“Садақ” журналының, “Сарыарқа” және “Бірлік туы” газеттерінің қазақ қоғамына тигізген ықпалы.
ХХ ғ. басында қазақ халқының саяси жағдайы, мәдениеті, білім-ғылым саласындағы енген өзгерістер қоғамның ұлттық санасынының қалыптасуына айрықша әсер етті. Дәл осы кезеңде қазақ зиялылары халықты ағарту, өз құқықтарын қорғау, ұлттық мәдениет пен ана тілдің сақталуы мақсатында баспа жұмыстарымен белсенді түрде айналысты. Осы бағытта жарыққа шыққан «Садақ» журналы, «Сарыарқа» және «Бірлік туы» газеттері қазақ қоғамына айтарлықтай ықпал еткен басылымдар болды.
«Садақ» журналы 1915-1918 жылдары Орынбор қаласында басылып шықты. Бұл журналдың негізгі мақсаты – қазақ жұртының әдебиеті мен мәдениетін дамытып, ұлттық сананы ояту болды. Басылымда жарияланған мақалалар мен әдеби шығармалар халықты білім алуға, ғылымды игеруге шақыру болды. Журналдың авторлары қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, пір тұтар азаматтары еді. Оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатұлы және басқа да тұлғалар болды. «Садақ» ұлттық руханияттың күшеюіне әрі қоғамда ағартушылық идеялардың таралуына үлкен үлес қосты. Бұл жай ғана журнал емес, тарихы терең, мағынасы ауыр журналдардың бірі десек, артық айтпаймыз.
«Сарыарқа» газеті 1917-1919 жылдар аралығында Семей қаласында жарық көрді. Басылымның түпкі мақсаты – ұлттық мүдделерді қолдап, саяси және әлеуметтік құқықтарды қорғау болды. Газет беттерінде қазақ қоғамының сол кездегі өзекті мәселелері жайлы мақалалар мен сыни пікірлер жазылыып отырды. Мысалы: қазақ тілінің мәртебесі, жер мәселесі, қарапайым хаықлықтың әлеуметтік жағдайы көтерілді. «Сарыарқа» газетінің арқасында қазақ зиялылары патша өкіметі мен кеңес билігінің саясатына қарсы өз пікірлерін білдіре бастады, автономия алу мәселелерін көтерді. Басылым қазақ халқын ұлт болып бірігіп, біздің қоғамға саяси әрі әлеуметтік өзгерістердің аса қажет екенін ұғындырды. Дәл осы газеттің еліміздің намысын оятуда үлкен рөл атқарғандығына куә бола аламыз.
«Бірлік туы» газеті 1917-1918 жылдары Ташкент қаласында шығып отырды. Газеттің халқымызға қосқан үлесі орасан зор екені сөзсіз. Басылымның басты көздегені – қазақ және өзге де түркі тілдес халықтардың бірлігі мен ынтымақтасты мен бірлігін нығайту болды. «Бірлік туы» газеті жұртымыздың тарихы мен мәдениетін наихаттап, ұлььық рух пен сана-сезімнің дамуына ықпал етті. Газетте саяси-әлеуметтік мәселелер, сонымен қатар, мәдени және рухани мұралар туралы мақалалар да жарияланып отырды. Дәл осы газетте Алашорда үкіметінің идеялары қолдау тауып, халықты саяси белсенділікке, білімге шақыру арқылы бірлік пен елдіктің маңыздылығын түсіндірді.
«Садақ» журналы, «Сарыарқа» және «Бірлік туы» газеттері – қазақ елінің мәдениеті мен тарихын, рухани құндылықтарын барынша насихаттап, ел болып қалыптасуымызға үлкен үлесін қосқан басылымдардың бірі. Ұлт тәуелсіздігін алу жолында белсене қызмет атқарып, қазақ басылымын тарих сахнасына шығаруда айтарлықтай рөл атқарғаны баршамызға мәлім. Ендігі болашақ ұрпақтың міндеті, осы газет-журналдардың халық санасынан өшуіне жол бермеуі. Елімізде осыншалық бетке ұстар басылымдардың болуы бізге күш-жігер сыйлап, патриоттық сезімді оятуы қажет деп ойлаймын. Ата-бабамыз «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп, бекер айтаса керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінің 1-курс студенті Саякова Зылиха Мақсатқызы.