Ұстаздық қызмет-ұлы қызмет!

 

Ұстаздық қызмет-ұлы қызмет!

Мұғалім ісі қарапайым болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі. Ұстаз-ұлағатты есім.Ұлағатты есім жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы”Ұстаздық ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз”,- деген. Бала бойына ата- анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.
Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп тәрбиелеуде ұстаздың орны бөлек.
Әркімнің өз дара жолы бар екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу. Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу. Ғасырлық тарихы бар жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп демалысқа шыққалы отырған әріптестеріміздің есімін ерекше атауды жөн көрдім. Жаулыбаева Мадениет Сабихқызы, Қапарова Зульфия Бөрібайқызы, Шалабаева Алтын Әзбергенкызы,, Сұлтанғалиева Күнсұлу Саменқызы, Набиева Гүлбаршын Емматқызы, Сұлтанова Орынша Темірханқызы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *