«Тарих сабақтарында ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

       «Ұлттық тәрбие- ұлттық құндылық» қазақ халқының  атадан балаға ұласып келе жатқан , күні бүгінге дейін маңызын жоймаған негізгі ерекшелігіміз. Расында да ең құнды тәрбие ұлттық тұрғыдан берілген. Халқымыздың дана өмір салтынан туындап отыратын ерекшелер мен қағидалар қашанда маңызды. Ендеше ата –бабамыздың аманатын алысқа апаратын сапалы да салихалы ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Сонымен бірге оларды өмірге бейім, заманауй, сауатты , жан-жақты қабілетті қоғам мүшесі етіп тәрбиелеуіміз керек.

      Қазақ халқының сонау түркі заманынан күні бүгінге дейін келе жатқан мұрасы – ұлттық тәрбиесі. Ұлттық тәрбие-қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбие құралы, болашағының қалыптасуын қамтамасыз етуі іспеттес тәлімдік жүйе. Бүгінгі заман талабына сәйкес өз мемлекетіміздің ұлттық саясатын жүзеге асыру жолында, сонымен бірге, қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістердің даму үрдісінің ерекшелігіне орай, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр. Қай кезең болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет- өзінің өмірін жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздікке қол жеткізген осы заманда жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті іс екендігі белгілі. Жаһандану заманында тәуелсіз қазақ елі үшін өткір тұрған мәселенің бірі-ұлттық тәрбие мәселесі. Себебі, егемендігімізді қолымызға алған заманда, болашақ қазақ мемлекетінің нық тұрып, ілгері дамуы үшін тек қана материалдық қамын күйттей бермей, рухани жан-дүниелерін кеңейтіп өсуі үшін ең алдымен жастарды ұлттық тәрбиелік біліммен баулып оқыта білгеніміз орынды.

Ұлттық құндылықтар: Тәуелсіздік  және отаншылдық, бірлік пен ынтымақ,жасампаздық және жаңашылдық, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, әділдік және жауапкершілік.  Тарих сабақтарында ұлттық құндылықтарды  кіріктіріп әр түрлі формада өтуге болады. Мысалыға: «Кино үзінді» әдісін алатын болсақ , бұл әдісте оқушыларға қазақ халқының тарихи киноларын оқушыларға белгілі бір критерийлер арқылы тапсырма берсек оқушылар осы киноны көріп , сол кездегі еліміздің тарихын, оқиғаның болған жерін, тағыда басқа оқиғаларын танып біледі. Яғни еліміздің тарихын, ұлттық құндылықтарын  танып білетін болады. Тарихи  кинолардан мысал ретінде  «Бір уыс бидай», «Жерұйық» , «Оян, қазақ»,  «Көшпенділер», «Анаға апарар жол»,  «Орбұлақ шайқасы», «Көксерек», «Кейкі мерген», «Мариям», «Жерұйық»  фильмінен үзінді көрсетіледі. Көші-қон, диаспора, өзге ұлттарды қоныстандыру, себептерін осы фильм арқылы талдауға болады. Тарихи, деректі  кинолардан үзінді көрсету арқылы ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын  тиімді қолданамыз.

    «Тарих-философ» әдісі . бұл әдіс арқылы қазақ халқының ақын-жазушыларының , ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері, батырлар,  билердің  сөздері мен шығармаларынан үзінділер келтіру. Мақал-мәтел , жұмбақтарды сабақ барысында тиімді пайдалану еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылықтары үшін өте тиімді.

 

                                                                                                                                                   Түркістан облысы Жетісай ауданы

                                                                                                                                                   «Еңбек  №37 жалпы 

                                                                                                                                                  білім беретін мектеп»коммуналдық

                                                                                                                                                 мемлекеттік мекемесінің

                                                                                                                                                 тарих пәнінің мұғалімі

                                                                                                                                                 Налибаев Ербол Исмайлович

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *