамалық негіздер қарастырылған, бірақ кейбір жағдайларда этикалық нормалардың бұзылуы өзекті мәселеге айналуда.
Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 3-курс студенті
Гүлжайна Смадияр