Ұлттық қор – балаларға бағдарламасы

    Қазақ елінің дамуы өскелең ұрпақтың қолында. Ал саналы ұрпақ тәрбиелеп, олардың жағдайын жасайтын біз. Балаларға мемлекеттің қамқорлығы, жан-жақты жағдай жасауы өте маңызды. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Ұлттық қор – балаларға” атты жобасын ұсынды. Бұл бастама ел болашағының дамуына, еліміздің азаматтарының болашағы жарқын болуына жасалған үлкен қадам деп білеміз.  Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылып, қазіргі таңда жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдап, оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй немесе білім алуға мүмкіндік беру. Яғни, балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсету.  Жоба 18 жасқа дейінгі балаларды тікелей қаржыландыруы керек. Заң бойынша ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы жыл сайын бағдарламаға қатысатын балаларға бөлінеді. Жобаға 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. туған Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балалар тіркеледі. Келесі жылдары туған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы бола алады. Ал жобаға қатысу дерегін кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Сондай-ақ, әрбір балаға жасалған есептеулер туралы ақпаратты ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетінен анықтай алады. Ал кәмелетке толған азамат қажетті ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінен, БЖЗҚ ұялы қосымшасыннан немесе egov.kz порталынан өз бетінше тексере алады. 18 жасқа толған балалар  ақшаны алдын ала белгіленген қажеттіліктер үшін, яғни,тек тар шеңберлі мақсаттарға жұмсай алады. Бұл негізінен білім беру, медициналық қызметтер, үй алу және т.б.

Бағдарлама еліміздің азаматтары үшін жақсы мүмкіндік болып отыр. Көп отбасыға өзінің пайдасын тигізетіні де сөзсіз. Алайда, жобаның кемшіліктері де бар екенін ескерген дұрыс. Бұл жайында қаржыгер Расул Рысмамбетов өз пікірін білдірді:

Жобаның кемшіліктері: кейде инвестициялық табыс теріс, яғни шығын болуы мүмкін. Бұл балалар ештеңе алмауы мүмкін дегенді білдіреді. Сол себепті бұл мәселені ескеру өте маңызды. Бірақ менің ойымша, ұлттық банк, ұлттық қор басшылығы ақша табуға көп күш салады. Болашақта елімізде бала саны өседі, бірақ қордың инвестициялық кірісі өспеу ықтималдылығы бар. Сондықтан жыл өткен сайын балалардың ақшасы азаяды. Кейбір жылдары балалар ештеңе алмай қалуы әбден мүмкін. Бірақ бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Менің ойымша, біз 2024 жылдың соңында осы мәселемен бетпе-бет келеміз. Негізінен балалардың шотына ақша доллармен есептеледі, сондықтан доллар инфляциясы есептелген ақшаны жеп кетуі мүмкін, мұндай тәуекел бар екенін жасырмаған дұрыс. Алайда барлық жинақ инфляция қаупіне ұшырайды. Сол себепті қатты уайымдаудың да керегі жоқ.

Жалпы, көптеген экономистер Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісі, балалардың жыл сайын шотына түсетін ақшасы қандай болатынын нақты айтып, көрсету қиын екендігін айтады. Оған валюта бағамы, мұнай бағасы, акциялар құны және басқа да көрсеткіштер әсер етеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *