Қазақ әдебиетінің мәдениеті

Асанәлі Шұғыла

Мақала:Қазақ әдебиетінің мәдениеті

Қазақ әдебиеті-қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлігі.Тарих қойнауындағы әдеби мұраларды қазірге дейін жеткізген жәдігер.Қазақ әдебиеті халықтың құндылықтарын,салт-дәстүрінің,ұлттық ерекшеліктерінің,мәдениетінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Қазақ әдебиетінің шығу тегі Ауыз әдебиетімен тікелей байланысты.Халықтың ауыз екі сөйлеуі арқылы мақал-мәтелдер,жұмбақтар,ертегілер,әңгімелер ұрпақтан ұрпаққа жетіп,қазақ әдебиетінің бастауы болған.Бұл біздің еліміздің даналығын,өмірлік құндылықтарын көрсетеді.

Қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі – Эпостық жырлар.Соның ішінде Алпамыс батыр,Қобыланды батыр сияқты жырлар.Бұл жырлар біздің ұлттық санамыздың өсуіне ықпалын тигізіп,бізге отансүйгіштік,елжандылық қасиеттерді насихаттайды.Батырлар жырлары еліміз үшін қасық қандары қалғанша азаттық үшін күрескен тұлғаларымызды,ел мен жеріміздің маңызын басты құндылық етіп алады.

19-ғасыр мәдениетіндегі қазақ әдебиеті жаңа бағытты ұсынған болатын.Бұл заманда еліміз білім нәрімен енді сусындап,ағартушылыққа қадам басқан кез еді.Абай Құнанбаев,Шоқан Уалиханов,Ыбырай Алтынсарин сынды тұлғалар сол заман әдебиетінде үлкен рөл атқарды.Абай Құнанбаев-еліміздің ұлы ақыны,философы,ағартушысы Қазақ әдебиетіне жаңа леп беріп,әдебиетімізді шыңға шарықтатты.Сол кісінің арқасында елімізді қазіргі таңның өзінде көп елдер таниды.

Кеңес дәуірі қазақ әдебиетіне жаңа жанрлар мен бағыттар әкелді.Саяси-идеологиялық жүйе әдебиетте социалистік реализмді қалыптастырды. Бұл кезеңде қазақ әдебиеті ұлттық мәселелермен қатар кеңестік идеологияның шеңберінде дами бастады. Дегенмен, бұл кезең қазақ әдебиетінің дамуы үшін елеулі болды. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов сынды қаламгерлер жаңа әдеби бағыттардың негізін қалады.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы қазақ әдебиетінің ұлы туындыларының бірі болып саналады. Бұл роман қазақ халқының тарихи даму жолын, ұлттық құндылықтарын, Абайдың тұлғалық келбетін жан-жақты аша отырып, қазақтың рухани байлығын әлемге танытты.

Қазіргі заман әдебиеті еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жанданып келеді.Әдебиетімізде Елдің жаһандану барысы,тарихи өзгерістер,ұлттық құндылықтар тақырыбы көтеріледі.Бұл әдебиеттің 19шы ғасыр мәдениетінен айырмашылығы ол жаңа заман талабына сай жазылып жатыр.Жазушылар мен ақындар өз шығармаларында тәуелсіз елдің кескені мен бірлікті көрсетеді.Еліміз әдебиет аршылы бірлік идеялогиясын жүргізу үстінде.

Халықтың ұлттық болмысын,тарихын,жәдігерлерін сақтап тұрған қазақтың қазынасы осы – әдебиет.Қазақ әдебиеті мәдени ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына ,ұлттық рухани дамуына,мәдениет саласының бір сатыға болсын көтерілуіне орасан зор үлес қосты.Әдебиетімізді ары қарай да кеңейте беру біздің міндетіміз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *