Қазақ тілінің мәртебесі қашанда биік

Қыркүйек айының 5-ші жұлдызы Тіл мерекесі деп белгіленудің өзіндік астары бар. Бұл күн қазақтың ХХ-шы ғасырдағы Ұлт ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлының туылған күні. Рухани жаңғырту аясында Ұлттым деп қан жұтқан арыстарымыз, қазақ тағдыры мен оның тілінің сақталып қалуын аса назар аударған Қазақ тілінің әріпінің негізін жасап ұсынған Алаш ұлының өз қазақ халқы үшін еткен еңбегі зор еді.
Қазақстан Республикасы халқын Тілдер мерекесі аясында жасалып отырған игі іс шаралар біздің қоғамда әлі де аздық етіп отырғандығына куә болып отырмыз. Тіл әр бір мемлекет әрбір халық, әрбір ел үшін ең маңызды, себебі тіл арқылы адамдар қарым-қатынас, ойлану құралы ғана емес ата баба салт дәстірі мен әдеп ғұрыптарымызды санамызда үнемі жаңғыртып отыру үшін де болашақ ұрпақ өз ұлтын салт дәстүрін өз ұлтының интеллектуалды әлеуеттік қазынасын, құнды байлығынан қол үзіп қалмау үшін де маңызды.
ҚР тіл туралы заңы 11 шілде 1997 жылы қабылданған болатын. Аталған Тіл туралы заңымызға қазіргі таңда 35 рет өзерістер мен толықтырулар енгізіп үлгеріппіз. ҚР Конституциясы да тәуелсіздік алғаннан бері екі конституияны ауыстырып оның соңғысына 7 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Дегенмен, ҚР Конституциясының 7-ші бапының мәті мен оның нормасын түсіндіру бойынша көптеген әр түрлі қөзқарастар қоғамда бар. Қазақ тілінің мәртебесінің өзге тілдерден өз елімізде төмен тұруы ауыл қазақтары азаматтарының шамбайына тиген болса ал, қала қазақтары оған керісінше көзқарастары мүлдем керісінше болып отыр. Қоғамдық сұраныс пен адам қажеттілігінен мұқтаж болып отырған қоғам рухани құндылығымыз, мемлекеттің тәуелсіздігінің ең негізгі құмылымы қазақ тілі екендігін естен шығарып алған тәрізді. Нәтижесінде мемлекеттік, жеке секторлар, бизнес, кәсіпкерлік, халықаралық әріптестермен қарым қатынаста, қызмет көрсету саласында қазақ тілі әрқашан екінші орында болуы А.Байтұрсынұлы шырылдап қорғап кеткен тілдің болашақтағы жағдайын алдын ала сезгендей көрінеді бізге бүгінде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті,
Азаматтық құқық және іс жүргізу, еңбек құқығы
кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
PhD докторы Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *