АЭС

Атом электр станциясы (АЭС) – бұл атом энергиясын электр энергиясына айналдыратынөндірістік кешен.

АЭС жұмысының негізі ядролық реакциялардажатыр, бұл кезде ауыр атом ядролары мысалы, уран немесе плутоний ауыр атом ядролары бөлшектеніп, үлкен мөлшерде энергия бөлінеді. Бұл реакция-яд, адамдардың денсаулығына үлкен зиянын алыпкеледі. Осы АЭС туралы ойлар екі жақты, біреуіАЭС ол қажет деседі, ал екінші жақ оныңсалынуына мүлдем қарсы. Жоғарыда отырғанадамдарының айтуы бойынша осы АЭС-ныңсалынуына 72% адам келісті делінген, бірақ бұлмәселені құптаған кімдер? белгісіз. Бұл мәселеніқозғап, оның жағымды және жағымсыз жақтарын, өз ойын жеткізген адамдар да аз емес.

Негізінен Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндірушіелдердің бірі болғандықтан, АЭС салу логикалыққадам болып көрінеді. Алайда елде АЭС салу мәселесі ұзақ уақыт бойы қоғамда және үкімет деңгейінде пікірталастар тудырып келеді. Қазақстанның атом саласындағы негізгі объектілерінің бірі – Кеңес Одағы кезінде жұмыс істеген Семей полигоны. Бұл полигонда ядролық сынақтар жүргізілген, бірақ электр энергиясынөндіретін атом станциясы болмаған.

Қазіргі таңда Қазақстанда АЭС салу үшін орынретінде Алматы облысындағы Балқаш көлініңжағалауындағы Үлкен ауылы таңдалған. Бұл жобаҚазақстанның энергетикалық қажеттіліктерінқанағаттандыру және жаңартылатын энергия көздерімен үйлестіру мақсатында қарастырылуда. Алайда халықтың пікірі мен экологтардыңалаңдаушылығы бұл жобаны іске асырудыңмаңызды факторы болып табылады. Сол үшін жақын арады Референдум өткізбекші. Егер бұлжоба іске асатын болса, оның да артықшылықтарын байқай аламыз.

1.Жоғары тиімділік: Ядролық реакция кезіндебөлінетін энергияның мөлшері өте жоғары. Мысалы, 1 кг уранды бөлген кезде көп мөлшердеэнергия алуға болады, бұл көмір немесе газбенсалыстырғанда әлдеқайда тиімді.

2.Төмен көмірқышқыл газ шығарындылары: АЭС парниктік газдарды мүлдем шығармайды. Сондықтан ол климаттың өзгеруімен күресудемаңызды рөл атқарады. Басқа электрстанцияларымен салыстырғанда, АЭС атмосферағазиянды заттарды аз шығарады.

3.Тұрақты және үздіксіз энергия көзі: Жел немесекүн энергиясынан айырмашылығы, АЭС ауарайына тәуелді емес және тәулік бойы тұрақтыжұмыс істей алады. Бұл оны сенімді энергия көзінеайналдырады.

Айгүл Соловьева – Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы. Ол АЭС салу мәселесіне жан-жақты қарау қажеттігінайтады. Оның пікірінше, климаттың өзгеруіменкүресте парниктік газдарды азайту үшін АЭС тиімді болуы мүмкін. Бірақ бұл шешімдіқабылдамас бұрын, қауіпсіздік және экологиялық әсерлерді терең зерттеу керек екенін атап өтеді. Қарсы еместігін көрсетеді.

Бірақ бұл жобаның кері жағдайлары да бар.

1.Қауіпсіздік мәселелері: АЭС жұмысының бастықауіп-қатерірадиациялық апаттардыңықтималдығы. Тарихта Чернобыль мен Фукусима сияқты ірі апаттардан кейін атом станцияларынадеген сенім төмендеді. Мұндай апаттар кезіндеқоршаған ортаға үлкен зиян келтіріліп, адамдардыңденсаулығына қатер төнуі мүмкін. Қазақ елініңбасты ойланатын мәселесі осы дей аламыз.

2.Радиоактивті қалдықтар: Ядролық реакция нәтижесінде радиоактивті қалдықтар пайда болады. Бұл қалдықтарды қауіпсіз сақтау жәнеутилизациялау үлкен мәселеге айналуда, өйткеніолар мыңдаған жылдар бойы қауіпті болып қалады.

3.Қымбат құрылыс және пайдалану шығындары: АЭС-ті салу үлкен қаржыны талап етеді, соныменқатар оны пайдалану мен техникалық қызметкөрсету де қымбат.

  • Мэлс ЕлеусізовҚазақстандағы танымал эколог жәнеТабиғат” экологиялық қозғалысыныңжетекшісі. Елеусізов АЭС-тің салынуына қарсылықбілдіріп, бұл станциялардың қауіп-қатерін айтады. Оның пікірінше, АЭС – үлкен экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін қауіпті нысандар. Сондай-ақ, ол радиоактивті қалдықтардың қауіпінде атап өтеді. Қазақстандағы осы жасалатын жобаең ірі әрі алғашқы болғандықтан бұл үлкен дау-жанжалға айналуда.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *