Ц дыбысы 39-42 жаттығулар 28-сабақ

Шаймерденова Молдир

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

 

Бөлім: Жақсыдан үйрен-жирен жирен
Педагогтің аты-жөні: Шаймерденова Мөлдір
Күні: 20.10.2023
Сынып: 3 «Ә»         Қатысқандар Қатыспағандар
Сабақтың тақырыбы Ц дыбысы  39-42 жаттығулар   28-сабақ
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Сабақтың мақсаты Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады,  э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазады
Құндылықтар Ар-ұят,адалдықты жоғары бағалайды
Сабақтың барысы
Сабақтың  кезеңдері Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

5мин

Ұйымдастыру кезеңі

Көш басшы:

Біз күштіміз бе?

Біз мықтымыз ба?

Біз бақыттымыз ба?

(Оң қолымызды көтереміз)

Үй тапсырмасын тексеру

Есім-акроним.

Əр оқушы парталасы оған есімінің бастапқы əрпінен басталатын лайықты сын есімдерді жазады.

Үлгі:

С – сабырлы А – ақылды М – мейірімді

А – адал   Т– тəрбиелі

Сабақ мақсатымен танысады

Хормен:

Күштіміз

Мықтымыз

Бақыттымыз

Алға,алға,алға

 

Өткен білімді зерделейді.

 

 

 

Сабақ мақсатымен танысады

ҚБ:

Жарайсыңдар!

 

Керемет!

 

Жақсы!

 

Тамаша!

Слайд
Сабақтың ортасы

28мин

Жаңа сабақ

Өз пікірін білдіру.

39-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мəтіннің бөліктерін анықтайды. Əр бөлікте не туралы айтылғанын əңгімелейді.

Оқушылардың оқулықта берілген «Клоундар неге күлкілі болады деп ойлайсың?»,

«Циркке барғанды ұнатасың ба? Неліктен?» сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдіруіне басшылық жасалады

ТЖ.«Акробаттар», «Шабандоздар», «Клоундар» тақырыбы бойынша олардың цирктегі атқаратын қызметтерін топта талқылайды

ЖЖ.Мəтіннен ц дыбысы бар сөздерді табады. Оның айтылуына назар аудартылады. Ц жəне с дыбыстарын өзара салыстырып, ой қорыту жасайды

Ц – қатаң дауыссыз дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде кездеседі: цех, цемент

40-жаттығу. Оқушыларға https://www.youtube.com

сайтынан африкалық пілдер туралы түсірілген цирктен үзінді көрсетіледі. Оқушылар алғашқы əсерлерімен бөліседі.

Мəтінді мұқият тыңдайды.

 

Мəтіннің бөліктерін анықтайды.

 

 

 

Əр бөлікте не туралы айтылғанын əңгімелейді

 

Мəтіннен ц дыбысы бар сөздерді табады. Оның айтылуына назар аудартылады

 

Оқушылар алғашқы əсерлерімен бөліседі.

Дескриптор:

Мəтіннің бөліктерін анықтайды 1б

 

Əр бөлікте не туралы айтылғанын əңгімелейді.1б

 

Сұраққа жауап береді 1б

 

Мəтіннен ц дыбысы бар сөздерді табады 1б

Ц жəне с дыбыстарын өзара салыстырып, ой қорыту жасайды 1б

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com

Сергіту сәті

2мин

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық!

Орындарынан тұрып, сәйкесінше қимылмен көрсетеді

 

 

Тамаша! слайд
  ФС. Жеке тапсырма ұсыну.

(Оқулық 61 бет, 41 – жаттығу)

-Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Анасы балаларын …иркке апарды. Үй салуға …емент өте қажет. Биыл әр гектардан ондаған …ентнер күріш жиналды. Ол мото…икл жүргізуді үйренді

Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды

2 – тапсырма. (Оқулық 62 бет, 42 – жаттығу)

Сөзжұмбақты сызып, оны шеш.

Ц дыбысы қатысқан сөздердің жазылуына назар аудар.

1.Ата Заң.

2.Өлшем бірлігі.

3. Сахнадағы ән, би кеші.

4.Санның таңбасы.

5.Көлік түрі.

6.Оқу құралы

7.Ойын көрсетілетін орын

 

Сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады

 

 

Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды

 

 

Ц дыбысы бар сөздерді сауатты жазады

 

 

Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды

Дескриптор:

Көп нүктенің орнына әріптерді дұрыс қойып жазады;1б

Каллиграфиялық нормалар ды сақтайды1б

 

Сөзжұмбақты дұрыс шешеді1б;

Ц дыбысы бар сөздерді қатесіз жазады1б

Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды 1б

оқулық
Сабақтың соңы

10мин

Бекіту

Суретке қара. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрап жаз.

Тірек сөздер: Демалыс күні, Айбар мен Салтанат, өнер көрсетті, аю, ата-ана, цирк, керемет демалыс, жақсы көңіл күй, мотоцикл.

Орында:

•Құраған әңгіме мәтіннің қай  түріне жатады?

•Ц дыбысы бар сөздердің астын сызып, жазылуына назар аудар                                                               Үй тапсырмасы:

40-жаттығу 61бет

 

Кері байланыс: «Бес саусақ»  әдісі бойынша өтеді.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

 

Тірек сөздерді пайдаланып сурет бойынша әңгіме құрайды

 

Мәтіннің түрін анықтайды

 

 

Үй тапсырмасын күнделікке жазады

 

 

«Бес саусақ »  әдісі бойынша кері байланыс жасайды

 

Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрап жазады;1б

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;1б

Ц дыбысы бар сөздерді тауып астын сызады 1б

 

 

 

 

1-10ұпай

Өз-өздерін бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *