Тараз қаласында кездесетін терек (populous) ағашының биологиялық ерекшелігі және оның сыртқы ортаға әсері

ӘОЖ 635.055:57
Тақырыбы: Тараз қаласында кездесетін терек (populus) ағашының биологиялық ерекшелігі және оның сыртқы ортаға әсері
Мақалада терек (populus) ағашының биологиялық,морфологиялық және экологиялық ерекшкліктерін зерттеу, қара терек (populus nigra), ақ терек (populus alba) түрлері туралы мәліметтер келтірілген.
Түйін сөздер: терек (populus), ақ терек (populus alba), қара терек (populus nigra), экологиялық адаптация.
КІРІСПЕ
Терек ( populus) – жапырақты ағаштар тобына жататын, жылдам өсетін өсімдік. Тараз қаласында көбінесе ақ және қара терек түрлері кездеседі. Терек ағашы жыл сайын 2-3 м дейін өседі, бұл оны орманға отырғызу үшін қолайлы етеді. Жапырақтары жіңішке, ұзын, шеттері тегіс, күзде сары немесе қызыл түске боялады. Терек ағашының тамыр жүйесі терең, бұл оны топырақтағы ылғалды жақсы сіңіруге мүмкіндік береді. Терек ағашының айналасында көптеген құстар мен жануарлар мекен етеді[1]. Ол олардың тіршілігіне қолайлы әсер етеді.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Зерттеу үшін Тараз қаласындағы терек ағаштарының табиғи популяциялары мен экологиялық жағдайлар таңдалды. Зерттеу барысында гидрологиялық бақылау, лабараториялық талдау жасалды.
Зерттеу нәтижелері.
Зерттеу барысында Тараз қаласындағы терек ағаштарының экологиялық және биологиялық ерекшеліктері терең талданды. Өсу жылдамдығы қара терек( populus nigra) түрі орташа есеппен жыл сайын 2,5-3 м дейін өседі, ақ терек (populus alba) жылдамдығы 2-2,5 м[2]. Жапырақтары мен діңдерде жүргізілген талдаулары терек ағашының жақсы өсетінін көрсетті, бұл олардың тамыр жүйесінің тиімділігімен байланысты.
Терек ағаштары орташа есеппен 1 гектарға 20-25 тонна көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл қаланың ауа сапасын жақсартады. Зерттеу барысысында терек ағаштары өскен жерлерде топырақ ылғалдылығы орташа 15-20 % деңгейінде болады. Бұл ылғалдықтың ағаштардың өсуіне ықпалы бар[3].
ҚОРЫТЫНДЫ
Тараз қаласындағы терек ағашы экосистеманың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу нәтижелері, терек ағаштарының жылдам өсуі, ауа сапасын жақсарту, топырақ эрозиясының алдын алу, биоәртүрлілікті қолдау және климаттық жағдайларды жұмсарту сияқты көптеген экологиялық артықшылықтарын көрсетеді[4]. Терек ағаштары ауадағы зиянды газдарды сіңіріп, қала тұрғындарының денсаулығына оң әсер етеді. Сонымен қатар олардың тамыр жүйесі топырақты нығайтып, ылғалдылықты сақтауына мүмкіндік береді[5].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Нұралы К.Ә.(2020). Қазақстанның өсімдіктер әлемі. Алматы.
2. Сәрсенбаев Т.Р. (2021). Экология және табиғатты қорғау. Астана. Литера.
3. Байтұрсынов А. (2019). Қазақстан флорасы. Өсімдіктер мен олардың экологиясы. Шымкент
4. Мұратбек. Ж. (2022). Табиғат пен адам. Тараз.
5. Әбдірайым Е. (2018). Ағаштар мен бұталардың биологиясы. Қарағанды:ҚарМу

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *