“Қызыл телпек”
ҰІӘ тақырыбы: «Қызыл телпек» ертегісі
Автор: Махатова Гүлжан Бәйтемірқызы
балабақша тәрбиешісі, жоғары білімді, «педагог-сарапшы»
Мекеме атауы: «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
e-mail поштасы: makhatova.gulzhan@mail.ru
Күні | 09.12.2022 ж | |
Тәрбиеші | Махатова Гүлжан Бәйтемірқызы | |
Тобы | Ортаңғы «Ботақан» | |
Бағыты | Коммуникативтік дағдыларды дамыту | |
Ұйымдастырылған іс-әрекет | Сөйлеуді дамыту ( кіріктірілген: көркем әдебиет, математика негіздері, сурет салу, жапсыру, музыка) | |
Тақырыбы | «Қызыл телпек» | |
ҰІӘ міндеті | · Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.
· Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, ертегіні тыңдай білуге, суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту. · Балалар геометриялық фигуралар: үшбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді атай отырып, киімнің бөлігін тауып сәйкестендіре білу. · Сурет салу кезінде фломастерді, ермексазды дұрыс пайдаланып, қызыл, сары, жасыл негізгі түстерді қолдану. · Жапсыруда табиғи материалдарды қолдану, ересектер дайындаған элементтерді қағаз бетіне орналастыру. · Музыкамен жүруді ырғақты орындау, бірінің артынан бірі жүруге үйрету. |
|
Ресурстары | Қуыршақ театры, (алжапқыш, қуыршақтар), «Сиқырлы кітап», «Бөлігін тап», «Қызыл телпектің қалпағы», «Түсін тап», «Қандай кейіпкер?», «Паравоз» ойындары. | |
Күтілетін нәтиже | Кітаптағы суреттерді қарастыра отырып, сұрақтарға жауап береді, оларды жай сөйлемдермен сипаттайды.
Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды, түсінеді. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлілігін оларға еліктеп, жеткізеді. Ұстау және көру тәсілдері арқылы геометриялық фигураларды зерттейді, атайды. Жаңаны тануға ұмтылады, заттарды қызығып, қуанып зерттейді. Негізгі түстерді дұрыс атайды, сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады. Ересектер даярлаған желімді қағазды орналастырады, желімдейді. |
|
Өткізілу барысы |
||
Балалар, бүгін сендерді сиқырлы бөлмеге апарамын. Сендер сиқырлы бөлмеге барғыларың келеді ме?
Онда канекей сиқырлы бөлмеге пойызға мініп барайық, жарай ма?
«Пойыз» ойыны. Шарты: балалар бірінің артынан бірі қатарласа тұрып, «Паравоз» әнін бірге айтып, сиқырлы бөлмеге барады.
«Қызыл телпек қыз» ертегісі. Балалар ертегіні (қуыршақ театры, алжапқыш арқылы) тамашалайды, тыңдайды.
«Сиқырлы кітап» ойыны. Шарты: Балалар дайын жасалған қағаз фонар арқылы қітаптан ертегіні тамашалап қарайды, ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.
«Бөлігін тап» ойыны. Шарты: балалар қызыл телпектің киімінің бөлігін пішіндер арқылы тауып, пішіндерді атай отырып сәйкестендіреді.
«Түсін тап» ойыны. Шарты: қызыл телпектің киімінің жыртылған жерлерінің түсін тауып, ермексазбен, фломастермен жамап бояйды.
«Қызыл телпектің қалпағы» ойыны. Шарты: қызыл телпектің қалпағын желімді қағазбен қысқышты пайдалану арқылы жапсырады.
«Қандай кейіпкер?» ойыны. Шарты: кленкаға салынған ертегі кейіпкерлерін жарықтың көмегімен ертегі кейіпкерлерін тауып зерттейді және атайды.
«Қошатыр» ойыны. Шарты: қолшатырда жапсырылған ертегі кейіпкерлерін атап, сұрақтарға жауап береді.
«Қандай кейіпкер жасылыды?» ойыны. Шарты: кейіпкерлерді атап, жасырылған кейіпкерді табады.
Қызыл телпектің суретін балаларға үйде бояп келуге боямақтар береді.
Соңында балалар еркін ойындар ойнайды. |
|
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718