БАЛАНЫҢ ЖАС АРАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАРЫ (кризис)


1. Жалпы дағдарыс кезеңі не үшін қажет?

✅Бұл баланың физиологиялық дамуына әсер етеді
✅ Бала бұл кезеңде қарқынды дамиды
✅ Дағдарысты басқаша – тәуелсіз болу ( emancipation ) деп те атайды
✅ Бұл кезеңде бала жаңа мінез-құлық түрлерін игере бастайды

2. Бала 17-21 жасқа дейін 5 дағдарыс кезеңінен өтеді.

📌1-1,5 жас – шекара дағдарысы. Физиологиялық шекарасын түсіну. Яғни бала өз бетімен жүре бастайды, тамақтануды үйренеді. Сол арқылы бала анасынан физикалық тұрғыдан бөлек екенін біле бастайды. Анасынан алыстап кетсе мазасыздану болады. Осы жаста анасының етегіне жиі жабысып жүретіні де содан. Баладан эмоциялды алыстап н/се қатты жақын тартуға да болмайды. Ортаны ұстау қажет.

📌 3 жас – негативизм дағдарысы. Бұл кезеңде психологиялық шекарасын түсіне бастайды. Бала анасынан бөлек ойы бары екенін біледі. Жоқ деп көп айтуы мүмкін. Болмайды дегенге қарсы шығып, жиі истерика шығарады. Осы жаста балаға өзінің, өзгенің шекарасын сақтауды түсіндіру маңызды.

📌 7 жас – әлеуметтену дағдарысы. Яғни балаға бұл жаста өзгенің көзқарасы, бағалауы өте маңызды. Мектеп жасы болғандықтан өз қатарларын көріп, өзін жиі салыстыру мүмкін. Ұялу сезімі пайда болады. Сол себепті өзін бағалауы осы жаста жиі түседі. Ата- анасы жиі ұрысып, өзгелердің көзінше баласына сын айтпағаны абзал.

📌13 жас – жеткіншек дағдарысы. Бұл жаста есею процесі физикалық жағынан жылдам дамығандықтан психикаға жиі әсер етеді. Баланың сабаққа ынтасы, есте сақтауы төмендейді. Өзін жиі жайсыз сезіну, шаршаңқы күйді кешуі мүмкін. Ата-анасынан алыстап, олармен келіспеушіліктер орын алады. “Страх уродства” бұл кезеңде ең қиыны. Себебі бала өз денесін қабылдамай, одан ұялу сезімдері пайда болады. Бұл жерде маңызды ашық сөйлесу. Баланың нағыз қажеттіліктерін барынша түсіну. Құнсыздандырмау

📌17-21 жас – қалыптасу кризисі.
Бұл жастың дағдарысы өзін тану мен өзін іздеу кезеңдері. Мамандығын табу т.с.с.

Ақпарат сіздерге пайдалы болса, өзгелерге бөлісіп кетіңіз

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *