«Тағылым мен тағзым»

Абдикаликова Ғалия Жолдыбайқызы

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі

Қоғамдық пәндер оқытушысы : Абдикаликова Ғалия Жолдыбайқызы

 

«Патриоттық рух – басты құндылық »            Жобасын жүзеге асыру

Тәуелсіздігімізге негіз болған- Желтоқсанның 35 жылдығы

 

Тақырыбы: «Тағылым мен тағзым»

Мақсаты: 

Желтоқсан көтерілісінің халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық күресі тарихында ерекше орын  алатынын жастарға сездіре отырып, сол зұламатты көзімен көріп жүрегімен  сезінген желтоқсан ардагерлерімізбен  ой бөлісу және тағзым етуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Құрметті желтоқсан ардагерлері , оқытушылар , студенттер!

2-жүргізуші: «Патриоттық рух – басты құндылық »     жобасын жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздігімізге негіз болған- Желтоқсанның 35 жылдығына

арналған   «Тағылым мен тағзым»   кездесуімізді  ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын.

1-жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы азаттығымызды жақындатқан, тарихта ойылып жызылған, қаншама адамның мұзға тамған қанының көрінісі.

2-жүргізуші: Иә, тұтас ұлтты, ел мен жерді қорғауға, құртуға, еңсесін басуға болмайтындығын қазақтың осы қаһарлы үні бүкіл әлемді жаңғыртты емес пе?

1-жүргізуші: Желтоқсан – бұл ерлік жыры, азаттық аңсары,. Қанды желтоқсанның үні жаңғыра берері анық… Ағайын. Олардың рухын еске алып 1 минуттық үнсіздік.

2-жүргізуші Мәңгілік ел ұрпақтары бұл боздақтарымызды еске алары хақ. Бірақ өмір жалғаса береді. Күй – «Көреғұлы»

 1-жүргізуші: Бүгінгі кездесуімізге қатысып отырған желтоқсан ардагерлеріміз:

1.Байдильдаев Ербол Кененбайұлы

2.Бисенбаев БердібекУрикбайұлы

3.Биекеева Шаргүль Қасымханқызы

  1. Иманбаева Гульнара Диқанбайқызы

5.Қайыргелді Күзембаев

6.Бақыт Шаттықбаева

7.Стамбекова Қаншай Қанатбекқызы

2-жүргізуші:Иә, «Желтоқсанның желінен қатқан қарға, қазағымның көз жасы тамғаны» анық демекші биылғы жыл тоталитаризмнің темір құрсауын бұзуға жұдырық болып түйіліп, азаттықты көксеген халқымыздың намыс жолындағы күресіне 35 жыл толып отыр.

1-жүргізуші: Олай болса, «Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын» бөлімі бойынша «Желтоқсан рухы» тобын ортаға шақырамыз.

1-оқушы:

Мұхтар Шаханов.

«Желтоқсан алаңы»

Сәл аялдап,тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер,қалқам,асқақ рух  жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер…

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейді қар бет,

Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.

… Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.

Оны да еске салады

Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

 2-оқушы:  Базарбай Исаев. Қабірден хат.( Қайрат Рысқұлбеков монологы)

Қабірден хат.Қайрат Рысқұлбековтың монологы.

Армансызбын..,
Ажалсызбын..,
Азатпын,
Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң.
Ұлтым үшін ұлтарақпын,
Аз десең,
Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын!

Көкбөрінің сіңіріндей сірімін,
Сол үшін де ажалсызбын, тірімін.
Шындық үшін құрбандыққа шалынып
Шырылдаған құлындардың бірімін.

Талай-талай тоналдым да тапталдым,
Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым.
Көк көйлекті көктемеде туылып
Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.

Күңіренсе үн шығады көрден де,
Шертілмеген шерім қанша шерменде.
Өз тіліңде өмір сүріп,
Сонан соң,
Не жетеді өз тіліңде өлгенге.

Мен сұрасам – теңдігімді сұрадым,
Теңдігімнің кемдігіне жыладым.
Ай күзетіп Ару сүйер жасымда
Мәңгіліктің құшағына құладым.

Кек алатын кәріден де жастан да,
Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?!
Бауыр қалды өзегіне өртеніп
Ана қалды сүтін сауып аспанға.

Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы –
Айналайын, алтын қанат – Азаттық!

Саған құрбан жастығым да жаным да,
Саған құрбан атпай қалған таңым да.
Тереңдігі қабірден де тереңдеу
Менің қайғым – Қазағымның қанында!

 

3-оқушы:

«Желтоқсан ғой бұл…» Ербол Сыпатаевқа орналған өлеңі

 

Желтоқсан ғой бұл, Желтоқсан,

Мінезі бар сан тоқсан.

Кешірмейтін ешқашан,

Кешірмейтін сен сқсаң.

Желтоқсан ғой бұл…

Төзуің керек ызғарға,

Төзудің керек мұзға-қараға.

Сәл тайса нілді табаның,

Жетелейтін құздарға.

Желтоқсан ғой бұл…

Жасыққа атқан тас алып,

Еркіндік берген бас алып.

Айбыныменен арзымас,

Тарихта қалған қашалып,

Желтоқсан ғой бұл…

Сарапқа түсер төзімің,

Кірпік қағудың өзі мін.

Жүрегіңе құяр шуақ-нұр,

Ызғарымен-ақ өзінің,

Желтоқсан ғой бұл…

4-оқушы:

 Зайда Елғондинова

«Боздақтар»

Ләззат Асанованы анасының жоқтауы

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман.

Сені өлтірген дұшпанға,

Зауал келсін алладан.

Асыл едін, мыс болдың,

Қарағым, көрген түс болдын.

Ізің жатыр, өзің жок,

Бейнең бар да, көзің жок.

Қайдасың, қайда, қарағым?

Ел көзінше жыламай,

Қөздің жасын бұламай,

Анашыңның жасырып,

Өксігенін білдің бе?

Тар құрсақты кеңіткен,

Тай-кұлындай тебіскен,

Бауырыңның сені іздеп,

Боздағанын білдің бе?!

Өзіңдей кыздың казақта

Бір туарын білдің бе?!

Күн туарын білдін бе?!

Желтоқсанның анаға

Ызғары көп, қарағым,

Намыстан өлген қазақтың.

Қыздары көп, қарағым.

Күндік кешпей, мұң кешпей,

Ат артына мінгеспей,

Мұңдық болып мұңаймай,

Тәкаппар нағыз құдайдай,

Қасқайып карап тұратын,

Ағасы өлсе, іні боп,

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлқысқан

Қыздары көп қазақтың.

Сен де соның бірісің,

Өлген жоқсың, тірісің.

Тірі жүрген қыздардың,

Сыйынар жалғыз пірісің.

Алқара көк аспаның

Аяласын, Ләззат.

Шейіт болған жас жаның,

Тыңым алсын, Ләззат.

Көктем келді,

ұйқыңнан

Оянарсың, Ләззат.

Күн нұрына қуанып,

Боянарсың, Ләззат.

Айдай аппақ аруды

Аямаған қанішер.

Туды екен білмеймін,

Қай анадан қанішер.

Зарлағанда не табам,

Сабыр бергін, жасаған.

Кімге ғана ұстатар,

Қысқа ғұмыр қашаған.

Жауға қимас арысты,

Тілегіңнен айналдым.

Қыз да болсан намысты

Жүрегіннен айналдым.

Бұл заманның, қарағым,

Алды кең де, арты тар.

Батыр боп өткен ботасын,

Мен емеспін зар тұтар.

Заманың сені бір сатқан,

Адамын сені бір сатқан.

Заманына қақайып,

Қарсы тұрған, боташым,

Алтын сақа асықтай,

Алшы түскен, қарағым.

Дәл өзіңдей қыз тапқан

Менде де арман бар ма екен.

6 оқушы :  Біз осылай тәуелсіздікті осылай қарсы алған едік…

1-жүргізуші:  Кездесуге келіп отырған студенттерімізге де берер сұрақтарымыз бар.

2-жүргізуші:   Олай болса , ат салысайық.

Викториналық сұрақтар:

1.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай   еңбегінде: «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетеді. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» — деп бағалады  (  «Ғасырлар тоғысында» )

2.Желтоқсан көтерілісін   зерттеуге ат салысқан, Қайрат Рысқұлбеков туралы жазған журналист кім? 1994 жылы «Қайсар рухты қазақ» кітабының авторы кім?(Қайммұнар Табей)

  1. «Желтоқсан-1986» ісі бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы құрған арнай комиссияның төрағасы кім? (Мұхтар Шаханов)

4.Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы қай жылы берілді? (1996 жылы) 5. 17 желтоқсан – қандай күн болып жарияланды? (Демократиялық жаңару күні) .

  1. Қай жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі кезінде жазықсыз жазаланғандарды түгелдей ақтады.» (1991 жылы) .

 1-жүргізуші: Иә, жастарымыздың қайтпаста ерлігін қанша жырға қоссақ та, оның үні жаңғыра береді.

2-жүргізуші: Олай болса, жастарымызға тағзым етіп, «Желтоқсан желі»  әні

  1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы саяси бағасын алғаннан кейін шындықтың беті ашылып, тас бұғауға қарсы шыққан қазақ жастарымыздың рухы мәңгі есте қалады емес пе?

  2-жүргізуші: Иә, Желтоқсанның ызғарлы суығына қарамастан қыздарымыз бен жігіттеріміз батылдық танытып, қызыл империяның шоқпарына тойтарыс беріп, аппақ қар беті қанға боялды емес пе? Бұл оқиғаларды жүректен сызу, намысы бар қазаққа мүмкін емес!

1-жүргізуші: Қайрат, Ербол, Ләззат  сияқты, қайсар рухты жастарымыз арамызда жоқ болсада, сол кезеңді бейнелейтін жалынды жырлары қалды. Сол өлең жолдары жастарымыздың жүрегін тебірентері қақ.

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің ғұмыры ұзақ,  мәртебесі биік болсын!

     2-жүргізуші: Ортамызда желтоқсан көтерілісін өз көздерімен көріп ғұмыры сан қыйлы болған талай ауыр жүкті басынан өткізген солақай саясаттың дәмін татқан желтоқсан ардагерлеріміз отыр.

1-жүргізуші: Олай болса желтоқсан ардагерлерімізді ортаға шақырып ой толғаныстарымен бөлісейік.

2-жүргізуші:Ортаға  Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан  қоғам қайраткерлері мен   желтоқсан ардагерлеріне сөз беріледі.

1-жүргізуші: Желтоқсан ардагерлеріміздің ғұмыры ұзақ болып,жастарымызға олардың қайсарлығы мен отаншылдық рухын дарытсын!

2-жүргізуші: Желтоқсан қаhармандары-ел жүрегінде мәңгі сақталар!

     Бірігіп: Еліміз баянды болсын!Желтоқсан қанымен келген тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын ағайын! «Өз елім»әні шырқалады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Роза Спанова. Біз Білетін Желтоқсан.А.,2000ж

2.Аманғазы Кәріпжанәулеті. Желтоқсан сүргіні. А.,2011ж

3.Коммунар Табей. Мұзда жанған алау. А.,1993ж

  1. Алтынай Қауметқызы Асанова. Ақжазықтың ақмаңдай аруы. А., 2013ж

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *