Адал ұрпақ тәрбиелеу— әр азаматтың борышы

 Адамзат қоғамы әрдайым өз ұрпағының тәрбиесіне ерекше мән беріп келген. Өйткені, адал, білімді, ізгілікке толы ұрпақ — еліміздің болашағы. Адал ұрпақ тәрбиелеу — тек ата-ананың немесе ұстаздардың міндеті ғана емес, бұл әр азаматтың борышы. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. Біздің басты мақсатымыз-қазіргі халықтың талаптарына сай жан-жақты үйлес қоса отырып тұлға қалыптастыру. Егер біз ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, онда ол тұлға ретірде дұрыс қалыптасып, жетіледі, яғни жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.

   “Азаматқа ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы”, – дейді әл – Фараби. Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле», – деген екен Платон. Адал ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың алар орны ерекше екендігі бәрімізге мәлім. Өз тарихымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жастарға жеткізу — бізге, қоғамға жүктелген маңызыды жауапкершіліктердің бірі. Ұлттық құнылық пен рухты бойына сіңірген жас ұрпақ өз елінің нағыз патриоты болады дегенге сенемін. Адал ұрпақ тәрбиелеуде қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің алар рөлі зор. Әрбір азамат жастармен жұмыс істеп, оларға қолдау көрсетуі тиіс. Адал ұрпақтың қалыптасуына үлкен үлес қосуы әбден мүмкін. Білім беру мекемелері мен әлеуметтік орталар, қоғамдық ұйымдар жастарға арналған іс-шаралар, жобалар ұйымдастырып, олардың дамуына ықпал етуі қажет. Адал ұрпақ тәрбиесінің негізі – сапалы білім. Білімді жастар еліміздің болашағын құрады,экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосады. Сондықтан, мұғалімдер мен ата-аналар жастардың рухани дамуына ерекше көңіл бөлуі тиіс деп білемін. Сапалы білім – зиялы ұрпақтың кепілі. Білім беру процесінде сапалы әдістемелер мен заманауи технологияларды пайдалану сонымен қатар жастардың қызығушылығын арттыру маңызды рөл алады.

   Адал ұрпақ тәрбиелеу — біздің ортақ міндетіміз. Біз барлығымыз қоғам мүшелері ретінде, жастардың тәрбиесіне үлес қосуымыз керек. Адал, білімді, ізгі азаматтар өсіре отырып, еліміздің болашағын жарқын ету — әрқайсымыздың парзымыз. Тек осындай ұрпақ арқылы ғана қоғамымыздың дамуына, гүлденуіне қол жеткізе аламыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *