Туған жер

Туған жерім мекенім,

Құшақ жая қарсы алған.

Елжіреймін,сағынам(ын),

Несіне мен жасырам(ын).

Балалық шақтың дәурені,

Бастау алды осында.

Кіндік қаным тамған жер,

“Жетібай”атты ауылда.

Кеткеннен соң жырақтап,

Өзге жерге тап болдым.

Адасқан бөтен қозыша,

Жатсындым да мен қалдым.

Туған жерін кім сүймес?

Болмаса мәңгүрт әрине.

Балалық шақтың мекені,

Ыстық болар әркімге.

Сүйемін оның жапырағын,

Жатса да жерде шашылып.

Себебі бұл “туған жер”

Деп аталған ежелден.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *