Махамбет өлеңдері- бүгінгі ұрпаққа үлгі- өнеге

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті

“Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ” КММ-нің

8 «Б» (орыс) сынып оқушысы Исатилла Ясмина

Жетекшісі: Ерназарова Рыскул Анасратдинова

 

Махамбет өлеңдері – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге

 

Бұл ақын туралы қазіргі жастар біле бермейді, сол себепті осы тақырыпта өз білгенімді жазып отырмын. Махамбет ақын – тарихымыздың қайталанбас тұлғасы және қазақ әдебиетінің поэзия әлемінде орны ерекше жан екенін біліп жүру үшін және жас ұрпақтар өз халқының тарихын біліп, оны елге танытуымыз үшін бізге керек тұлға.

Махамбет Өтемісұлы – жауынгер ақын Жәңгір ханның тұсында өмір сүрді. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт азаттық көтерілістің белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды. Өз заманында шындықты өлеңмен өрнектеп жеткізген өр рухты батыр ақын. Жәңгір ханға қарсы шығып, шындықты бетке айтатын қайсар мінезімен хан озбырлығына шек қою үшін аянбады.

Негізі көтеріліске шығуының басты себебі, ханның елге салықты көбейтуі, шаруалардың орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі, Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы еді.

Махамбет – өз қамы үшін емес, халықтың жағдайы, ел тыныштығы үшін көтеріліске шықты, өз дәуіріндегі шындықты жеткізу үшін қара сөзбен емес, өлеңмен жеткізді. Ел алдында аз сөйлесе де ,өз өлеңдерінде айтар сөздерін арқау етті. Өлеңдерін оқығанда ақынның ішкі сезімін, халыққа сол заманындағы үстем тап өкілдерінің көрсеткен опасыздығын, қанаушылығын көруге болады. Махамбет –халқын сүйген,халық мұңын жырлаған,елім деп еңіреген ақын. Ақын поэзиясы өз дәуірінің,сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот – өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған,еңбекші шаруалардың жыршысы.

Өмірінің ақырғы минутына дейін жақсылықты алдағы өмірінен күтіп, ұрпақтарды хан, патша, би, сұлтандарға қарсы күреске шақырып кеткен ақын.

Махамбет өлеңдері көбінде шешендік өрнекке құрылған- нақыл, терме, толғау түрінде келеді. Мысалы:

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы…

Жаманнан туған жақсы бар

Атасын айтса нанғысыз,- деген өлең жолдары қанатты сөзге айналып кеткен.

Бұл өлеңінде Махамбет ақын не айтқысы келді. Адам аз сөйлесе де өз ойын ашық айтуды, көп ақыл-кеңес тыңдаса асылдың ұрпағы екенін, жаманнан туылған бала болса да жақсы болатынын, атасына ұқсамайтын ұлдар бар екенін мысалмен жеткізді. Ақынның өлеңдері қазіргі кезге дейін терме, толғау, ән болып орындалып жүр. «Жақсының аты өлмейді, Ақынның хаты өлмейді.» дегендей Махамбет ақынның заты өлсе де, өзі өлмейді деген сөз.

Қорыта келе айтарым, Махамбет жырларын өзі үшін емес, қара халықтың жан айқайын жеткізу үшін жырлаған асыл сөздің кені, қызыл тілдің көркем ұстасы, елді ерлікке жетелейтін халықтың жалынды үгітшісі.

Махамбет сияқты батыр ақын – бүгінгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

Махамбеттің арманы бүгінде орындалды, іске асты. Себебі, Қазақстан Тәуелсіз – егеменді ел болды.

 

Рубрика “Сөз маржан” Collaboration_Fest

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *