БАЙЫПТЫ ҚАДАММЕН БОЛАШАҚҚА

БАЙЫПТЫ ҚАДАММЕН БОЛАШАҚҚА

Жолдасбай Ералиев ауыл округіндегі білім ордаларының бірегейі «Дәуір» жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан Халқына кезекті жолдауын тыңдады. Жолдау бойынша әрбіріміздің қаржылық сауаттылығымыз, келешекке сеніміміз артып, білімнің бәсекесіне қабілетті жастарды дайындау басты мақсатымыз екенін түсіндік. Президент өз жолдауынан кейінгі 2024 жылы 6 қазанда өтетін бүкіл халықты референдум бастау алды. Жер жерлерде, халық арасында АЭС арқылы энергия, қуат көздерінің жаңа баламасын арттыру арқылы, ел экономикасына, өндіріске елеулі үлес қосатын бастама болмақ. АЭС атом энергетикалық станциясын салу арқылы, экологиялық қауіпсіздік, табиғатқа залалсыздық жағында кеңінен ойластыру керек санаймын. Білім саласындағы тәлім алып отырған жас ұрпаққа, талап қоятын ұстаздарымыздың да үлесі орасан.

Алдағы келе жатқан ұстаздар мерекесі қарсаңында 2023-2024 оқу жылының қортындысы бойынша педагогикалық біліктілігі жоғары ұстаздарды марапаттау арқылы, оларды көтермелеу жоспарымызда бар. Тәрбие мен білімнің ошағы мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналарға балаларын бақылаудан тыс қалдырмау туралы айтылып келеді.

Ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың ролі зор, әрбір ата-ана өзінің баласының сабағын қадағалауға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спорт, өнер, қосымша білім алуға жағдай жасауға міндетті деп білемін. Мен мектеп басшысы ретінде әрбір ата-ананың білім класс платформасы арқылы ұл-қызадырының үлгерімін қадағалауға, мектептегі тәртібін сынып жетекшісі, пән мұғалімдері арқылы біліп отыруға, смартфон қолдану кезінде қолданатын бағдарламалары туралы білуге міндетті деп білемін. 21 ғасыр ақпараттың ғасыры, 8-11 сынып оқушылары өз мамандықтарына бейінді пәндерге әзірден дайындық көріп, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға және мемлекеттік білім грантын жеңіп алуға талпыныс жасау керектігін үнемі назарда ұстаймын.

Сол себептен де ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы үштік одақтың біртұтас тәрбие бағдарламасын орындауға күш салатын бірден бір құрал деп санаймын. Ағылшын тілін оқыту арқылы балалардың әлемдік тіл арқылы басқа өркениеттермен, мәдениеттерді танып біледі. Білім инемен құдық қазғандай демекші, әрбіріміз болашағымыз үшін аянбай, жаңа, әділетті Қазақстанды құруға күш салуға шақырамын.

«Дәуір» жалпы білім беретін мектебінің директоры

Еркінбек Төребаев

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *