Дарынды баланың шығармашылық қабілетін шындау бүгінгі күннің талабы
Тәрбиеші
Тайкенова Гулзат Ермековна
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың шығармашылық қабілеті,қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты болады. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның салалы да дарынды,қабілетті де,талантты ұрпағы.Балалардың қабілеттерінің әртүрлі екенін ескеріп,соған қарай жұмыс жасау керек.Осы ерекшеліктер халқымыздың дана сөзі “Тәрбие-тал бесіктен” деп айтылған сөзіне сүйене отырып баланың дарынды екенін балабақшада жүріп-ақ байқауға болады екен.
Дарынды баланың бірден көзге түсетін ерекшеліктері:оның шектен тыс белсенділігі,танып,ұстап,білуге деген құштарлық,естігенін сөзбен сөз қайталау,ерте сөйлеу,аз ұйықтау,ерекше әрекеттерді жасауды,берілген тапсырманы мұқият тыңдап дәл уақытында орындауы.
Әр баланың әр жақты қабілеті болады.Кейбір бала өлең,тақпаққа деген қызығушылығын болса,енді біреуінің ән айтып,билерге деген бейімділік болады.Олар өзіне қызықты мәселені шешуге талпынып,табандылық көрсетеді.
Менің өз еңбек тәжірибемен қарай дарындылықтың мәні неде,ол туа біткен қасиет пе,әлде мағынасы терең жатқан құпия ма?Дарындылық-үш түсіндірілімнің тоғысуы яғни,орта деңгейді жоғарылатады зияткерлік қабілеттері, далалық пен табандылық тың қосындысы.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің,өмірге құштарлық,биік ізгіліктің,бәрінің кілті-мыңды жығатын білімде.
Яғни,баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылық анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек.
Еліміздің білімді,саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудың артық,ұстаз үшін бақыт болмаса керек.Уақыт талабы,кезеңі де осыны талап етеді.Ендеше,сөз соңында айтарым тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні-дарынды балалар бақытты ғасыр кепілі.