Меңтайдың анасының ақылы

Гүлсім Жұмақын
Меңтайдың анасының ақылы
Әзілхан Нұршайықовтың қай шығармасын алсақта әділдікке,еңбекшілдікке тәрбиелейді. Оның әрбір туындысы өмірден алынған,ащы шындық. Туындыларының ішінде өзіме ерекше әсер қалдырған „Махаббат қызық мол жылдар” романы.
Жалпы роман Абай атамыздың:
«Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар» деген өлең жолдарынан
бастау алады. Шығарма сүйіспеншілікке толы.Ербол есімді жауынгер мен Меңтай есімді арудың бір-біріне деген ыстық махаббаты, шығарманы оқып отырған мені өзіне баурап алды.Оқып отырып , махаббаттың сондай кіршіксіз таза , керемет сезім екенін түсіндім.Мен үшін “Махаббат қызық мол жылдар” романы нағыз махаббаттың сырын,мәнін ұғуға,адал махаббаты ардақтап,ыстық суығына күйе білуге үйрететін аса құнды шығарма.
Бірақ , қазіргі заманғы көзқараспен қарасаң, кітаптың кейбір бөліктері заманауи адамға шамалы жат болуы әбден мүмкін, өз басым осындай ойларға келген сәтім көп болды. Кітапты оқып отырып,көзім мына бір үзіндіге түсті „Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарын қоздырады. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық шашық жерді көбейтпей жауып, жария етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды”.Бұл үзіндіде Меңтайдың анасының қызына айтқан ақылы.
Қазіргі таңда ХХІ ғасыр.Біз күнде әр түрлі жағдайларды естіп, көріп жатырмыз. Сол жаңалықтарды есітіп,көре отрып, менің түйгенім,еркек адамына сенің киген киімің,сырт келбетің,тіпті жасың да маңызды емес.Әр күні ,әр түрлі жастағы қыз балаларды үлкен,ақыл тоқтатқын ер азаматтардың зорлап кеткенін естіп жүрміз.Сонда ,зорланған барлық қыздар қауымы еркектер алдында жалаңаш денесін көрсетіп жүрме? Әрине,жоқ! Мәселе киімде емес,мәселе тәрбие мен балаға үйде айтылатын ақылда.Қыз балаға жабық киін деп айту өте дұрыс ақыл.Ашық-шашық киіну қазақ халқының тәрбиесіне өте жат.Бірақ,бұл нәрсені тек қыз баласына ғана емес,ашық киінген қызды көргенде өз нәпсісін тыя алмайтын ер балаларғада айту керек.Еркек атаулының барлығы құмарын қандыруды ойламайды.Бес саусақ бірдей емесқой. Кінә еркекте емес ,кінә жалаңаш дене де емес,кінә жасөспірім кезде қалыптасатын баланың шектен тыс фантазиясында.Қазіргі таңда адамдар телефоннан түрлі керек емес ақпараттарды көріп,сыртқа шыққанда соны жүзеге асыра бастайды.Сол үшін де балаға жастайынан көңіл аударып ,тәрбие беру керек.Тәрбие тал бесіктен .Инабатты,ибалы қыз бен ер мінезді,тәрбиелі ер азаматты қалыптастыру ата-анасының қолында.Әрбір адам өз нәпсісін тыюды үйрену керек.Нәпсісін тыйған адам жаман болады дегенді естімеппін.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *