Балабақша – барлық тәр¬бие мен білімнің ең алғаш¬қы баспалдағы

Ержан Айжан Ержанкызы

Алматы қаласы білім басқармасы Әуезов ауданына қарасты ЖШС «Lion garden» балабақшасының меңгерушісі.

 

 

Жаңа заман баласы –­ ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы. Жаңа заман баласын қалып­тастырып, дамы­ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық­­тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ­дай жасау қажет. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені, осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­ Балабақшада балаларға білім беру, тәрбиелеуде барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан, осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады. Балабақшаның барлық қызметкерлері үшін бастысы – балалар. Олар әр түрлі балалар, қызықты күлкілі, ақылды және олардың қасында балаларды білетін, әрқайсысының жүрегінің кілтін таба алатын мақсатты, жігерлі тәрбиешілер бар. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балдырғандырымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *