«Алтын күз» панносын жасау
Майшанова Менгдихан Нурсултановна
І.Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз» панносын жасау
ІІ.Сабақтың мақсаты:
І.Білімділігі: Оқушыларды түрлі заттарды қолдану арқылы панно жасауға үйрету. Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. ІІ Дамытушылығы: қолдың ұсақ бұлшықеттерін жетілдіру,,шығармашылық қабілеттерін шыңдау. ІІІТәрбиелілігі:Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру,өзінің жұмыс орнын ұқыпты ұстауға баулу. Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгеру,топтық ізденіс сабағы. Сабақтың әдістері:СТ О,сұрақ-жауап,түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі :еңбек құралдары,слайд,панно түрлері. Пәнаралық байланыс: бейнелеу,дүниетану,ана тілі. Керекті құрал-жабдықтар: дәптер,оқулық,қайшы,қарындаш,оқулық,желім,акварель бояу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу.Оқушыларды түстерді таңдау арқылы 3-топқа бөлу. 1-топ « Өнерлілер» тобы,2-топ « Іскерлер» тобы,3-топ « Шеберлер» тобы . 2-мин ІІ Үй тапсырмасы: « Гүлдер» композициясын жасау.Оқушылар жұмыстарын тақтаға іледі. 5-мин ІІІ Жаңа сабақ.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Экранда слайд шоу табиғат көрінісі музыкамен көрсетіледі. – Бұл музыкадан қандай әсер алдыңдар? -Балалар , қазір табиғаттың қай мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болады? Міне күз айы да аяқталып қалды. Күн суытты. Ағаштағы жапырақтар сарғайып түгелдей түсті. -Композиторлар дыбыстармен,суретшілер –бояулармен,ақындар-өлеңдерімен сұлу табиғатты суреттейді. А.Құнанбаев табиғатты өте жақсы көрген.Халқымыз оны табиғат жыршысы деп атаған. «Күз» өлеңінен оқушылар үзінді оқиды. Олай болса балалар бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болмақ? Жарайсыңдар балалар! Дәптерімізді ашып,бүгінгі жаңа тақырыбымызды жазып қояйық. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Алтын күз» панносы. Панно- қоғамдық мәдени орындарын,үй ішін безендіру мақсатында жасалған өнер туындысы. -Қараңдар, мына паннода не бейнеленген? -Қандай материалдан жасалған?Панно жасау үшін қандай құралдар қажет? . Орындалу реті:1.Ең алдымен күз көрінісін өз қалауымызша сары түсті қатты қағазға бейнелейміз.2.Жұмысқа қажетті табиғи материалдарды дайындап аламыз.3.Табиғи материалдар түсіне қарай желімделеді.4.Табиғи материалдарды желімдеп болған соң,акварель бояуын қолданып,панноға қосымша өң береміз. Осылайша «Алтын күз» панносын табиғи материалдардан жасап шығамыз. Қауіпсіздік ережесін сақтау -Қайшымен қалай жұмыс жасауымыз керек? –Желіммен қалай жұмыс жасау керек? Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,жұмыс жасауымыз керек . ІV Сарамандық жұмыс. 1.Өнерлілер тобы: «Құстар қайтып барады» .2.Іскерлер тобы: «Жаңбырлы күз». 3.Шеберлер тобы: «Күзгі бақ». 3-топқа А3 формат қағаз беріледі. Топ басшысы постер қорғайды. V. Сергіту сәті. «Кім тапқыр» ойыны. Жұмбақтар жасырамын. 1.Жапырақты бояды,атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын,сап-сары ғып қояды. (күз) 2.Таңмен көзін ашады,әлемге нұр шашады. (күн) 3.Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,қыста жақсаң жаның рахат табады. (ағаш) 4.Екі семсер айқасқан,оқта-текте шайқасқан. (қайшы) 5.Естіртпе деп ине-жіптің күңкілін,бүтіндейді қағаз-кітап жыртығын. (желім) 6.Аяқсыз жетіп барады,қолсыз есік қағады. (жел) VІ. Бағалау. VІІ.Үйге тапсырма беру . «Алтын күз» панносын аяқтап келу. VІІІ . Рефлексия. Тақтада Ағаш суреті бар.Ал партада түсті жапырақтар. Жапырақтарды ағашқа жабыстырамыз.Осындай көңілді күймен біз сабақты аяқтаймыз.Барлығыңызға рахмет! Сау болыңыз!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718