Xll Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі “Ұлы жібек жолымен”

    «Кітап және полиграфия» көрмесінде танымал баспалар мен кітап дүкендері өздерінің қазіргі таңдағы сұранысқа ие кітаптарын оқырман қауымына ұсынды. Атап өтер болсақ  «Дәуір»,«Мазмұндама»,«Атамұра»,«Алматы кітап»,«Алқа», «Мектеп», баспалары,  және де«Kitapal»  дүкені, т.б

    Ең алғаш көзге түскен баспалардың бірі ол « Дәуір» баспасы, басқа баспалардан  ерекшелігі «кітап стандарттарын»  толықтай сақтаған, түптемедегі жазудың жоғарыдан төмен қарай жазылуы, ӘОЖ, КБЖ,  ISBN, аннотациясы  дұрыс жазылған авторлық құқық қорғалған, дереккөздер  ақпараттар көздерін қайдан алғанын ұсыныған, мазмұны түсінікті,  баспа эмблемасы дұрыс орналасқан. Стандарттарың сақталуының басты мақсаты оқырман дереккөзін іздегенде жедел табу мақсатында. Сауатты кітаптар шығару арқылы, сауатты оқырман қауымын қалыптастарамыз .« Дәуір»  баспасының кітаптарын оқығанда байқағаным тәжірибелі мамандардың жұмыс жасауы, баспа редакторлары,  корректорлар, дизайнерлер мен жазушылар ұжымы кәсіби деңгейі жоғары екені көрініп тұр, кітапта қарапайым әріптік  қателерд деі көрмедім. Баспаның өнімдері түрлі жанрларды қамтиды: Көркем әдебиет, балалар әдебиеті, ғылыми-зерттеу еңбектері, энциклопедиялар және әдістемелік құралдар. Баспа материалдарының сапалы болуы, кітап оқығанда көзге зиянын тигізбейтін,  қоңыр парақтармен басылуы т. б.   Жұмыстарыңызға сәттілік оқырмандарды жаңа туындыларыңызбен қуанттыңыз. 

     «Алматы кітап»  баспасы ерекше дизайн мен жуырда ғана жарыққа шыққан кітаптарын көрмеге шығарды. Бұл кітаптар оқырмандар назарын аудармай қоймады,  сандық дизайн мен жарыққа шыққан бұл кітап ерекшелігі; мұқабасы көк түсте ашық түс болған соң өте тартымды, кітап атауы «Қош келдің Наурыз» сыртында оюлар бар,  кітаптың ішіндегі ақпараттар балалардың «Наурыз»  мерексінің шығу тарихы тойлануы жайлы суреттермен қоса қызықты ақпараттар берілген. Екінші ерекше кітап «Менің отаным–Қазақстан»  макеті  шаңырақ стильінде,  ішкі парақтары шеңбер түрінде ақпараттар мен суреттер де бар. Қазақтың ұлы жазушылары,  Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсаринға  арнап кітаптар шығарылған кітап мұқабасында жазушылардың суреттері бар және қою қоңыр түсте. Дәстүрге байланысты, « Қазақ халықының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының ұлттық киімдері»,«Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті»,«Қазақ халқының дархан дастарханы»  т.б кітаптары бар.  «Алматы кітап»  баспасының көрмеде басқа баспалардан ерекшелігі қазақтың киіз үйін жасауы  және оның ішіндегі сандық ою көрпелер,  бауырсақ өте ерекше атмосфера сыйлайды бұл әсіресе шетелдікдіктерді қатты қызықтырды.

    «Arman-PV baspasy»  кітап дүкені «Ұлы ұлыстың билеушісі Жошы хан» кітабы көпшілің оқырманның назарын аударды. Жошы ханның суреті бар орташа көлемдегі баннер қойылған. Кітаптың дизайындағы ерекшелігі парақтары алтын түстес, стандарттарға сай жасалған түптемедегі жазулар дұрыс орналасқан жоғарыдан төмен қарай. Кітап үш тілде жарық көрген,  ішіндегі ақпараттары алдыңғы кітаптар секілді том-том емес қысқша мәліметтер берілген кітап мектеп оқушыларына арналған.«Мазмұндама»  баспасы

    Қазақстанда кітап мәдениетін дамыту және қазақ тіліндегі әдебиеттің қолжетімділігін арттыру мақсатында жұмыс істейтін баспа. Отандық классиканы, заманауи әдебиет туындыларын қазақ тіліне аударып, оқырманға ұсынады. Баспа сапалы аудармаларға, мазмұнның қолжетімділігіне және дизайнның тартымдылығына ерекше назар аударады. Әлем әдебиетін аудару: Баспа танымал шетелдік авторлардың шығармаларын қазақшаға аударып, ұлттық оқырманға жаңа есімдерді танытады. Отандық әдебиетті қолдау: Қазіргі қазақ жазушыларының шығармаларын басып шығарып, насихаттайды.

 

                            Гүжайна Смадияр 

            Журналистика факультеті “Баспагерлік-редакторлық және дизайнер өнер”  кафедрасының 3-курс студенті

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *