Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі.
Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі.
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – депқазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгібалаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызызор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгіалуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелітүрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдықошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , солбалабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты.
Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты ,болашақ иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтардыбойына дарыту – ол оңай шаруа емес.
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.
«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халықданалығында көрсеткендей тағамның беріктігінен«Бөбек» балабақшасында тәрбиеші болып биылғыжылдан бастадым. Бұл балабақша алдында көпжылдан бері жарты күндік жұмыс атқарса, осы желтоқсан айынан бастап толық қүн жұмыс істеугеауысты.
«Нұрлы» балабақшасында жиырма бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы үш жастан бес жасқа дейінгі балалар. Балабақшада балаларменәртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттарыбойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әрмерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өзөнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішіндеәнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауғаболады.
Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір – біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымдақарым – қатынастарын қалыптастыру. Осылайшамейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтыңпайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалайболса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтардыжинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажетермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауғакөмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндеріміздіқайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдарбалалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандайсәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді естуарқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көзжеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.