ТІЛ-АСЫЛ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. Анамыздың сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» – деп қазақтың біртуар перзенті, жазушысы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұлт тілі – сол ұлттың қалыптасуы мен әрі қарай дамып, болашағы кемелдене беруінің басты қағидасы. Тілді ұмыту – мемлекеттің барлық құндылықтарынан, тарихынан айырылу деп санаймын.
Иә, заман өзгерсе де, адам өзгерсе де, тек бір нәрсе өзгермейтіні хақ: ол – ана сүтімен бойымызға дарыған, халықтың қандай қиындықтан өтсе де өзімен бірге алып жүретін басты байлығы – баба тілі, ана тілі.
Тарихқа аз ғана көз жүгіртсек, қазақ тілінің мемлекеттік, саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап-ақ төмендей бастағаны белгілі. Түрлі саяси өзгерістер мен ұжымдастыру жылдарында жіберілген қателіктер, ашаршылық салдары Қазақстандағы демографиялық процестердің қалыпты арнасын бұзып, республиканың ұлттық құрамына ықпал етті, сайып келгенде, мұның өзі қазақ тілінің дамуына орасан зор зиян келтірді. Міне, тарихи деректерден байқағанымыздай, басынан осыншама қиын-қыстау кезеңдерді өткерсе де, тілімнің болашағы – ұрпағымның болашағы деп, бабаларымыздың басын бәйгеге тіге отырып, бізге аманат еткен тіліміздің тұғырын биік ұстамау – ұлтқа сын.

Бүгінде жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың алдында бірнеше тілді қатар меңгеру қажеттілігі тұр. Өзі өмір сүріп отырған заманның қарқынына ілесу, дамыған отыз елдің сапына түзелу үшін, әлемдік аренада өзіндік орны бар алып тілдерді меңгеру талабы тастай қағида болып тұрғаны бәрімізге мәлім. Осы жолда өзге тіл мен өз тілінің қадір-қасиетін ажырата білетін, басқа тілдерді жетік меңгере отырып, ұлт тілін биіктерге көтеретін кемел ұрпақты дайындау ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет.
Тіл байлығын игеру – ана тілін қадрлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.

Қазір, тіпті, көптеген дамыған елдер өз тілдерінің тазалығы үшін күресуде. Таза сөз, ана тілде басқа тілдің элементтерін қоспай таза сөйлеу маңызды. Әдебиетті оның асыл мұра екенін кез келген ұлт өкілі тілді тұтынушы ретінде де сақтап, келер ұрпаққа рухани қазынаның барын шашпай аманат етіп тапсыруын баса айтады.
«Тілімізді кіршіксіз таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз» деген ұлы ғалым Шоқан Уәлиханның сөзі әрбір азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *