Қазақ халқының этномәдениеттік құндылықтарының бірі – ұлттық ойындар
Элтаева Күмисай Орақбайқызы
Тақырыбы: Қазақ халқының этномәдениеттік құндылықтарының бірі – ұлттық ойындар
Этномәденидің дамуының бір түрі ол ұлттық ойындар. Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Содан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлттық ойындарының ішіндегі «Бес тас»,»Асық», «Садақ ату», «Қарашие» сияқтылары шамамен 5000 жылдар бұрын пайда болған. Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ,ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.
Қазіргі кезде елімізде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі мекемелерде біршама жаңалықтар енгізіп отыр.Балабақшада тәрбиелік жұмыстар көптеп жүргізілуде. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған ,яғни атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді ,тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн. Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне ,адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол.Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, даму сатысын, әдет-ғұрпын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарын үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері де дамиды. Басқа да ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындарындағы бұлжытпай орындауға тиісті тәртібін баланың ойын барысында сақтауы,баланы осы кезден бастап тәртіпке, әдептілікке, әділдікке, жинақылыққа баулиды.
Фольклортанушы Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі:
- Өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала.
- Жеті жастан он бес жасқа дейінгі бала.
- Он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.
Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып,бірінші топқа сол жастағыларға лайықты «Санамақ», «Тәй-тәй», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Қуырмаш», «Ақ терек- көк терек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа «Тақия тастамақ», «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу» «Қасқыр қақпан» т.б. ойындарын жатқызуға болады.
Мысалы: Мектеп жасына дейінгі балалармен түрлі оқу іс- әрекеті үстінде қолданылатын қазақтың ұлттық ойындарының түрлері. Мектеп жасына дейінгі балалардың этномәдени түсініктерін қалыптастыру үшін әр ұлттың ертегілерімен таныстырудан бастау алады. Әр ұлттың өзіндік бір қалыптасқан түрі ретінде дамиды. Мысалы, көрші ұлт қауымы орыс, өзбек, татар халқының өмір тіршілігімен олардың халық ертегілерімен, ұлттық ойындарымен таныстыруға болады. Мысалы, орыс халық ертегісі «Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Жеті лақ» ертегілерімен танысу арқылы сол халықтың өмір тіршілігімен танысады. Сөз қорлары молаяды. Салыстырады,мәселелік ойлар туындайды.
Тіл дамыту сабағында қолданылатын ойын
«Қасқыр қақпан» ойыны.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан» , екіншісі «қасқырлар» болады.Үлкен топтағы балалар қол ұстасып шеңбер құра жүріп өлең айтады.
Қане ,қане халайық
Қасқыр қақпан құрайық
Қане, қақпан берік бол
Қасқыр,қасқыр келіп көр,– дегеннен кейін, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Осы сәтте шетте тұрған қасқырлар шеңбер тасасындағы қой қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының «жат» деген сөзінен кейін барлығы қолдарын төмен түсіріп отырып қалса, ортада қалған қасқырлар қақпан тобына қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды жалғастырады. Сөйтіп, ойын ең соңғы қасқыр қалғанша жалғасады. Ойында қолданылатын өлең жолдары балалардың тілін жаттықтырады, әрі сөзді бірлесіп анық айтуға тәрбиелейді.
Басқа ұлттың мәдениетін, тілін меңгеру үлкен адамға қарағанда балаларға оңай түседі – бұл ақиқат. Балалар есте сақтауға аса көп күш жұмсамайды,олардың қызығушылықтары жоғары, ойына және мінез-құлықтарында әртүрлі стереотиптермен салмақ салынбаған. Сондықтан «жаңа ойынның» шартын оңай қабылдайды. Сауатты және қисынды түрде ұйымдастырылған ойын, үлкен нәтижеге және мақсатқа жеткізеді.
Қорытынды:Республикамыздың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін жаңарту негізінде мамандардың әлеуетін көтеруді талап етеді. Бұл жағдайда қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін кәсіби білігін жетілдіретін, мақсатқа бағытталған, белсенді, басты тұлға – педагог болып табылады.
Барлық нәрсе мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Егер бала балабақшада, шағын орталықта сапалы білім мен дұрыс тәрбие алса, болашақта үлгілі оқушы, үздік студент, қажырлы, еңбекқор маман болуы даусыз. Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718