Қоғамдағы әлімжеттік салдары
Қазақ ұлттық университетінің,журналистика факультетінің бірінші курс студенті Кейікші Ақбота Әсетоллақызы
Қоғамдағы әлімжеттік салдары
Баршамызға белгілі соңғы кезде жасөспірім балалардың арасында әлімжеттік көрсету оқиғалары бұрынғы кезбен салыстыра қарағанда көбейіп кетті.Әлімжеттіктің салдары өліммен аяқталып жатқандар да аз емес.Қоғамның қасіретіне айналған бұл мәселелерге дер кезінде тосқауыл қоймаса,ертеңгі жастарымыздың өмірі мен болашағы не болмақ?
Қаншама отбасының қарғысын алған бұзақыларға еліміз неге заң аясында әділ шешім таба алмай отырғандығы көбіміздің қабырғамызды қайыстырды…Өткен жылы мектеп жасындағы жасөспірімге мектептегі жоғарғы сынып ұлдары әлімжеттік көрсетуінің соңы суццидпен аяқталған.Осы секілді тіркелген оқиғалар саны уақыт өткен сайын ұлғаюда…
Жақында ғана әлеуметтік желілерді тас жарған Талғардағы жас батыр Шерзаттың өлімі де осы әлімжеттіктің салдары болып отыр,неге еліміздегі жасөспірім балалардың құқығын қорғауды күшейтпеске?!Ертеңгі егемен еліміздің болашақ жастары осылай бұзақылардың қолынан шетінен қаза бола берсе,елімізді қорғайтын азаматтарымыздың қалмасы анық.Қоғамдағы әлімжеттік салдары үлкен қайғы қасіретпен аяқталып жатқындығы өкінішті.
Біздің қоғамдағы жастарымыздың рухани білімдерінің аздығы ,жұмыссыз қаңғып жүруі,ішімдік пен есірткіге әуес болуы осындай бұзақылардың жауыздық әрекеттерімен аяқталуда…Рухани жан дүниесі бай жастарымыз негізінен әлімжеттік деген секілді ақылға сыймайтын дүниелерге бармайды.Адамзаттың сорына айналған есірткіге еліміз толыққанды тыйым салғанымен,әлі күнге дейін есірткіні қолданушылардың саны азаяр емес.Алькогольдік ішімдікке тойып алған қазіргі жастарымыз өздерінің не істеп не қойғандарына өздері есеп бере алмайды.Сол себептен де жастар арасындағы қақтығыстар өршіп тұр.Басқа мемлекеттер сияқты біздің елімізде заңды барынша күшейтсе, есірткіні сатып алушы мен сатушыларды құрықтаса,қоғамдағы шиеленіскен көптеген мәселелер өз шешімін табар еді.
Сонымен қатар толыққанды отбасыда өсіп,жақсы тәлім-тәрбие көрген жігіттеріміз ондай жауыздық әрекетке барады деп ойламаймын.Қазақстандағы әлімжеттік салдарын азайту үшін ең бірінші жастар арасындағы рухани байлықты арттырып,әрбір отбасыда берілетін тәрбиеге аса қатты назар аударуымыз қажет.Қоғамның қасіретіне айналған бұл мәселе әрбір қазақстандық үшін маңызды болып табылады.Себебі,әрбіріміздің отбасымызда аға ініміз,ұл-қызымыз өсіп келе жатыр.Сондықтан қазір қоғамдағы бұл жайтты оңтайлы шешпесе болашақ жастарымыздың ертеңгі күні бұлыңғыр болары анық.Жастарымызды барынша рухани жаңғыртуға бәріміз бір кісідей атсалысайық!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718