Жасанды интеллект арқылы бастауыш сынып оқушыларын бағалау
Сатыбалды Асем Ералықызы
ӘОЖ 371.26
МҒТАР 14.35.07
Сатыбалды Асем Ералықызы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3- курс студенті,
Алматы қ.
e-mail: asem.satybaldye@icloud.com
Жасанды интеллект арқылы бастауыш сынып оқушыларын бағалау
Аннотация. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларын бағалау барысында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың мүмкіндіктері мен тиімділігі жан -жақты талданады. ЖИ құралдары оқушылардың білім деңгейін объективті және жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл технологиялар оқу процесін жекелендіруді қамтамасыз етіп, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеруге жағдай жасайды. ЖИ-дің автоматтандырылған жүйелері мұғалімдерге бағалау процесін жеңілдетіп, олардың уақытын үнемдеуге көмектеседі.Зерттеу барысында ЖИ құралдарының бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын жақсартуға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететіні анықталды. Мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибесіне сүйене отырып, мақалада ЖИ технологияларының білім беру жүйесінде кеңінен қолданылу мүмкіндіктері қарастырылады.Мақала ЖИ технологияларының оқыту және бағалау әдістерін жетілдірудегі маңыздылығын көрсетіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар береді. Жасанды интеллект құралдарының бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалаудағы рөлі мен болашағы туралы кешенді шолу жасалады.
Кілт сөздер: Жасанды интеллект, бастауыш сынып оқушылары, бағалау құралдары, оқыту жекелендіру, білім беру технологиясы, автоматтандырылған жүйелер, оқыту әдістері, оқу үлгерімі, білім сапасын жақсарту, білім берудегі ЖИ болашағы.
Assessment of primary school students using artificial intelligence
Annotation. This article comprehensively analyzes the potential and effectiveness of applying artificial intelligence (AI) technologies in assessing primary school students. AI tools enable objective and rapid evaluation of students’ academic performance. Additionally, these technologies facilitate the personalization of the learning process, taking into account the individual needs of each student. Automated AI systems simplify the assessment process for teachers, saving them valuable time.The study highlights that AI tools significantly improve the quality of education for primary school students and increase their interest in academic subjects. Based on the experiences of teachers and students, the article explores the broader application of AI technologies in the education system.The article emphasizes the importance of AI technologies in enhancing teaching and assessment methods while providing recommendations aimed at improving educational outcomes. A comprehensive overview of the role and future potential of AI tools in assessing primary school students’ knowledge is presented.
Key words: Artificial intelligence, primary school students, assessment tools, learning personalization, education technology, automated systems, teaching methods, academic performance, education improvement, future of AI in education.
Кіріспе. Қазіргі кезде білім беру жүйесі жаңа технологиялармен қарқынды түрде күннен күнге дамып келеді. Заманауи мектептерде жасанды интеллекттің (ЖИ) оқыту және бағалау процесіне енгізілуі білім сапасын одан әрі арттырудың маңызды бағытына айналды. Жасанды интеллект құралдары оқытушылардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың білім деңгейін объективті түрде анықтауға мүмкіндік береді.Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесін бағалау олардың білім алу алудағы дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін және
шығармашылық қабілеттерін дамытуда орасан зор рөл атқарады. Дәстүрлі бағалау жүйелері оқушылардың толық әлеуетін ашуға мүмкіндік бере бермейтіндіктен. Жасанды интеллект негізіндегі бағалау құралдарын қолдану – заман талабы.Бұл мақалада жасанды интеллект құралдарының бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалаудағы мүмкіндіктері, олардың артықшылықтары мен тигізер әсері, сондай-ақ ЖИ құралдарын тәжірибеде оңтайлы қолдану туралы баяндалады.
Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін бағалауда жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі жүйелерді қолдану білім беру саласында маңызды орынға ие болуда. ЖИ құралдары оқыту мен бағалауды автоматтандырып, мұғалімдерге оқушылардың оқу үлгерімін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстандық және халықаралық тәжірибелер көрсеткендей, ЖИ технологияларын қолдану білім сапасын едәуір жақсартуға ықпал етеді (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2024).
ЖИ негізінде жұмыс істейтін платформалар оқушылардың жауаптарын жылдам және нақты бағалайды. Бұл платформалар мұғалімдердің уақытын үнемдеп, әр оқушының нәтижелерін егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, Kahoot, Google Forms, және Edmodo сияқты жүйелер оқушылардың дұрыс және қате жауаптарын ғана емес, тапсырманы орындау уақыты мен қиындық деңгейін де есептейді. Қазақстанда жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Edmodo платформасын қолданған оқушылардың 75%-ы оқу нәтижелерін жақсартып, өзін-өзі бағалау дағдыларын арттырған (Электронды ресурс, 2021). Сонымен қатар, ChatGPT платформасының интеграциясы тестілеу және тапсырмаларды автоматтандыруда ерекше нәтижелер көрсетті. 2023 жылы Алматыдағы мектептерде ChatGPT қолданылған пилоттық жоба аясында оқушылардың 60%-ы шығармашылық дағдыларын дамытып, жазбаша тапсырмаларды орындау уақыты 40%-ға қысқарды ( Измагамбетова, 2024). Бейімделген жүйелер әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оқу материалдарын ұсынады. 2022 жылы Алматы қаласындағы 15 мектепте жасалған зерттеуде бейімделген оқыту платформаларын қолданған оқушылардың 60%- ы математика және қазақ тілі пәндерінен үлгерімін арттырғаны анықталды (Әдіснемелік нұсқаулық, 2023).
ЖИ қашықтықтан оқыту құралдары оқушылардың білім алу процесін жеңілдетіп, білім сапасын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, WriteLab және Grammarly платформалары оқушылардың жазбаша жұмыстарын бағалап, олардың қателіктерін нақтылайды. Бұл жүйелерді қолдану жазу дағдыларының 30%-ға жақсаруына әкеледі (Валерия Дж, 2020). Жасанды интеллекттің артықшылықтарына объективтілік пен уақыттың үнемделуін датқызсақ болады. ЖИ құралдары мұғалімдердің субъективті бағалауынан арылып, оқушылардың нәтижелерін объективті түрде талдауға мүмкіндік береді. OECD зерттеулеріне сәйкес, ЖИ қолданылған мектептерде білім сапасының артуы 20%-ды құраған (Электронды ресурс, 2023). ЖИ негізіндегі жүйелер мұғалімдерге көп уақыт үнемдеуге және оқушылардың тапсырмаларын нақты уақыт режимінде бағалауға мүмкіндік береді. ClassMarker платформасы бір сыныптың тест нәтижелерін небәрі 3 минутта талдайды, бұл дәстүрлі бағалау әдістеріне қарағанда 80%-ға жылдам (Жунусбекова, 2024). ЖИ әр оқушының әлсіз және мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктеріне сәйкес жеке тапсырмалар береді. Төмендегі кестеде ЖИ қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын жақсарту көрсеткіштері (1- кесте) берілген.
Кесте-1. Оқушылардың білім сапасын жақсарту көрсеткіштері
ЖИ құралдары
береді (Исабекова, 2022).
Зерттеу әдістері.
Жасанды интеллект (ЖИ) құралдары қазіргі білім беру жүйесін оңтайландыруда маңызды рөл атқарып келеді. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен бағалауда ЖИ
Мектеп саны
Үлгерім жақсаруы (%)
100
85
50
Деректер көрсеткендей, ЖИ құралдарын қолдану нәтижелері оқу сапасын едәуір арттырған. Бұл әсіресе ауыл мектептері үшін маңызды, себебі оларда оқу үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік
Google Forms Edmodo Grammarly
75 70 60
технологиялары оқу процесін жеңілдетуге және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл зерттеуде бірнеше тәсілдер қолданылып, ЖИ құралдарының білім беру саласындағы әлеуеті жан-жақты талданды.
Тест платформалары мен автоматтандырылған бағалау жүйелері оқушылардың білім деңгейін жылдам анықтауға және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл жүйелер оқушылардың жауаптарын тексеріп қана қоймай, олардың шешім қабылдау жылдамдығын, логикалық ойлау қабілетін және пән бойынша білімін толық талдай алады. Мұндай құралдар оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды дер кезінде анықтап, олардың білімін жетілдіруге бағытталған тапсырмалар ұсынуға жағдай жасайды.Жекелендірілген оқыту жүйелері (Adaptive Learning Systems) әр оқушының жеке қажеттіліктерін ескеріп, оқу материалдарын бейімдеуге мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер оқушылардың ерекшеліктеріне қарай оқу мазмұнын автоматты түрде бейімдеп, олардың жеке траекториясын құруға көмектеседі. Бұл тәсіл білім алушылардың өз деңгейіне сай материалды оңай игеруіне және пәнді терең түсінуіне ықпал етеді. ЖИ құралдары оқушылардың оқу нәтижелерін автоматты түрде жинақтап, оларды визуализациялау арқылы мұғалімдерге нақты ұсыныстар береді. Мұндай жүйелер оқушылардың үлгерімін ғана емес, олардың оқу процесіндегі белсенділігі мен мотивациясын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл құралдарды қолдану оқушылардың күшті және әлсіз тұстарын анықтап, оқу жоспарын жекелендіруге жол ашады.Мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама және сұхбат жүргізу арқылы ЖИ құралдарының қолданылу барысындағы практикалық ерекшеліктері анықталды. Мұғалімдер жасанды интеллект технологияларын қолданудың оқыту процесіне оң әсерін атап өтеді, сонымен қатар бұл құралдардың оқушылардың қызығушылығын арттырудағы маңыздылығын көрсетеді (Измагамбетова, 2024).
Жасанды интеллект құралдары білім беру процесін тиімді ұйымдастыруда әртүрлі әдістер мен технологияларды ұсынады. Тест платформалары оқушылардың білімін объективті бағалап, нәтижелерді жылдам талдауға мүмкіндік береді. Жекелендірілген оқыту жүйелері әр оқушының қабілетіне бейімделіп, материалды меңгеруді жеңілдетеді. Интерактивті жүйелер аналитикалық деректер арқылы оқу процесін басқаруды жақсартады.Дегенмен, Ауылдық мектептерде интернет пен техникалық жабдықтардың жеткіліксіздігі ЖИ құралдарын қолдануды қиындатады. Мұғалімдер ЖИ технологияларын тиімді қолдану үшін қосымша дайындық пен әдістемелік қолдауды қажет етеді. Бұл жаңа технологияларды меңгеруге уақыт пен ресурстар бөлуді талап етеді. Сауалнама мен сұхбат әдістері мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибесін зерттеуге көмектессе, практикалық бақылау әдісі ЖИ құралдарының тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Сонымен қатар, ЖИ-тің әртүрлі құралдары мен әдістерінің ерекшеліктері мен тиімділігі төменде көрсетілген (2-кесте).
Талдау және нәтижелер.
Жасанды интеллект қазіргі білім беру жүйесінде оқыту және бағалау процестерін оңтайландыруда үлкен рөл атқарады. Ол білім беру сапасын жақсартуға, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге және оқушылардың оқу үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында бірнеше негізгі аспектілер талданды, және әрқайсысының білім беру сапасына тигізетін ықпалы бағаланды.
Тест платформалары оқушылардың білім деңгейін жылдам және нақты бағалауға арналған ең қолайлы құралдардың бірі. Бұл жүйелер тапсырмаларды автоматты түрде тексеріп, нәтижелерді
жылдам өңдейді. Сонымен қатар, оқушылардың жауап беру жылдамдығы, дұрыс жауаптары мен қателерін талдап, білім беру процесінде қажетті түзетулер жасауға мүмкіндік береді.Мысалы, WriteLab, Smart Sparrow, Rearson Revel және Newton сияқты платформалар оқушылардың пәнді игеру деңгейін анықтауда тиімді.. Олар мұғалімдердің жүктемесін азайтып, бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл платформалар оқушылардың білім алу барысындағы әлсіз және күшті тұстарын анықтап, қажетті қосымша материалдарды ұсыну мүмкіндігін береді. Жекелендірілген оқыту жүйелері әр оқушының жеке қажеттіліктерін ескеруге және олардың жеке оқу траекториясын құруға бағытталған. Бұл жүйелер оқушылардың күшті және әлсіз тұстарын анықтай отырып, арнайы тапсырмалар мен оқыту материалдарын бейімдейді.Мұндай жүйелердің ерекшелігі – әр оқушының деңгейіне сәйкес оқу мазмұнын ұсына отырып, оқу процесін жекелендіру. Бұл оқушылардың пәнді жеңіл меңгеруіне, олардың қызығушылығын арттыруға және оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді. Әсіресе, үлгерімі төмен оқушылардың оқу бағдарламасына бейімделуіне үлкен көмек көрсетеді. ЖИ құралдары аналитикалық деректерді өңдеу және визуализациялау арқылы оқыту процесін тиімді басқаруға көмектеседі. Бұл жүйелер мұғалімдерге оқушылардың үлгерімін бақылауға, оқу материалдарын жетілдіруге және оқу жоспарларын дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.Мысалы, интерактивті платформалар оқушылардың оқу нәтижелерін нақты уақыт режимінде көрсетіп, олардың білім деңгейінің динамикасын талдайды. Бұл құралдар мұғалімдер мен ата-аналар үшін оқушылардың оқу траекториясын түсінуге және оларды қолдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, ЖИ құралдарын енгізу үшін қажетті қаржылық қолдаудың жеткіліксіздігі процесті баяулатады. Қаржыландыру механизмдерін арттыру білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Интернет пен жабдықтардың жетіспеушілігі ЖИ құралдарын енгізуді шектейді. Технологиялық жабдықтарды жақсарту қажеттілігі ерекше маңызды. ЖИ құралдарының білім беру процесіне әсерін тереңірек түсіну үшін мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама және сұхбат жүргізілді. Бұл әдістер мұғалімдер мен оқушылардың ЖИ технологияларына қатысты тәжірибесі мен пікірлерін анықтауға көмектесті.Сауалнама нәтижелері ( Электронды ресурс, 2023) мұғалімдердің көпшілігі ЖИ құралдарының сабақ беру процесінде бағалаудың жеңілдететінін (2-сурет), ал оқушылардың бұл технологияларды қолдану арқылы білім алуға деген қызығушылығының артқанын көрсетті (1-сурет).Қорытынды нәтижелер. Жасанды интеллект құралдарын бастауыш сынып оқушыларын бағалау процесіне енгізу нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олар:
• Бағалау нәтижелерінің нақтылығы: Оқушылардың білім деңгейі нақты және толық анықталады. • Бағалау сапасының тұрақтылығы: ЖИ жүйелері бағалау кезінде сәйкессіздік пен қателердің алдын алады.
• Қателерді түзетуге мүмкіндік беру: Бағалау нәтижелері оқушылардың оқу барысындағы әлсіз тұстарын анықтап, оларды түзету үшін дер кезінде шара қолдануға жағдай жасайды.
• Уақыт тиімділігі: Бағалау процесі жылдам және сапалы түрде жүзеге асырылады, бұл мұғалімдер мен оқушылардың уақытын үнемдейді.
Қорытынды.
Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалау процесіне енгізу – білім беру саласын инновациялық тұрғыда дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл мақалада ЖИ құралдарының артықшылықтары, олардың оқыту мен бағалау сапасын арттырудағы мүмкіндіктері жан-жақты талқылаауға тырыстық.Зерттеу нәтижелері ЖИ технологияларының оқушылардың білім деңгейін объективті бағалауға, оқу материалдарын жекелендіруге, мұғалімдердің жүктемесін азайтуға және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, ЖИ құралдары білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға, оқушылардың оқу үлгерімін арттыруға және мұғалімдерге оқу жоспарларын жетілдіруге мүмкіндік берді.Дегенмен, ЖИ құралдарын қолдану барысында кейбір қиындықтар, атап айтқанда, техникалық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі мен мұғалімдердің жаңа технологияларға бейімделу деңгейі мәселелері анықталды. Бұл кедергілерді жою үшін тиісті инфрақұрылымды дамыту, мұғалімдерді оқыту және ЖИ құралдарын қолдану бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу қажет.Қорытындылай келе, ЖИ технологияларын бастауыш сынып оқушыларын бағалау жүйесіне енгізу білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл құралдар мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетін оңтайландырып, білім беру процесінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта ЖИ құралдарының әлеуетін одан әрі зерттеп, оларды білім беру саласында кеңінен қолдану қажеттігі туындап отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Измагамбетова Р.К. (2024). Chat GPT Интеграциясы: Білім беру қосымшасына жан-жақты шолу // ISSN 1991-3494. Volume 3. Number 409 (2024), 101-109. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.755
(2024). Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар // Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА [Electronic resource]. — https://uba.edu.kz/storage/app/media/ISKUST%20INTELLEKT%20%20KAZ%2026.06.24.pdf
(2021). Students’ Perception of the Implementation of Edmodo Learning Platform in Online Learning // International Journal of Research and Review. E-ISSN: 2349-9788; P-ISSN: 2454-2237. [Electronic resource]. — https://doi.org/10.52403/ijrr.20211247
(2023). Жасанды интеллект және заманауи медиа // Әдіснемелік нұсқаулық Астана: Қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ. https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1693563&simple=true#
(2020). Adaptive Educational Systems Valerie J. Shute, Florida State University, Tallahassee, FL Diego Zapata-Rivera, Educational Testing Service, Princeton, NJ https://www.researchgate.net/publication/287889365_Adaptive_Educational_Systems
(2023). Methods for Evaluating AI Capabilities // AI and the Future of Skills, Volume 2 —ISSN: 20769679 https://doi.org/10.1787/a9fe53cb-en
Жунусбекова А., Асқарқызы С.(2024). XXI ғасырдың жасанды интеллектісі білім беру жүйесінде: SWOT – талдау // ISSN 2520-2634, eISSN 2520-2650 https://doi.org/10.26577/JES2024790203
Исабекова Л.З, Куанышева Р.С. (2022). Жасанды интеллект- әлем қызметтерінің ауқымды жетістігі // Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2959-068X. https://doi.org/10.48081/IBFJ7519
(2021). AI and education: guidance for policy-makers UNESCO, [ Electronic resource]. https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000376709 (қол жеткізу күні 26.07.2024).
(2021). Орта білім беру педагогтарына арналған «Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллект негіздері» біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы https://cdn5.bilimland.kz/storage/files/k/k.pdf?utm_source=chatgpt.com
Víctor González-Calatayud (2021). Artificial Intelligence for Student Assessment: A Systematic Review // Department of Statistics, Mathematics and Computer Sciences, Miguel Hernández University, 03202 Elche, Spain https://doi.org/10.3390/app11125467
Miguel Martinez (2023). Impact of Artificial Intelligence on Assessment Methods in Primary and Secondary Education: A Systematic Review https://doi.org/10.1016/j.psicoe.2023.06.002
Iris Heung Yue Yim (2023). Artificial Intelligence (AI) Learning Tools in K-12 Education: A Systematic Review // Journal of Computers in Education https://doi.org/10.1007/s40692-023-00304-9