Музыка пәнінде жаңа технологиягы қолданудың ерекшеліктері

          МУЗЫКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Жаһанданудың білім беру жүйесі мен оның педагогикасына тигізетін оң

және кері әсері білім беру саласы мамандарының қызығушылығын тудыруда.Дүниежүзілік озық тәжірибелер негізінде әр оқушының табиғи қабілетін дамыту және оның жан-жақты дамуына жағдай жасау қазіргі білім беру мазмұнын өзгертіп, жаңа көзқарастардың пайда болуына және оқытудың жаңа технологиясының өмірге келуіне себепші болып отыр. Жаңа технология мазмұны оқушы ісіндегі шеберлікті, оқыту мен үйрету амалдарының жиынтығы ретінде жұмыс жасаудың жүйелі жиынтығын білдіреді.

Жаңа технология оқыту барысында іс-әрекет арқылы жүзеге асатын

жүйе. Ол оқушы тұлғасын жетілдіре отырып, белгілі бір мақсатқа жету

барысында арнайы қолданылатын жаңа әдістәсілдер. Жаңа технология

оқушыны шығармашылыққа жетелейтін, тәрбиенің тиімділігін арттыратын,

бастаған істі мақсатты аяқтайтын әрекеттер жүйесі. 

      «Технология» ұғымының өзі қандай да бір істегі жаңа шеберлік пен іскерлік, өнерпаздық пен шығармашылық деген ұғымды білдіреді. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Сонымен қатар мақсат пен бірге жаңа білім игеріледі, ол үшін қажетті құралдар пайдаланылады және жаңа әдістеме негізінде жоғары деңгейдегі нәтижеге қол жеткізіледі.

     Музыка пәнінде жаңа технологияны пайдалану – оқушының шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына,өз білімін сабақта пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады.Музыка пәнінде жаңа технология түрлерін пайдаланудың оқушылардың шығармашылығы мен қабілетін арттыруда маңызы зор.

     Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы,ғылыми –техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ.Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізі түрі- сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім.

    ХХІ ғасыр-ақпараттандыру және цифрландыру ғасыры болғандықтан қоғамды сол заманға сай ақпараттандыру-мәдениеттің,білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін шарттарының бірі. Сондықтан бастауыш мектепте өтілетін музыка сабақтарында жаңа технологияны пайдалану заман талабынан туындап отырған басты міндеттердің бірі.Яғни,сабақта жаңа инновациялық әдістерді пайдалану –сабақты түрлендіріп қана қоймай,оқушылардың сабақта қызығушылығын тудырады және шығармашылығын арттырады. Әрбір мұғалім өз пәнінде оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын көтеруге,оқытудың көрнекілігін түрлендіріп,оқушылардың оқу материалын саналы игеруіне ықпал етуге,сабақтағы уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушының есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге,оқу материалының сапалылығын арттыруға,пікір алмасуға,білімді жеңіл, әрі қызықты игертудің жолдарын іздестіруге міндетті.

     Бастауыш сыныптарда музыка сабағын жаңа технологияны пайдалана отырып өткізуде ойын технологиясының орны ерекше. Ойын дегенде  көпшілік қауым ойын ертеден келе жатқан құрал түрі.Ол қалай жаңа технология түрі бола алады деп ойлауы мүмкін. Дегенмен де ойынның аты өзгермесе де ,оның мазмұнын өзгертіп,жаңа бағытта түрлендірудің мәні зор. Ойын түріндегі сабақтар оқушыларды қызықтырып қана қоймай,олардың дүниетанымын кеңейтеді,ой-санасын өрістетеді.

        Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен,классикалық музыкамен ұштастыра,шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп,оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді.Музыка пәні-шығармашылық пән.Оған көптеген ізденіс,шығармашылық,іскерлік,тапқырлық өте қажет.Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда,түрлі авторлардан туындалып жатса да,барлығының да мақсаты- халқымыздың және де басқа ұлт өкілдерінің байырғы сазын, жаңа, терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу,насихаттау болып табылады. Жас өспірім бойына музыкалық білімді игерту, пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім. Осы бағыттарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асыру маңызды.Мысалы: мультимедиялық көрініс пен жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдыру қажет.Оқушылар бастауыш мектеп шағынан бастап, топтық жұмысқа қалыптасып,ойларын ашық бөлісуге дағдыланады. Ал ұстаз бағыты шынайы музыкалық тәрбие беруде оқушының жеке дара психологиясын,жас ерекшелігін,мінез құлқының өзгешелігін ескеріп,тиімді қолдана білуі арқылы айқындалады. Сондай-ақ  халықтық педагогика элементтері үнемі сабақтастырылып жүріп отыруы қажет. Атап айтқанда, «Ақ сүйек», «Жүзік салу», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарды әуендете қолдану және сергіту сәттерінде музыкалық түрде көрсету оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта түседі.

  Балалардың музыкалық тәрбиесі дәстүрлі мәдениет тұрғысынан кеңінен берілуі қажет.Өйткені жас шәкірттің дүниетанымы алдымен ұлттық музыка, халық өнері арқылы дамып,басқа жанр түрін сабақтастыра байланыстырып, саз әлемінің тұңғиығына өріс алады.  

Қорыта айтқанда,жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың,қай ұлттың болсын толығып өсуіне,рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да-мектеп.   Осылайша, музыка пәні мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

 

 

 

 

Түркістан облысы.Жетісай ауданы. «Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка пәні мұғалімі: Шахидинова Айгүл Ш ералықызы

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *