Балабақша-тәрбиенің алтын бесігі
Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – депқазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгібалаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызызор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгіалуға тырысады. Бала бойына адамгершілікқасиеттерді ойын, салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіруата – ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.
Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялынақанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердіңқалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқандыкөптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентайбүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділіксезімдерімен танысты.
Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан – ұрпаққажалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздыңбірі – бесік жыры, мақал – мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік жырын» тыңдай отырып, ананыңбесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілініңәуенінен тұңғыш рет нәр алады. Мақал – мәтелдерарқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздіңқайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген мақал – мәтел арқылыбала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлықсезімдерін туғызамыз.
Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуғаболады.
Өз – өзіне қызмет ету;
– Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегіменкиініп, жуынып, сүртінеді, бір – біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулу. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымдақарым – қатынастарын қалыптастыру. Осылайшамейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтыңпайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалайболса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
– Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтардыжинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауғакөмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндеріміздіқайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
– Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету. Бірдесеруенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырдым, балалар 2 – 3 жапырақ жинаған соң «жинағымкелмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен жұмысжоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген жапырақтардан бастарына гүлшоқжасадым, оны көрген кішкентайлар қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қанажапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге, еңбексүйгіштік қасиетініңалғашқы игеріміне баулыдым.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдарбалалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандайсәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді естуарқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көзжеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттердісіңіру – ата – ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілікқасиеттерін сіңіріп, өз – өзіне деген сенімділіктітәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөлатқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштіккетәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастырупроцесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турдеқамтылады. Тәрбиешінің тәртібі, іс – қимылы, балалармен, үлкендермен қарым – қатынасыкішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың жекебасының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақшамен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайынбүлдіршіндерімздің адамгершілік құнды қасиеттеріарта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндеріміздежақсы қылықтар, ұжымдық қарым – қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендереңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттықсезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттердіата – анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерденнасихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезінуқатынасында алады. Адамгершіліктің құндықасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады,
Адамгершілік тәрбие отбасынан бастау алатынболғандықтан инабаттылық, мейірімділік, анасүтімен, ана тілімен келетіні анық. Сол себептіхалық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпенкетеді» бекер айтпаған. Дана, ойшыл Абай атамызбұл туралы былай деген: «балаға мінез үш алуанадамнан жұғады; бірінші – ата – анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан».
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар көзі – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет – ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойынасіңіреді.
Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттергебаулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» дегенұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойынакішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқтықасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесініңжемісіне бөленетініміз анық!
Тәрбиенің алтын бесігі – балабақшамыздағысәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718