Аммариллистер ( Allium) – тұқымдасы өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері және оның шаруашылықтағы маңызы.

ӘОЖ582.572.8

Тақырып: Аммариллистер ( Allium) – тұқымдасы өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері және оның шаруашылықтағы маңызы.

Мақалада аммариллистер (Allium) – тұқымдасы өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері мен оның шаруашылықтағы маңызың зерттеу, сондай- ақ Жамбыл облысындағы аммариллистер тұқымдасының түрлерін табу және биологиялық сипаттамасы зерттелуі.

Түйін сөздер: Аммариллистер, Allium sativum- Сарымсақ , Hippeastrum- пиязшық, систематикалық орны, биологиясы , шаруашылық маңызы, таралуы.

Кіріспе. Амариллистер тұқымдасы (лат. Amaryllidaceae) – дара жарнақты, көп жылдық жуашықты, тамырсабақты, баданалы шөптесін өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік, кейде қоңыржай аймақтарда, негізінен, Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америкада кездесетін 85 туысы, 1100 түрі белгілі. Қазақстанда 2 туысы, 2 түрі бар, олар табиғи жағдайда өспейді, жылыжайларда қолдан өсіріледі. Жапырақтары көп жағдайда ұзын болады. Ірі гүлдері шатыр құрайды. Жемісі– қорапша, сиректеу жидек. Амариллистер тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілігі дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Кливия-амариллистер тұқымдасына жататын,Оңтүстік Африканың ылғалды климатынантараған өсімдік. Күтімі жеңіл болғандықтан гүл өсірушілердің сүйікті гүліне арналған.Оныкүн суық кезде түбекке егіп үй жағдайында, алжаз кездерінде бақшада гүлзарда өсіреді.Аналық түптен 40-қа жуық гүл шығады.Гүлініңтүсі сары, қызыл, күрең түсті. Тіке күн сәулесітүскенді ұнатпайды.Бірақ өскен ортасы жарықболғаны дұрыс. Гүлденген уақытында жиісуару керек. Күз кезінде суаруды азайтып,қараңғылау,салқын жерге тынықтыруға қояды.2 айдан соң жарыққа шығарады.Аналық көшеттің түбін бөлу арқылы көбейтеді. Әрбір жас көшетте кем дегенде 4-5 жапырақ болғанкезде ғана тамырланып, өсіп-өркендей алады.
Жуа тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлық органдарында сарымсақ майы болады, бұл өсімдіктерге айрықша дәм және иіс береді. Бұлар бағалы тағамдық, мал азықтық, дәрілікжәне сәндік өсімдіктер болып саналады.
Мақалада Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америкада кездесетін аммариллистер тұқымдасының түрлерін зерттеу кезінде жинақталған мәліметтерді негіз ала отырып жазылған.

Зерттеу материалдары мен әдістері.
Аталған аймақта зерттеу жүргізу материалдары мен әдістері ғылыми әдіс арқылы жүргізілді.
Яғни, зерттеу жүргізу барысында флоралық зерттеу әдістерінің дәстүрлі түрі пайдаланды . Зерттеу барысында аммариллистер тұқымдасы туралы ақпаратты іздеп, оны өңдеп, және Жамбыл облысында кездесетін аммариллистер тұқымдастарын зерттеу жүргізу кезінде жиналған ғылыми мәліметтер жиынтығы негіз болды.

Зерттеу нәтижелері.
Батыс Тянь-Шань таулары мен Талас Алатауы (Кіші Ақсу, Үлкен Ақсу, Ақсу өзені аңғарларында) және Угам жотасында (Пияздысай өзені аңғары) кездесетін Піскем жуасы (лат. Allium pskemense) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдіктің, жіктелуі, таралуы және биологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинап, зерттеу нәтижелеріне енгізіп отырмын.
Піскем жуасын зерттей келе Қазақстаннан тыс Өзбекстан мен Қырғызстанда таралғанын таптық. Жартастар жарығында, шөгінді тастарда, теңіз деңгейінен 2400м биіктіктегі тасты баурайдың аршалы белдеуінде өседі. Ірі сабақты түр (биіктігі 1 метрге дейін), пиязшығы үлкен, салмағы 70 грамға жетеді. Гүл шоғыры дерлік шар тәрізді, көптеген ақ гүлдерден тұрады. Пиязшығының жылда вегетативті көбеюінің нәтижесінде топ болып өседі. Мұндай топта өркендер саны18-30-ға жетеді, орташа тығыздығы бір шаршы метрде 10 өркенге дейін болады. Алдыңғы жылдарда пиязшығын орынсыз көп жинау нәтижесінде саны қысқарып жатқанын байқадық. Тағамдық және дәрілік шикізат ретінде қап-қап қылып жинаған. Қорықтар ұйымдастырғаннан кейін түр популяциялары қалпына келді. Тұқымынан өссе, үшінші жылы гүлдейді. Бақылау нәтижелеріне сүйенсек, тұқымының өнуі өте ұзақ, тез өскенде екі жылда, жай өссе үш жылда көктеп шығады. Шаршуашылықтағы маңызына келсек, Мәдени түрде жақсы өседі, Қазақстан мен Өзбекстанның көптеген тұрғындары оны мәдени түрде бақшаларында өсіреді. Сәндік өсімдік ретінде мәдени өсіруге ыңғайлы. Аязға төзімді бақша пиязын алуда сұрыптау үшін қолданылады. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Кездесетін барлық популяцияларын ерекше қорғауға алып, бақылау жасау керек, яғни түрді бұрынғы өскен жерінде қайта өсіру шараларын іске асыру қажет.
Aуыл және хaлық шaруaшылығының әр түрлi сaлaлaрының дaмуынa бaйлaнысты, өсiмдiк өнiмдерiне сұрaныс aртып келедi. Мұның өзi aдaмның тaбиғaт бaйлығын зерттеуге белсендi түрде кiрiсуiне жoл aшaды. Мәдени өсiмдiктердiң қaзiргi кездегi түрлерiнен де түсiмдiлiгi жoғaры жaңa iрiктемелер шығaрылуы қaжет.
Өсiмдiктердi тaбиғи жaғдaйдa зерттеу әр түрлi экспедициялaр ұйымдaстырумен тiкелей бaйлaнысты. сүpедi. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н. И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) да енді.

Қорытынды
Сонымен пияз тұқымдастары даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер. Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері – ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі – қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Тұқымдары жел, құмырсқалар, жануарлар арқылы таралады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар – азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.

Әдебиеттер тізімі

“Гүлстан” республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727.
Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Қазақ Энциклопедиясы”
Жетісу энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет
Биология, 2011.
Сұрақ және жауап. Энциклопедия.
Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Алматы: «Алматыкітап»
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.
«Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Қызыл кітап беттерінен. А.А.Иващенко. Алматы 2006 жыл

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *