Қазақ халқында болған жұт жылдары

Мақала авторы: Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі 11”Ә” сынып оқушысы Сарсенбаева Айкен

Тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі – ашаршылық. Көптеген құнарлы жерлерді ғана емес, миллиондаған адам мен мал жанын жалмып өткен сұм жылдар.

Ең алғаш қайғы әкелген кезең 1921-1922 жылдары Азаматтық соғыстан кейін көрініс тапқан еді. 1921 жылы 20 млн астам адам аштыққа ұшырады деген мәлімет шықты. Биліктегілер бұл аштықты жердің құрғап, керекті астықтың шықпауынан көрді. Алайда, халықтың ішкі жағдайы одан да қорқынышты еді. Яғни әскери күш пен соғыстан кейінгі қиындықтардың орын алуы. Сол кезеңдегі ең ірі Орал, Қостанай, Ақтөбе және Орынбор губернияларында астық шықпай, мал шаруашылығы күрт нашарлап, күн өте аштықтан өлгендер саны көбейе түсті.

Одан кейінгі 1930-1933 жылдар арасын қамтыды. Бұл ашаршылықты ел тарихында “қолдан жасалған ашаршылық” деп атап кеткен. Оның өз себебі де бар. Ол сталиндік-голощекиндік реформа, яғни міндеттелген қаулылардың шығуы еді. Өз қол астындағы елдерді тәркілеу үшін, салық төлеу, жекеменшікті жою, шаруашылықтан қандай да бір пайда өндіріп алу жолы еді. Соның кесірінен, қазақ жерінде 1930-1933 жылдар арасында 3 млн 379 мыңға жуық адам азайған.

Осы ашаршылықта халқына жаны ашыған тұлғаларды да айтпай кетпеске болмас. Тарихқа көз жүгіртсек, 1932 жылы 4 шілдеде қазақ зиялылары Ф.И.Голощекинге хат жолдаған. Сталиндік-голощекиндік реформа болғандықтан, ең алғашында И.В. Сталинге жазылған болатын. Аталған бұл хат “Бесеудің хаты” деп ел аузында да, тарихта да ойып тұрып орын алған. Оның авторлары – жазушы Ғабит Мүсірепов, Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков пен Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин және Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев болатын. Бұл хаттың жетуіне тілектес болғандардың бірі – жазушы Тұрар Рысқұлов болатын. Ол Сталинге тікелей ашаршылық, ел жағдайы, халық тауқыметі туралы ашық айтып, барынша бұл мәселенің шешілгенін қалаған. Алайда, Сталин Тұрарға емес, Голощекинге сеніммен қараған еді. Қазақ әдебиетіне көз жүгіртсек, бұл хат туралы Шерхан Мұртаза “Бесеудің хаты” атты кітап жазған болатын.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *